Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по казахскому»
Сынып:4
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.
дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.
тәрбиелігі: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі:СТО,АКТ стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма.Көрнекілігі:интерактивті тақта, кестелер, сызбалар, суреттер,т.б.
Пәнаралық байланыс:математика, дүниетану, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Сыныпты топқа бөлу.Әр оқушы өзіне ұнаған гүлді (қызыл,жасыл,сары, көк) таңдайды.Сынып 4 топқа бөлінеді.Топ басшылары сайланып, бағалау парағы беріледі.
«Ыстық орындық» стратегиясы
Мақсаты: оқушылардың ойын жинақтауға бағыттау, өткен тақырыптарды еске түсіру;
Сыныптың білім деңгейін анықтау.Топтар бір-бірлеріне өткен сабақтар бойынша сұрақтар қояды.
Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар анықтау үшін алма жемісі көрсетіледі.Оқушылар алманың сапалық қасиеттерін айтады, сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың мақсаты және тақырыбын хабарлау.
Көркем жазу минуты.
Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.
Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс жердің көркі.
II. Мағынаны тану
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдың мазмұнын түсіндір.
Топпен жұмыс:«Артығын тап» ойыны.
Әр топқа сөздер жазылған парақтар беріледі.Сөздердің ішінен сын есімге жатпайтын сөздерді тауып, қай сөз табына жататындығын айтады.
«Сипатта сырын аш» ойыны
Әр топқа бір-бір зат беріледі сол затты жан- жақты сипаттап жазады.
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс
Әр топқа парақта жазылған өлең жолдарындағы түсіп қалған қосымшаны тауып, ретке келтіріп сын есімдерді атау тапсырмасы беріледі.
Ақ киімді дене..., ақ сақал...,
Соқ... мылқау, танымас ті.. жанды.
Үсті - басы ... қырау, түсі суық
Бас... жері сықыр... келіп қал....
«Кім жылдам?» ойыны
Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу
Оқушыларға екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
Үй тапсырмасы: «Менің досым» тақырыбына эссе жазу
4-5 жаттығу. 128-129 бет.
Сынып:4
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары:
· балалардың өнімділікке , бірлесе жұмыс істеуге және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығару дағдысын тиянақтау ;
есептерді, теңдеулерді шешу кезінде, санды өрнектердің мәнін табуда есептеу дағдыларын жетілдіру;
талқылау, талдау, қорытынды жасау біліктілігін дамыту.
Сабақтыңтүрі: қайталау сабағы
Көрнекілігі: слайд, кеспелер
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастыру
І-топ: Уақыт (слайд) ІІ-топ: Жұмыс ІІІ-топ: Өнімділік
ІІ. Үйтапсырмасынтексеру
№5, №7(2-бағаны) 113б
ІІІ. Өткендіпысықтау:
1.Амалдардың белгісіз компоненттерін тап (ауызша есепте)
№5(а) 1станок күніне 15 бөлшек, ал екінші станок одан 5 бөлшек артық жасайды. Екеуі бір уақытта жұмыс істесе, онда 7 жұмыс күнінде неше бөлшек жасап шығарады? №5(ә) Екі станокпен 7 жұмыс күнінде 245 бөлшек жасап шығарады. Егер бірінші станок бір күнде 15 бөлшек жасайтын болса, екінші станок қандай өнімділікпен жұмыс істейді? №5(б) Шаруа қожалығында 10 сиыр және 5 жылқы бар. Бір сиыр айына 300 кг шөп, ал жылқы одан 3 есе кем шөп жейді. үш ай қыста жылқыларға қанша шөп қажет болады? Жылқыларға қарағанда сиырларға неше килограмм шөп артық жинау керек?
№5(а)
Шешуі:15+5 = 20 15+20 =35 35 * 7 = 245 Жауабы : Екеуі жеті жұмыс күнінде 245 бөлшнк жасап шығарады.
№5(ә)
Шешуі: 15 * 7 = 105 245-105 =130 Жауабы: Екінші станок 130 бөлшек жасап шығарады. №5(б)
Шешуі:300:3= 100 5*100= 500
300*10 = 3 000 3 000 -500 = 1 500
Жауабы:Үш ай қыстажылқыларға 500 килограмм шөп қажет. Сиырларға 1 500 килограмм шөп артық жиналады.
