Просмотр содержимого документа
«?сімдікті? тіршілігі. 2 класс »
Пән мұғалімі:Б.Б.Булебаева
Пәні:дүниетану
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер тіршілігі» бөлімін қорытындылау Сабақтың мақсаты:Өсімдік тіршілігі туралы алған білімдерін бекіту Білімділік мақсаты: Өсімдіктің тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдік мүшелері, оның тұқымнан өсетіні, атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсінік беру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: өсімдіктің адам және жануар өміріндегі маңызының зор екенін меңгерте отырып оны қорғауға, ажырата білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер, гербарийлер, интерактивті тақтада слайдтар, тірек - сызбалар, үлестірмелер/тест, топ аты жазылған кеспелер. Сабақтың түрі: қорытындылау, пысықтау сабағы. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс Технологиясы: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау. Пәнаралық байланысы: Бейнелеу, әдебиеттік оқу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Күндей жадырап, Айдай арайланып, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастаймыз! Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар біз дүниетану пәнінен өсімдіктер туралы көп мағлұматтар алдық. Енді бүгінгі сабағымызда өсімдіктердің тіршілігін пысықтап, қорытындылау үшін өсімдік мүшелерін айтып сыныпты 4 топқа бөліп сайыс түрінде өткізіп, бар білетінімізді ортаға салайық. 1 - топ «Тамыр» / шашақ, кіндік, жанама, негізгі/ 2 - топ «Сабақ» / тік, төмен қарай салбырап өседі, оралып, шырмалып/ 3 - топ - « Жапырақ»/тыныс алады, буландырады, пішіні әр түрлі/ 4 - топ «Жеміс» / құрғақ, шырынды/------- Әр топқа тапсырма: 1 - тапсырма. Өз топ аттарының маңыздылығы туралы айтып қорғау.
2 - тапсырма.
1 - топ. Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде. 2 - топ. Өсімдіктің өсуіне нелер қажет? 3 - топ. Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады? 4 - топ. Өсімдік мүшелерінің қызметі.-------/ слайд/
3 - тапсырма. Өсімдіктерге байланысты мақал – мәтелдерді аяқтау. * Бір тал кессең, Он тал ек. * Ағаш көркі - жапырақ, Адам көркі - шүберек. * Білім басқа бітеді, Қына тасқа бітеді. * Алтын, күміс тас екен, Арпа бидай ас екен.
4 - тапсырма. Өсімдіктің маңызы қандай?/ барлық топқа/ Өсімдік - таза ауа, баспана, қорек, демалыс орны, тағам, жиҺаз, дәрі – дәрмек.
Сергіту (қимылмен) Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Қызыл - жасыл гүлдері Көздің жауын алады Үзіп - жұлмай бекерге Аялайық біз оны!
- Дұрыс айтасыңдар балалар, өсімдік туралы жақсы меңгеріпсіңдер. Бүгінгі жаңа сабағымызда өсімдікті қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін оқитын боламыз
1. Мұғалімнің түсіндірмесі /слайд/ Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%- зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту. /слайд/
5 - тапсырма. Тест 1. Өсімдіктердің жер асты мүшесін тап. а) сабақ ә) жапырақ б) гүл в) тамыр 2. Өсімдіктің тыныс алу мүшесін тап а) тамыр ә) сабақ б) жапырақ в) гүл 3. Өсімдік бөліктерін ретімен тап а) жапырақ ә) гүл б( сабақ в) тамыр г) жеміс 4. Тірі табиғатқа не жатады? а) жаңбыр, қар ә) торғай б) ай 5. Табиғат заттарын ата а) шкаф, телефон ә) саз, топырақ б) аяқ - киім
Үйге тапсырма:өсімдіктердің тіршілігі түсініп оқу (сурет салу)