Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық
Қабат, қабат қапталған,
Ақыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
-Олай болса кітабымызды ашайық.Бұл қай кітап?
-Қазақ тілі туралы тақпақ білетін оқушлар барма?
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Өткенді қайталау.
1.Сөз таптары деген не?
2.Зат есім деген не?
3.Негізгі және туынды зат есім деген не?
4.Зат есім қалай тәуелденеді?
5.Етістік деген не?
6.Дара және күрделі етістік деген не?
7.Болымды және болымсыз етістік деген не?
-Балалар біз сөз таптарының нешеуін өттік? (зат есім мен етістік)
-Олай болса бүгін қай сөз табын өтеміз? Сын есімді.
-Сын есім туралы өткен сыныпта өтіппе едік?
-Кімнің есінде сын есім деген не?
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Балалар сын есім нені білдіреді?
Дәмін Түрін Көлемін Сапасын
Олай болса сын есім заттың түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылды.
-Енді соған байланысты мысалдар келтіріп көрейік.
Заттың атауы
түсі
дәмі
көлемі
алма
қызыл
тәтті
домалақ
...
...
ІҮ.Бекіту.
1-жаттығу. (ауызша)
Сырты жасыл,қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті. (Қарбыз)
- Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті?Сұрақ қойып жіберейік
Сырты қандай?
Іші қандай?
-Бұл қай сөз табы? (Сын есім)
Дәптермен жұмыс:Қане дәптерімізді ашып көлбеу қояйық.Бүгінгі күнді жазамыз.
Көркем жазу минуты.
Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.
Жазуымыз әдемі болу үшін көркем сөздер жазу.(Үлкен). Бұл қандай сөз табы?
2-жаттығу. Суретпен жұмыс. Сұрақтарға сын есім жалғап жауап жаз.
Күн қандай? (ашық,сары)
Аспан қандай? (ашық, көк,көгілдір)
Жапырақтар қандай? (жасыл,жабыспақ)
Балалар қандай? (көңілді)
4- жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып сын есімнің астын сыз.
Барқыт тау, жасыл дала, зеңгір аспан,
Күміс көл,ерке өзен алып қашқан.
Қмартып келем саған бала жастан,
Дариға,жер бар ма екен сенен асқан!
Кітаппен жұмыс:
5-жаттығу. Мәтінді оқып дұрыстап ретімен көшіріп жазу.
Оқушылар демалыс үйіне келді.Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көлі бар.
Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.
Ү.Сергіту сәті:
6-жаттығу.Жасырыңған сөзді тап.Сол сөзге сын есім құра.
А
П
И
Т
О
Л
Ш
Д
Е
А
Б
О
Қ
А
Р
А
Қ
А
Т
Т
Ү
Н
П
Ұ
Ю
Б
Ь
Л
Д
Ж
Л
А
П
Р
Л
А
Ь
Ю
Ғ
І
Д
В
Е
О
Ф
П
Б
Ж
Г
Ү
І
С
Л
Л
Ғ
С
Ы
З
Н
О
Р
М
О
Д
І
Ч
Л
Н
Ғ
Ә
Г
И
П
Ж
Ы
В
О
Х
А
У
Е
Т
Т
А
Ң
Қ
У
Р
А
Й
Н
Е
Р
Э
Х
Щ
П
Ш
П
К
Тапсырма: Семантикалық карта.бес жолды өлең құрау.
І-қатар
ІІ-қатар
ІІІ-қатар
Зат есім
Алма
Кітап
Доп
Сын есім
Тәтті,домалақ
Қызықты,
Жасыл домалақ
Сан есім
Бір,екеу
Төрт алты
Біреу
Етістік
Домалады
Ашылды.
Секірді
Үш сөзден тұратын сөйлем
Мен алма жедім.
Айжан кітап оқыды.
Серік доп ойна.
ҮІ. Рефлексия. Балалар сендер сабақты қаншалықты меңгергендеріңді тест тапсырмалары арқылы бағалайын.
Тест
1. Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.
Әсем сабақты жақсы оқиды.
Әсем сабақты жақсы оқиды жоқ
2. Әдепті бала .......(арлы) бала,
Әдепсіз бала .......(сорлы) бала.
3.Сөз таптары нешеге бөлінеді?
4.Сын есім нені білдіреді?
5.Артығын тап.
Биік,ащы,үлкен,санамақ,ұзын.
-Сендерге сабақ ұнадыма? «Алма ағашы» әдісі қолданылады.
Оқушыларға екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – маған сабақ өте ұнады. Қызыл түсті алма – маған сабақ ұнамады деген көңіл – күйді білдіреді.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылар өз бағаларын шығарады.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы: «Менің досым» тақырыбына эссе жазу