Сергіту сәті
2.1 Өздік жұмыс:
а)А пунктінен екі велосипедші бір уақытта шықты. Біріншісі 18км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісі 21км/сағ жылдамдықпен қозғалды. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы нешеге тең болады? ә) Бір елді мекеннен бір уақытта екі автобус жолға шықты. №1 автобус 65км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал №2 автобус жылдам қозғала отырып, 2 сағаттан кейін оны 40 км-ге басып озды. №2 автобус қандай жылдамдықпен жүрді? б) А пунктінен бір уақытта 90км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина және 60км/сағ жылдамдықпен жүк машинасы жолға шықты. Жарты сағаттан кейін олардың арақашықтығы нешеге тең болады?
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
. Жоғарыдағы сөздерге байланысты мақал тауып‚ үйден жазып кел.
Сынып:4
Пәні:Музыка
Сабақтың тақырыбы: Орыстың Үлкен театры
Мақсаты: Балаларды Үлкен театрмен таныстыру,оның еліміз театр өнеріне әсері. а) тәрбиелігі: оқушыларға жалпы түсінік беру. б) білімділігі: оқушылардың білімдерін жетілдіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер ,плакаттар
Сабақтың барысы:
Үлкен театр, Ресейдің Үлкен театры — дүние жүзіне танымал алдыңғы қатарлы опера және балет театры, Ресейдің ұлттық музыкалы театр мәдениетінің ең ірі ошағы.
Театрдың алғаш құрылуы 18 ғасырдағы Ресей ұлттық мәдениетінің гүлденуімен, кәсіби актерлер өнерімен және орыс опера музыкасының қалыптасуымен байланысты болды.
1953 ж. Үлкен театрдың әншісі Г.Ф. Большаков гастрольдік сапармен Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры сахнасында өнер көрсетті. Сондай-ақ 1958, 1966 ж. қазақ әншілері Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Үлкен театр труппасының құрамында Пуччинидің “Чио-Чио-Сан”, Чайковскийдің “Евгений Онегин”, “Иоланта” операларында басты партияларды орындады. Мәскеу қ-нда Қазақ әдебиеті мен өнерінің 2-онкүндігін өткізу алдында Үлкен театрдың дирижері Б.Э. Хайкин, реж. Г.П. Ансимов пен хормейстер А.Б. Хазанов Алматы қ-на келіп, өз тұсынан өнер шеберлеріне көп көмек берді. Соның нәтижесінде Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры опералар (мыс., А.Жұбанов пен Л.Хамиди, “Абай”, М.Төлебаев, “Біржан — Сара”) мен балеттерін (В.В. Великанов, “Қамбар — Назым”) Үлкен театрдың сахнасында қойып, мәскеулік көрермендердің зор құрметіне бөленді. 1969 жылдан қазақстандық өнер шебері Ф.Мансұров Үлкен театрда дирижерлік етті. 1978 ж. Алматы қаласына гастрольдік сапармен келген Үлкен театрдың шығарм. ұжымы ең таңдаулы опералары мен балеттерін көрсетсе, ал Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры Мәскеу қаласындағы Үлкен театрдың сахнасынан өз спектакльдерін (Жұбанов пен Хамиди, “Абай”; Төлебаев, “Біржан — Сара”; Е.Г. Брусиловский, “Дударай”, Ғ.А. Жұбанова, “Еңлік — Кебек”; А.Серкебаев, “Ақсақ құлан”) қойды. Үлкен театрдың өнер шеберлері И.К. Архипова, И.С. Козловский, А.П. Огнивцев, М.М. Плисецкая, Н.Д. Шпиллер, т.б. қазақ әріптестерінің сахналық өнер шеберлігіне жоғары баға берді. 1924 жылдан Үлкен театрдың екі сахнасы — негізгі және бөлімшесі бар. Үлкен театрдың ғимараты Мәскеу қ-ндағы аса сәулетті салынған архит. құрылыстар қатарынан орын алады. Театр үйі 2155 кісілік 5 ярусты көрермендер залынан тұрады. Залдың ұзындығы соңғы қатардың қабырғасынан оркестрге дейін 25 м, ені 26,3 м, биікт. 21 м болса, сахна порталы 20,5 17,8 м-ді құрайды, сахнаның алдыңғы жағынан түпкі қабырғасына дейін 23,5 м-ге жетеді. Үлкен театрда мерекелік салтанатты жиындар, мемл. және қоғамдық, т.б. мәдениет пен өнер күндеріне арналған әр алуан шаралар өкізіліп тұрады.