kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Осенние месяцы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Форма проведения: творческая мастерская

Цели урока:

1. Учить детей видеть и отражать в рисунке впечатления от золотой/хмурой осени, передавать ее колорит, используя разные цвета красок.

2. Развитие чувства цвета, гармонии и эстетики восприятия окружающего мира.

3. Воспитывать у детей любовь к природе через эстетическое восприятие и воспроизведение в рисунках.

Оборудование: альбом, гуашь или акварель, осенние листья, репродукции картин И. Левитана «Золотая осень», «Поздняя осень», музыка П. Чайковского «Осенняя песнь. Октябрь».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Осенние месяцы »

"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
*****
Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
**
Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда, Ч. Каусар
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Ақбота
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Айсұлу
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Дарын
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.
















































































Тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды.

Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Гимн

Мұғалім:
Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. Жақсы – адам жанынан шуақ іздеп, достықты шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін сабағымыздың тақырыбын «Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.» деп алдық.

Біздің сабағымыз бірнеше бөліктерден тұрады.
1.Бірінші аялдама.

Әдебиет – өмір айнасы
Сахна – оның жалғасы (Сахналық қойылым)
2.Екінші аялдама.

Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды.( достық туралы әңгіме)
3. Үшінші аялдама.

Достық-татулық белгісі (мақал-мәтел айтып мағынасын түсіндіру.)
4. Төртінші аялдама.

Дос деген кім? (постер құру)
5.Бесінші аялдама.

Сөйлемді аяқта тренингі (Топтарға тапсырма)

6. Алтыншы аялдама.

Ағаш жапырағымен көрікті,
Адамдар достарымен көрікті.

7. Жетінші аялдама. «Автор орындығы» стратегиясы. «Мен адал доспын» тақырыбына эссе жазу.

8. Сегізінші аялдама: Сурет салу Достық үйінің суретін салу

9 тоғызыншы аялдама:

Социометрия әдісі.



1. Бірінші аялдама.
Әдебиет – өмір айнасы,
Сахна-оның жалғасы.
Қазір біз сахналық қойылымды көреміз.
Мұғалім:
Шегенің ізі
Автор: Асылай «Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: «Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.»- депті. Бала бірінші күні тақтайға 10 шеге қағыпты. Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті. Әкесіне барып айтқанда ол баласының шеге қаққан тақтайына қарап: Самат:
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Әкесі: Алихан
Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат жасайды. Соңынан жолдасыңа мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.


Достық дегенді қалай түсінеміз?
Досың бар ма? Ол кім?
Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
Достық жасқа байланысты ма?
Жақсы дос, жаман дос қандай болады.
Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
Жақсы достың мінезі қандай болады (Дос мінезі: Адал. Қайырымды. Салмақты. Сабырлы. Ақылды. Қарапайым. Кешірімді. Төзімді. Мейірімді. Адамгершілігі мол. Жомарт. Кішіпейіл.)?


Екінші аялдама:
«Аққуды атпайды, Достықты сатпайды»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпай деген не?
- Дос алдамау керек

-Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
-Достар ұрыспау керек.
-Достар тату болу керек.
- Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын құтқару-достық өлкесінің заңы болса керек. Ал

Мұхтар Шаханов ағаларыңның осы жайында айтылған «Достық өлкесінің заңы» өлеңін тыңдайық.

-Өлең не туралы?

- Қандай достық екен?

- дұрыс болды ма?

3.Үшінші аялдама: Достық – татулық белгісі.
Бұл аялдамада мақал-мәтелдерге тұнып тұрған көрінеді. Қайсың тез достық туралы мақал-мәтел айтасыңдар.
Енді мына мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріп көрейік.
1. Ақылдымен дос болсаң биіктейсің, Ақылсызбен дос болсаң адасасың.
2. Досыңды жамандама,
Бостан босқа қаралама.
3. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
4. Досың үшін жан пида.
5. Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
6. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
7. Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.
8. Жаман атан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
1. Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
2. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
3. Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
5. Дос - ажарың,
Жолдас базарың.
1. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
2. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
3. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
5. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.


4.Төртінші аялдама. . Дос деген кім? Постер құру


Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсетін
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам


5.Бесінші аялдама. «Сөйлемді аяқта» тренингі.

Екі топқа сөйлемдер беріледі. Топтағы әрбір оқушы сөйлемді жалғастыру керек.
1 - топ: Әрбір адамға дос керек, өйткені...
ІІ – топ: Сыйластық бар жерде...

ІІІ-топ : Қыз бала мен ұл баланың арасындағы достық ...

