Просмотр содержимого документа
«План урока на тему "?сімдікке ауа, жылу ж?не жары? керек " (2-класс) »
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек.
Сабақтың мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсініктерін кеңейту. 1.Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір – бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. 2.Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру өздіктерімен жұмыс істеп қорытынды шығаруға мақыштандыру. 3.Өсімдіктерді күтіп, баптауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, өсімдіктердің суреттері, тест.
Дүниетану сабағында сендерге қандай білім беріледі?
Дүниетану сабағында қоршаған орта, табиғат туралы білеміз.
Өте жақсы.
Бүгін сендердің білімдеріңді байқау үшін сабаққа қонақтар қатысып отыр. Өздеріңді еркін ұстап, саспай өз ойларыңды нақты жеткізулеріңді сұраймын. Сабағымыз сәтті болсын!
Психолгиялық дайындық.
Біздер тату баламыз
Күннен жылу аламыз
Тауға қарап есейіп,
Сауық сайран саламыз!
Үй тапсырмасын сұрау.
Құнарлы топырақ+құнарсыз топырақ.
1.Өсімдіктің өсуі үшін не керек?
топырақ
2.Топырақтың құрамын ата.
Ауа,су,саз, құм, шірінді
3.Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?
Құнарлы топырақта жақсы өседі.
4.Құнарлы топырақ деген не?
Құрамында шіріндісі мол топырақ.
5.Шірінді қайдан пайда болады?
Түскен жапырақты жинап топыраққа көміп шірітеді.
6.Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ қалай аталады?
құнарсыз
7.Құнарлы топырақтың құнарлылығын арттыру үшін істейді?
Тыңайтады.
8.Тыңайту деген не?
Тыңайту дегеніміз-өсімдікке керекті қоректік заттарды топыраққа қосымша араластыру.
9.Тыңайтқыштарға не жатады?
Құстардың саңғырығы, көң, т.б
Үй тапсырмасын қорытындылай келе:
Топырақ
Құнарлы———шіріндісі көп
Тыңайту керек———Құнарсыз
Яғни, өсімдіктің ең маңызды тіршілік көзі-топырақ болып табылады. Өсімдік қоректік заттарды топырақтан алады сонымен топырақ- тіршілік белгісі.
Өсімдіктің өсуіне қажетті қандай жағдайларды атай аласыңдар?
Ауа, жылу, жарық.
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз өсімдікке ауа, жылу және жарық керек?
Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлардың маңыздылығын білу.
Түсіндіру:
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің оқуы.
Тізбектеп оқыту.
Мағынасын ашу
Дәптермен жұмыс:
Сергіту сәті:
Дауыл тұрды, жел соқты
Жаңбыр жауды, найзағай соқты.
Күн ашылды, сабақ басталды.
Көктем Жаз Күз Қыс
Күн сәулесі жер Күн сәулесі жерді Күн сәулесінің Күн суытады.
бетін жылытады. көбірек қыздырады. жылуы азаяды. өсімдіктердің
Бұл мезгілде Жемістер пісіп-жеті- Өсімдіктердің өсу мерзімі
өсімдік тіршілігі леді. Қоректенуі баяу- тоқтайды.
басталады. лап,жапырақ
сарғайып, түседі.
Суреттерді әкеліп қою, аттарын жазу.
Қорытынды: «Өсімдік тіршілігі» атты сызба құрастыру.
Қолданылатын құралдар: ватман қағаздың жартысы, маркерлер.
Тапсырма: «Өсімдік тіршілігі» атты сызба құрастыру. 2-3минут.
Ауа топырақ
| |
өсімдік тіршілігі
| | |
жарық жылу су
Үйге тапсырма: 66 – 68 бет оқу «Өсімдік тіршілігі» атты сызбаны дәптерге құрастырып, жазып келу тапсырылады.