Сабақтың мақсаты: а + 2, а – 2 өрнектерін шешіп жаттықтыру өрнектің мәнін таба білуге үйрету. 2 – ке қосып, азайту амалдарын қайталату
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Әріпті теңдіктерді құру, оқу және жазуымен таныстыру, оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, есеп шығару білігін тиянақтау. Танымдылық қабілетін дамыту Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту
Сабақтың типі: ойын сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілікпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс,талдау.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: карточка, слайд, қоңырау суреті, плакат, сандар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдету, жинақтау.
- Зейіндерін сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық
Оқушыға лайық
Қатар –қатар тізіліп
Түп –түзеу боп тұрайық.
Жақсы болып сабақта
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа нақ
Дайындалдық біріміз
Өткен материалдар бойынша білімді тексеру - Өрнек дегеніміз не? (қосынды және айырма )
Мысал келтір. 3+5= 8 8-5= 3
(Оқушылардан өрнектің математикалық тілде оқылуын сұрау)
Дұрыс-ақ, өрнек өзі екі түрде болады дедік. Олар қандай?
Санды өрнек және әріпті өрнек (жеке-жеке тоқталып өту, балалар дәлелдейді )
- Математикада белгісіз санның орнына әріп жазады. Сондықтан оны әріпті өрнек дейміз.
Әріпті өрнектер ----------------- Санды өрнектер а + 5 ---------------------- 4 + 3 а + 6 ---------------------- 7 – 2 2 + а ---------------------- 6 – 4 9 – а ---------------------- 3 + 5
ІІ. Жаңа материалды игерту
а мен 2 санының қосындысын және айырмасын қарастырмақпыз. а+ 2, а – 2 өрнегі қандай өрнек. Әріпті өрнек
Кестеде а – ның мәні берілген, соларды қойып өрнек жазайық
№1
а
0
1
2
3
4
5
6
7
8
а+2
2
3
4
5
6
7
8
9
10
а
10
9
8
7
6
5
4
3
2
а-2
8
7
6
3
4
3
2
1
0
Күн жадын толтыру
Көркем жазу
Математикалық диктант
2+3 5-4
4-2 3+4
6+3 1+8
№ 2 Оқы салыстыр
Есеп шаптын бір оқушыға оқыту
Оқушы сапқа тұрды. Бесінші болып тұрған оқушы алға шықты. Сапта неше оқушы қалды?
Оқушы сапқа тұрды. Алтыншы болып тұрған оқушы алға шықты. Сапта неше оқушы қалды?
Есепке айналдыру.
Ұл - 4
Қыз - 6
Шешуі: 4+6= 10
Жауабы: Барлығы 10 оқушы
Сергіту сәті (слайд ашылады)
Керік суреті
Балалар, бізде бүгін қонақта керік келді. Керік туралы не білеміз?
(балалардың ойын тыңдау)
Керік туралы мәлімет беріп өту. Керік аяғынан бастап өлшегенде биіктігі -
метр болады. Керіктің тілі қара түсті, ұзындығы см. Оларда сиыр секілді күйіс қайтарады. Тұлғасы қысқа , әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді.
Әріпті өрнек болса екі шапалақ
Санды өрнек болса аяқпен соғу
5 артық 5 кем сан
5
15 25 3 5 3 5 4 5
Жеке оқушымен жұмыс. Теңдеу
Х +3=6+2
Х+3=8
Х= 8-3
Х=5
5+3=6+2
№3 2 саны мен а-ның айырмасын жаз. а=2; а=0 деп алып, өрнектің мәнін тап.
2-2 = 0 2-0 =2
ІІІ. Жаңа материалды бекіту
Кел , ойнайық !
Сатымен жоғарыға дейін көтерілу (балаларға өрнектерді карточкамен тарату. Өрнектің мәнін балалар шапшаң табады )
1+3 8-3
2+4 5-4
5+5 10-3
6+2 9+1
Логикалық есептер Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 – Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды? Сен, мен және біз. Нешеуміз? Аслан 4 жаста, дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші. Бірінші назар базарға бара жатыр, екінші назар базардан келе жатыр. Қай назар тауар алды. қай назар тауар алған жоқ. 5 жұмыртқа 5 минут піседі, 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут керек?
ІV. Қорытындылау
- Сонымен балалар қандай тақырыпты өттік?
- Сабақта не ұйрендіңіздер?
- Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
V. Бағалау
Балалардың сабаққа қатысуына қарай бағалау, мадақтау. Смайликтер тарату.