Просмотр содержимого документа
«О?у ??ралдары. Ашы? саба? »
Сабақтын тақырыбы: Оқу құралдары
Сабақтың мақсаты:Оқушылардыжаңа сөздермен таныстыру, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, ауызекі және жазба тілінде қолдана алуға машықтандыру. Немен? Деген сұраққа жауап беруде тиісті жалғауларды қолдана білуді үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын байыту. Сауатты жазуға, сауатты сөйлеуге бейімдеу
Оқу құралдарын ұқыптап ұстау, қажетімен пайдалана білуген, бір- бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Психологиялық ахуал. Слайд№1
Үй тапсырмасын тексеру: сөздерді сұрау
Жаңа сабақ: кіріспе оқу құралдары жайлы білетінің ортаға салу(кластер құрастыру) Алдымен Қазақша атауы, содан соң орысша аудармасын жазу
Ауызша тапсырма: 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Сен немен жазасың?
Мен қаламмен жазамын.
Сен немен сызасың?
Мен сызғышпен сызамын.
Сен немен ұштайсың?
Мен ұштағышпен ұштаймын.
Сен немен өшіресің?
Мен өшіргішпен өшіремін.
Сен немен сурет саласың?
Мен қарындашпен сурет саламын.
Тақтада көрсетілген жауаптар үлгісінен дұрысын тандап алып, толық жауап беруді талап ету (ұштағышпен, өшіргішпен, қарындашпен, сызғышпен, қаламмен).
Сергіту сәті:Слйд №3
Жұппен жұмыс : 3- тапсырма. Тиісті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Мен қаламмен жазамын. 2. Мен ......... сызамын. 3. Мен ......... ұштаймын. 4. Мен ....... өшіремін. 5. Мен ...... саламын.
Тақтада дұрыс жауап шығады.Әр кім өз жұмысын тексереді. Бағалайды.
Ереже: Есте сақта!
Немен?
қаламмен қағазбен сызғышпен
После гласных или санорных звуков добавляется окончание -мен, после звонких согласных добавляется окончание – бен, после твердых согласных звуков добавляется окончания – пен.
Диалог құру:
5- тапсырма Үлгі бойынша
Сенде түрлі- түсті қарындаштар бар ма?
Иә бар.
Маған қызыл қарындаш берші.
Міне ал
Түстерді еске түсісу мақсатында сәйкестігін табу.
Мысалы: қызанақ-қызыл, лимон сары..........
Сабақты бекіту.Рефлексия
Бүгін сабақта нелермен таныстық?
Не білдік?
Қандай ережемен таныстық?
1қатарға ,оқу құралдар туралы 3-4 сөйлем көлемінде эссе жазу, 2 қатароқу құралдардың біріне бес жолды өлен құрастыру, 3 қатарға 2-3 сөзді тәуелдедеу беріледі.
Көңіл- күйлерін қалай?
Формативті бағалау (смайликтерді тарату)
Бағалау.Оқушылардың сабаққа қатысуына, белсенділігіне, берген жауаптарының толықтығына қарай оқушыларды бағалап өту.