Просмотр содержимого документа
«Өсімдік мүшелері және оның қызметі»
Сабақтың тақырыбы : Өсімдік мүшелері және оның қызметі . Тамыр
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды өсімдік мүшелері мен олардың атқаратын қызметтерімен таныстыру .
Сабақтың міндеттері :
Білімділігі : оқушыларда өсімдік мүшелері және оның қызметі , тамыр туралы түсінік қалыптастыру , өсімдіктердің қоршаған ортаға пайдасы , адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру .
Дамытушылығы : оқушылардың ақыл – ойын , есте сақтау ойлау , тіл байлықтарын, танымдылық белсендіктерін дамыту.
2.Жемістен , тұқымнан өнген өскін не деп аталады ?
3. Өсімдіктердің гүлдеп , жеміс берген шағы не деп аталады ?
4 . Балалар , біз осы табиғатты нешеге бөлдік ?
5 . Өсімдіктерді табиғаттың қай бөлігіне жатқыздық ?
Семантикалық карта .
Атаулар
Өлі табиғат
Тірі табиғат
Аспан
Адам
Жер
Арыстан
Гүл
Жануар
Ай
Дәрігер
Көл
ІІІ. Жаңа сабақ
-Өсімдіктер негізінен ағаштар , бұталар және шөптесін өсімдіктер болып бөлінеді . Олар тауда ,
далада,орманда өседі .Кез – келген өсімдіктің мүшелері болады .
-Өсімдік мүшелері мен электрондық оқулықтан танысу .
Өсімдік мүшелері қалай қоректенеді , суды буландыруы гүлден жемістің қалай пайда болуы туралы түсінік беру .
-Енді біз осы өсімдік мүшелерінің ең маңыздысы тамырмен танысайық .
Тамыр – өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі .
1 . Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды .
2 . Тамыр топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді .
3 . Тамыр арқылы өсімдік қорек алады .
-Тамырдың жұмысын оқушыларға ұғындыру үшін алдын ала дайындалған тәжірибемді
көрсетемін.
Тақырыптағы өсімдік тамыры арқылы қоректенетінін айтқан кезде сәбізді судан алып ортасынан кесіп корсетемін .Сонда сиялы судың өсімдік бойындағы көрнісін байқауға болады .Бұл арқылы тамырдың суда еріген заттарды бойына тартатынын түсіну мүмкіндігі туады .
-Тұқым өнгенде ең алдымен оның қабығын жарып тамыр шығады . Осы тамырды – негізгі тамыр немесе кіндік тамыр дейміз . Картошкада , сәбізде , шалқан , шалғам сияқты өсімдіктердің тамырлары кіндік тамыр .
Ал , шашақ тамырлар бір жылдық өсімдіктерде кездеседі . Мысалы : бидай , жуа ,жолжелкен,
сияқты өсімдіктерде шашақ тамыр кездеседі .
IV .Топтық жұмыс
І – топ : өсімдік мүшелерін ата .
ІІ – топ : өсімдік туралы әңгіме жазу .
ІІІ – топ : негізгі тамыр немесе кіндік тамырдың суретін салу .
ІV – топ : шашақ тамырдың суретін салу .
V.Сабақты қорытындылау .
Балалар біз өсімдік мүшелері және олардың атқаратын қызметтерімен таныстық .
Олай болса , « Табиғатсыз адамдардың күні жоқ , мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » - деп
ақын ағаларымыз жырлағандай табиғатты , өсімдіктерді қорғап , аялайық !