Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспар Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» Мерзiмі: 16.11.18ж 3 сабақ Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық. Мұғалiм: Сынып: 3 Сабақ мақсаты: оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсініктерін кеңейту. Міндеті: Білімділік : оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсініктерін кеңейту. Дамытушылық :оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету; Тәрбиелік : Оқушыларды отбасында қалайша татулық орнатуға сезініп,бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 2.Тыныштық сәтi. 3 мин. Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқанү Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады. 3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. «Мейірім» мәтінін оқу 48 бет - Айнұрдың бойында қандай қасиеттер бар? - Айнұрдың ата мен әжесінің қалғысы келудің сыры неде? - Жақын адамдарыңның арасында қандай сезім болады? 4.Дәйексөз. «Ана алдына –құрмет, ата алдында- қызмет» Сұрақ: - Оқушылар осы дәйексөзден өз ойымызды айтайықшы? - сенің ата –ана алдындағы қандай парыздарың бар? Қорытынды мұғалім сөзі 5.Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы). 3мин. «Отбасы ошағы» Ертеде бір аулда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады. Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық бола түсті,бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады. Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды.Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрбір болмады. Тек, үшінші тапқыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты.Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толлды.Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иелерімен бірге баланың дүниеге келуін, осы отбасында тек бақыт пен шаттықа толы күндердің көп болуын қамтамасыз етті. Сондықтан да әр отбасы болу үшін оларға тек жылулық пен таза пәк сүйіспеншілік қажет етеді. Оқиғаның мағынасы неде? Оқушылардың жауаптары тыңдалады. 6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин. 1- тапсырма. Ата –ана алдындағы баланың парызын жалғастырып жазыңдар. 2-тапсырма. «Отбасы» тақырыбына 5 жолды синквейн құрастыру. 7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру. 8.Топпен ән айту. 3 мин. А.Қоразбаевтың «Жан ана» әнін орындау. Өз балаңнан артық бала бар ма ана Мәз боларсың жарай қалсам шаруаңа Теңізіңді кешіп өтіп жетпей ме Жан ботасын сағындаға ару ана Аруанасың мен ботаңмын жан ана Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма Сенсіз менің айым туып алдымна Атым шауып бас бәйгені ала ма Асы ана сенен қуат аламын Алдым сенен атар таңын арайын Сен ғана жанарыңда тұратын Мейірімді қайдан ғана табайын. 9.Үй тапсырмасы.. 2 мин «Үйді сағындым » әңгімесін оқып келу. 10. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Балалар бүгінгі сабақты іштей қорытындылаймыз. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! |