- Ендігі кезекті ситуациялық сұрақтарға берейік
І –топ: Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
ІІ-топ: Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс - әрекетің?
ІІІ –топ: Сендер досың екеуің керісіп қалдыңдар. Бұл жағдайды жанжалсыз
қалай шешер едіңдер?
Түйін:

• Қиын кездерде бір – біріңе көмек көрсетіңдер;
• Досыңды алдама, оған адал бол;
• Досыңды қорлама;
• Досыңмен қызықты шақтарды бірге бөлісе біл;
• Досыңның кемшілігін кешіре біл, кемшіліксіз адам болмайды.

6. Алтыншы аялдама
Ағаш -жапырағымен көрікті
Адамдар- достарымен көрікті.
Балалар өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да адал достарың жөнінде кім айтып бере алады. Өздеріңіздің достықтарыңыздың мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма?( достары туралы айтқызу)

Тілекші: Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтпаған. Досың болса, ешқашан қиналмайсың.
Дильнұр : Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің., сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.
Алихан : Барлық балаларда да дос болу қажет. Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек. Менің досым-Райымбек. Мен оны ешқашан алдамаймын. Ренжітпеймін. Ол да мені ренжітпейді.
Райымбек: Мен досымды жақсы көремін. Менің досым-Алихан. Ол сабақты жақсы оқиды. Екеуміз ұрыспай, төбелеспей ойнаймыз. Мен оны көрмей қалсам сағынамын.

Ерасыл: Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп тілектес, мұраттас болуы. Адам өмірге сәби болып келеді. Ол алғаш ақ сүтін берген анасы мен әкесін таниды. Адам өсе келе өзіне дос табады. Дос сенімді серік. Достар - бірін - бірі түсінуі тиіс.
Амангүл: Достық - өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші. Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді. Ол барлық жерде бар. Ол ешқашан мезі қылмайды. Ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды. Ол сәттілікке жаңа сәулет береді. Ол ортақтасқан сәтсіздіктерде көп мөлшерде өзінің уақытын жоғалтады дейді.
Асылай: Ей, перзентім! Мынаны білгейсің - Адам тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан Дос пен ағайынның қайсысы жақсы – деп сұрапты. Данышпан дос жақсы депті. Сол үшін дос тарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем – сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген дос деген мақал бар.
Ерназ: Адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтанда адам жүрген жерінде, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғынысып, түсінісетін, жарасып жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет табиғи тілек.
Қайырғали: Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы деген екен.
Самат : Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос.
Шұғыла: Дос болу – киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.

Амангул: Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі – адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса, балалар бір – бірімізге адал дос болайық.

7. Жетінші аялдама:

«Автор орындығы» стратегиясы. «Мен адал доспын» тақырыбына эссе жазу.
8. Сегізінші аялдама: Сурет салу

- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

9.Тоғызыншы аялдама: Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым - қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу - тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз сыныптастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

Қорытынды:
Достық ережесін шығару.
- Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
- Досыңды алдамай оған адал бол.
- Досыңды қорлама.
- Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
- Досыңның кемшілігін кешіре біл.
- Балалар, достық адамдар арасында ғана емес, ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз. Бірлігіміздің, достығымыздың арқасында қазір бірлігі жарасқан елміз.

Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

Біз бүгінгі сабағымызды «Тілек шоғы» ойынымызбен аяқтаймыз.. Қолдарында гүлдері бар балалар дөңгелене тұрады. Мұғалім өзі бастап, оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, амандық болсын, бірлік, татулық.... т. б. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады.

«Достық» әнін айту.

Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.


Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос жүректер өсекке бағынбайды.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.



























Абай атындағы орта мектебі.



















Абай атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Аленгалиева Гүлжайна














2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Осенние месяцы

Автор: Аленгалиева Гульжайна Жумажановна

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167434

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Конспект урока развития устной речи "Осень. Осенние месяцы." "
    ["seo_title"] => string(65) "konspiekt-uroka-razvitiia-ustnoi-riechi-osien-osienniie-miesiatsy"
    ["file_id"] => string(6) "124387"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414690739"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "конспект урока на тему "Осень. Осенние месяца""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekturokanatiemuosienosienniiemiesiatsa"
    ["file_id"] => string(6) "291133"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455085267"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Конспект урока на тему "Осенние месяцы" "
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekt-uroka-na-tiemu-osienniie-miesiatsy"
    ["file_id"] => string(6) "186050"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426267542"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Поле Чудес "Осенние месяцы""
    ["seo_title"] => string(33) "polie-chudies-osienniie-miesiatsy"
    ["file_id"] => string(6) "250430"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447080387"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Окружающий мир Осенние месяцы"
    ["seo_title"] => string(39) "okruzhaiushchii-mir-osienniie-miesiatsy"
    ["file_id"] => string(6) "248312"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446711540"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства