Просмотр содержимого документа
«О?у ??ралдар хикаясы»
1 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын күз. 4 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.:
Күндей жарық, айдай арайлы,Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық. – Қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз неше айдан тұрады? – Күзді неге «алтын күз» деп атайды?
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Ойын:«Табиғат мейірімді». Ойын шарты: Тәрбиеші сәлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
– Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).
– Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).
3. Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату: Жемісі мол теретін, Бәрін тауып беретін
Күз дос екен бізбенен. Жомарт екен күз деген.
Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.
– Жемістер мен көкөністерді ата. Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б.
Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б.
4. Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.)
Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді).
5. Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»
Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.
Мұғалім балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады.
6. Жұмбақ шешу: Жауып жаңбыр, жерде сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады? (Күзде)
Ойынды ойнайды.
Суреттерді әңгімелейді.
Өлеңді жаттату.
Қимылмен көрсету.
Ойынды ойнайды.
Жұмбақты шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: күз туралы білімін қалыптастыру, күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
Қандай түсініктерді игерді: сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.
2 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайдан келдің бауырсақ? 6 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогты сөйлеуге үйрету. Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: диқан, наубайхана, дүкен.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: бауырсақ, қуыршақ, егіннің суреттері.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, Күндей жарық, айдай арайлы,Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнді бастайық
- Өлеңде не туралы айтылды? - Бауырсақ қайда жатты?
- Қуыршақ не деп сұрады? - Бауырсақ наубайға қайдан келді?
- Диірменге ше? - Диқан бидайды қалай өсірді?
Балалардың жауабы. (Рөлге бөлініп ойнайды).
3. Сергіту сәті: Балалар бауырсақтың дастарқанға келу жолын қимыл арқылы көрсетеді:
Жерді жыртамыз, егінді себеміз, Суарамыз, күтіп баптаймыз
Бидай үлкен болып өседі, Комбайнмен орамыз,
Машинамен қамбаға тасимыз, Диірменде ұн етіп дайындайды.
Ұннан қамыр илеп, бауырсақ пісіреміз.
4. Дидактикалық ойын: «Не жасырынғанын тап». Ойын шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету. Балалар көздерін жұмады, бір суретті тәрбиеші алып қояды. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек. Нан – адамның тіршілік қорегі, дастарқанға үлкен еңбекпен келеді. «Ас атасы - нан» мақалы елдің нанға деген қастерлі қарым-қатынасын білдіреді.
5. Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкенші». Ойын шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сатушы, екінші топ сатып алушы болады. Ойын осылай жалғасады.
Жұмбақты шешеді.
Өлеңді тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. - Балалар, сонымен бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?- Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?- Бауырсақтың қандай түрлері бар?
- Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өлеңді оқып, түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Қандай түсініктерді игерді: бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
3 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы. 8 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қаламсауыт.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: оқу құралдарының суреттері.
Қостілділік компонент: оқу құралдары – учебная пособия.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, Күндей жарық, айдай арайлы,Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнді бастайық
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Білімнен мол сый-асы, Ұшымен қазық торкөзді жазық
Балғындардың ұясы. (Мектеп) Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап-дәптерлер, қалам-қарындаштар сатып алады.
2. Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлыны «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету. - Жанатбек биыл қайда барады? - Апасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді? - Жанатбек дәптерді қалай былғады? - Қалам, дәптерлер неге ренжісті?
- Атасы немересін қайда апарды? - Мұғалім Жанатбекке не берді?
- Жанатбек кітаптарды қайда салды? - Кітап достарына қандай ақыл айтты?
- Кітаптың айтқаны дұрыс па? - сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па? «Бірлік болмай, тірлік болмас» -жоғары дауыс орта дауыс төмен дауыста айтылады.
3. Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету.)
4. Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?».
Ойын шарты: үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек.
5. Тыныштық сәті: Баяу ойналатын музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. «Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!» Парта үстінде оқу құралдары жатыр. Көздерін ашады.
Балалар өз ойларын айтады.
6. Жұмбақтың шешу: Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам)
Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор)
Жұмбақты шешеді.
Ертегіні тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Жұмбақты шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. - Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?
- Оқу құралдарын қалай ұстау керек? - Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды? - Оқу құралдарын ата.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру.
Қандай түсініктерді игерді: оқу құралдары туралы түсінік беру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
4 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайырымды қоян. 10 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.
Сөздік жұмысы: қайырымды.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.
3. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына, Қиығы сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді)
4. Дидактикалық ойын: «Досым – менің мақтанышым».
Ойын шарты: балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.
- Елжан, сен менің мейірімді досымсың.
- Жайна, сен ақылды қызсың.
Осылайша ойын жалғаса береді.
5. Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылық жасағанын айтып береді.
6. Мақал жаттау:
«Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды».
Ертегіні тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Мақалды жаттайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. - Балалар, қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегіні түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қандай түсініктерді игерді: бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
5 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алма. 12 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне алманы беріп, жылы лебіздерін білдіреді: - Жансая, сен осы алмадай әдемі бол! - Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол! Тәрбиеші: - Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілі неше айдан тұрады? - Күз айында қандай жемістер піседі? - Алма, алмұрт, шие, жүзім.
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дидактикалық ойын: «Дәмін тап». Ойын шарты: тәрбиеші жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.
3. Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру. Тәрбиеші: - Жылдың қай мезгілі еді? - Жабайы алма қайда қалды? - Алманы кім көрді? - Қоян қарғаға не деді? - Қарға не істеді? - Кірпі нені алып кетті? - Үшеуі қайда барды? - Аю не деп жауап берді? - Қандай мақал айтты? Балалар жауап береді. «Береке басы бірлікте» - жоғары дауыс, орта дауыс, төмен дауыста айтылады.
4. Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.
- Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық.. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.
Қандай түсініктерді игерді: жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
6 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы. 14 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру.
Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңлі суреттері.
Қостілділік компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, әке – отец, ана – мать.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады. - Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар. Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.
3. Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».
Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, готбасу туралы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым ... (тату).
- Менің отбасым ... (көңілді).
Ойын осылайша жалғаса береді.
4. Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.
5. Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).
«Отбасым – бақыт мекені» - жоғары дауыста
орта дауыста
төмен дауыста айтылады.
Тыныштық сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Әңгіме құрап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту.
- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отбасына кімдер жатады?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қандай түсініктерді игерді: отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру.
7 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Айтшы, әжетай. 16 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
3. Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?». Ойынның шарты: Тәрбиеші тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек.
4. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, қолдарын алға созады, алақандарына күннің сәулесі жылуын төгіп, саусақтардан өткен жылу денелеріне, жүректеріне барады. Көздерін ашады. Жылулықты сездік пе? Балалардың жауабы.
5. «Мақалды аяқта» ойыны: Бұл ойында тәрбиеші кез-келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды. Ата – бәйтерек, ... (бала - жапырақ)
Өлеңді тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Мақалды аяқтайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Еңбек етсең, жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы – білімді, еңбексүйгіш болу керек.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қандай түсініктерді игерді: отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру
8 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын бала. 18 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: алтын.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреті.
4. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр». Ойын шарты: Бастаушы берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды. - Мен анама ... (көмектесемін). - Мен ініме ... (қамқор боламын).
5. Дәптермен жұмыс: Ребусты шеш.
Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.
Әңгімені тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Ребусты шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: - Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен, тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тәртіпті, алтын бала боламыз.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Қандай түсініктерді игерді: отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
9 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар. 20 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.
Сөздік жұмысы: арғымақ, қарғып.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ойыншық суреттері.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау, көрнекілік.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберіне тұрып, айтады:
Біз ұқыпты баламыз,Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықты жинаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз.
Тәрбиеші: - Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дәптермен жұмыс: Қ. Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату: Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).
Ойыншығым (ойыншықтар суреті)мол менің.
Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.
Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),
Мінем оған қарғып-ақ.
Мына тұрған қояным (қоянның суреті),
Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.
Сөздік жұмысы: Арғымақ деп - жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.- Қарғып деп - атқа секіріп мінуді айтамыз.
3. Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап». Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды. - Менің ойыншығым ... (әдемі) - Мен қуыршақпен ... (ойнаймын). - Допты жоғары ... (лақтырдым).
4. Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу. Добым, добым, домалақ,
5. Дәптермен жұмыс: - Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт. - Жұмбақтың шешуін тап.
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды,
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).
Өлеңді тыңдап, түсінеді.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Жұмбақты
шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: - Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
- Қандай ойыншық түрлерін білесің? - Ойыншықты кімдер жасайды? - Ойыншық турады қандай тақпақ білесің?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту.
Қандай түсініктерді игерді: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.
10 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ауылда. 22 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: ауыл – село, қала – город, ата – дедушка, әже – бабушка.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі: 1. - Бүгін ауа райы қандай?- Айналада қандай өзгерістер бар? - Жылдың қай мезгілі?- Бір аптада неше күн бар? - Бүгін аптаның қай күні?- Жазғы демалысты қайда өткіздің?
- Ауыл (қала) сендерге несімен ұнайды? Балалардың жауаптары.
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.
- Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.
- Атасымен бірге не істеді? - Шолпан кімнің қасында болды?
- Әжесі екеуі не істеді? - Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?
- Шолпан әжесі екеуі қайда барды? - Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді? - Шолпан қайда кетті? - Бейбарыс ше?
4. Сергіту сәті: Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,
Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын. (Қимылмен көрсетеді).
5. Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап». Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.
Тыныштық сәтін жасайды.
Әңгімені тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: - Балалар, сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?- Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ауыл, қала туралы түсінік беру.
Қандай түсініктерді игерді: әңгімені түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
11 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным. 24 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген
сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы.
Қостілділік компонент: Менің Қазақстаным – мой Казакстан.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады:Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен, Қазақстан – туған ел!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог: – Отан – біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.Біздің Отанымыз – Қазақстан.
– Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
– Рәміздерді атаңдар.
– Қазақстан Республикасының Президенті кім?
– Қазақстан картасын білесің бе?
– Сендер қай қалада тұрасыңдар?
3. Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау: Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,
Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,
Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,
Алтынды Алтай шығысын, қыран ұшқан шыңынан...
4. Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.
5. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.
6. Сергіту сәті: Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі. (Қимылмен көрсетеді).
7. Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап». Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана – Бәйтерек, Алматы – Қазақстан қонақүйі, т.б.
Тыныштық сәтін жасайды.
Әңгімені тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: Қазақстан Республикасы – біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан – өте үлкен, бай республика. «Жері байдың – елі бай».
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Қандай түсініктерді игерді: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
12 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көліктер. 26 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: көлік түрлері, суреттері, бағдаршам, жол белгілері.
Қостілділік компонент: көліктер – машины, жеңіл – легкие, ауыр – грузовые.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады:Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен, Қазақстан – туған ел!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.
– Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?
3. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа калай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?
4. Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру: Бағанға ілінген Аспалы сым жолы бар,
Көшелерде жүгірген Троллейбус жолығар.
Сым жолымен зулайды, Басқа жаққа бұрмайды.
– Троллейбусқа мініп көрдің бе?
– Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?
– Сым жолымен қалай жүреді?
5. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз.
Ұшақ болып ұшамыз,
Суда жүйткіп жүземіз,
Кемелерді түземіз.
Жол тәртібін сақтап,
Троллейбусқа мінеміз. (Қимылмен көрсетеді).
6. Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?» Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер. Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.
7. Жұмбақ шешу: 1.Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тікұшақ)
2. Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)
Тыныштық сәтін жасайды.
Өлеңді тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Жұмбақты шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Қандай көлік түрлерін білесің?
Алыс жол жүріп көрдің бе? – Өзің қандай көлікті ұнатасың?
Суретін салып, әңгімеле.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
Қандай түсініктерді игерді: жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
13 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қыс. 28 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: 1. – Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Қыста қар неге жауады?
- Қардан не жасауға болады? Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді.
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау:
Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала, Сырғанаймыз шаттана.
Педагог: – Сендерге аққала соққан ұнай ма?
– Аққаланы неден соғады?
– Ендеше аққала соғып көрелік.
3. Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін
дөңгелектейміз.
Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз.
Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз.
Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді).
4. Қимылды ойын: «Қар жинау».Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.
5. Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі).
6. Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр». Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.
Өлеңді тыңдап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Жұмбақты шешеді.
Ойын.ды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?– Қыс айында қандай мерекелер болады? – Қыс мезгілі несімен ұнайды?– Қардан тағы не жасауға болады?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.
Қандай түсініктерді игерді: қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.
14 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тәуелсіздік көкбайрағы. 30 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба,
ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұран айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог: – Біз қай мемлекетте тұрамыз?
– Еліміздің бас қаласы қай қала?
– Қазақстан Республикасының президенті кім?
– Туымыздың түсі қандай?
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген – ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленген.
3. Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен таныстыру: Орта ылғи от жайнайды,
Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі.Тас төбемде желбіреші,
Тәуелсіздік көкбайрағы.
4. Педагог: Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы – бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында – шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында – шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.
5. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Өскенде өз Отанына қалай қызмет ететіндерін, өскенде кім болатындарын ойлап, көз алдарына елестету. Балалар көздерін ашып, өз ойларын айтады.
7. Дидактикалық ойын: «Мен өскенде кім боламын?» Ойын шарты: Әрбір мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып беруі керек.
Педагогтің
әңгімесін
тыңдап, түсінеді.
Өлеңді тыңдайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Туымыздың авторы кім? – Туымыз неліктен көгілдір түсті? – Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген? – Неліктен ою-өрнекпен әшекейленген? - 16 желтоқсан қандай күн?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
Қандай түсініктерді игерді: Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тәуелсіздік батырларын мәңгілікке ұмытпауға тәрбиелеу.
15 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жаңа жылым – тамаша. 32 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қыс туралы білімін бекіту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: жаңа жыл мерекесі суреттері.
Қостілділік компонент: Жаңа жыл – Новый год, тамаша – прекрасная, Аяз Ата – Дед Мороз.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі: – Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
– Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Педагог балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеседі.
Мереке туралы балалар өз ойларын айтады.
2. Тыныштық сәті: Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Көз алдарына Жаңа жыл мерекесін, жасыл шыршаға ілінген
ойыншықтарды, шыршаны айналып ән айтып жүрген балаларды елестетеді. Жаңа жыл мерекесі қандай тамаша! Отшашулар не деген керемет. Көздерін ашады. Көңіл күйлері жайлы әңгімелесу.
3. Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Жаңа жылым – тамаша» өлеңін жаттау: Әкелді жыл ырыс-құт:
Әлемде той, тыныштық.
Жарқын өмір жаңаша,
Жаңа жылым – тамаша.
4. Педагог: Қыс – жылдың қызықты мезгілі. Жаңа жыл мерекесі – отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Әрбір келген жыл ырыс, құт-берекесімен, өз жақсылығымен келеді. Жаңа жыл
мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды. Жаңа жыл мерекесінің қонақтары – Аяз ата мен Ақшақар.
5. Дидактикалық ойын: «Шыршаны құрастыр». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.
6. Дәптермен жұмыс: Шыршаны безендір.
Педагогтің
әңгімесін
тыңдап, түсінеді.
Өлеңді тыңдайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту:
– Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды?
– Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғыларың келеді?
– Аязатадан қандай сыйлық күтесіңдер?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру.
Қандай түсініктерді игерді: Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қыс туралы білімін бекіту.
16 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ормандағы шырша тойы. 34 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: балалардың шаршаны безендіріп жатқан суреттері. Сәбіз жеп отырған қоянның суреті.
Қостілділік компонент: орман – лес, шырша – елка, той – праздник.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі: 1. – Қазір жылдың қай мезгілі?– Қыс мезгілі неше айдан тұрады?– Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?
– Жаңа жылда нені безендіреміз?– Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендірген кезімізді көз алдымызға елестетеміз.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға жасыл шыршаны елестетеміз. Қолымызға түрлі ойыншықтарды алып, шыршаға іліп жатырмыз. Шыршамыз жарқырап кетті. Қандай әдемі шырша! Көзімізді ашайық.
– Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді? Аттарын ата.
– Анасы нені көріп қалды?
– Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?
Адамдар ғана емес, аң, құстар да жаңа жылды осылайша тойлады.
4. Сергіту сәті: Тербеледі шыршалар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай шыршалар
Үп-үлкен боп өседі. (Қимылмен көрсетеді).
5. Дидактикалық ойын: «Аңдарды құрастыр». Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Алдын ала қиып дайындалған аң денелерін құрастыру керек. Қай топ тез құраса, сол топтың жеңіске жеткені.
Педагогтің
әңгімесін
тыңдап, түсінеді.
Әңгімені тыңдайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алатынын суретке салып, әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру.
Қандай түсініктерді игерді: жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
17 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Біз тебеміз сырғанақ. 36 – бет.
Мақсаты : қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагогтың кіріспе әңгімесі:
– Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай?
– Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Суда мұз бар, Жерде қар бар,
Боран борап, соғады. Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
3. Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап». Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі.
4. Дәптермен жұмыс: Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттау.
Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ.
– Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма?
– Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек?
– Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба?
5. Сергіту сәті: Ішік, пима, қолғаптар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай. (Қимылмен көрсетеді).
6. Дәптермен жұмыс: Қыз мезгілінің ұнаған сәттерін, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ребус шешеді.
7. Тыныштық сәті: Балалар денелерін еркін ұстап, көздерін жұмады. Көз алдарына қыс мезгілін елестетеді. Терең тыныс алады. Ауа неткен таза, айнала аппақ қар, жылт-жылт етеді. Қарды алақанымызға салдық, сұп-суық. Аққала соқтық. Аққаламыз қандай әдемі болып шықты. Көзімізді ашамыз.
Әңгімені тыңдайды
Қимылды ойынды ойнайды.
Сырғанақ өлеңін жаттау.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма?
– Сырғанақта немен сырғанайсыңдар?
– Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?
– Қардан не жасауға болады?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілі туралы балалардың түсінігі кеңейеді.
Қандай түсініктерді игерді: қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Күні:
Сыныбы:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қысқы баспана. 38 – бет.
Мақсаты: балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Бастаушы түрлі қимылдар (шаңғы, хоккей, коньки, шана) жасайды, балалар қандай қимыд жасағанын табуы керек.
6. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сәттерін елестетеді. Шанамен сырғанап ойнаған қандай қызық. Отыруға да ыңғайлы. Қардың үстімен заулап сырғанайды. Көзімізді ашамыз. Балалар өз ойларын айтып береді.
Әңгімені тыңдайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту:
– Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?
– Қыста қандай қызықтар болады?
– Қысқы ойындарды ата.
– Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру.
Қандай түсініктерді игерді: қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
20 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Шынықсын денеміз. 42 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға өлеңді жаттата отырып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру. «Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. «Қыста ғана болады,
ұстасаң, қолың тонады». (Қар)
3. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада белгі көрсетілген. Балалар көрсетілген белгіге сырғанап жетіп, өз орындарына сырғанап келуі керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дәптермен жұмыс: Ғ. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау:
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала.
Педагог: – Қыста жерде не жатады?
– Қардан не жасауға болады?
– Аққала соғып көрдің бе?
3. Сергіту сәті: Аула сырты, баққа да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана. (Қимылмен көрсетеді).
4. Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.
5. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді. Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?
6. Дәптермен жұмыс: Өздері соққан аққаланың суретін салады.
7. Жұмбақты шеш: Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Өлеңді жаттайды
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Жұмбақты шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Аққаланы неден соғамыз?
– Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?
Ескерту:Суық тиіп қалмас үшін қалың киіну керек.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.
Қандай түсініктерді игерді: «Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру.
22 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі). 46 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық.
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Ертегі әуеніне қосылып балалар ән айтады. Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жұмбақ жасырады.
2. Тазшаның жұмбағы:
Қонып алып жарға, қарқылдайды ... (қарға)
Өзі жасыл әрі батыр, ол не? ... (дәуіт)
Өзі қара, бауыры ақ, ол не? ... (қарлығаш)
Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып береді.
3. Дәптермен жұмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру: – Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?
– Жылан не үшін келді? – Қарлығаш көмекке кімді шақырды?
– Көкек не деді? – Қарға ше? – Дәуіт не істеді?
– Қарлығашқа кім көмектесті? Ертегіні рөлге бөліп ойнату.
4. Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.
Құстың ұясын бұзба!
Құстың балапанына тиіспе!
Құсқа тас лақтырма!
5. Сергіту сәті: Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
(Қимылмен көрсетеді).
6. Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты». Ойын шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек. Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.
Жұмбақты шешеді.
Ертегіні тыңдайды.
Тыйым сөздерді
жаттайды
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Қарлығаш – адамға дос.
– Дәуіт – адал, достарына көмектеседі.
– Қиындықта достарыңа көмектесу керек.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегіні тыңдата отырып, қарлығаш адамға дос құс екенін, дәуіттің адалдығын түсіндіру.
Қандай түсініктерді игерді: балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қазақ ертегілерін сүйіп оқуға, тыңдауға тәрбиелеу.
23 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көктем сәні. 48 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, қосылып айтады: Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.
Педагог: Табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғанамыз. Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2.Дәптермен жұмыс: «Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру:
– Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?
– Қандай аңдар жиналды?
– Ақбөкен не деп жауап берді?
– Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?
– Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?
3. Дидактикалық ойын:«Кім тез құрайды?»
Ойын шарты: Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.
5. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз. Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап-жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.
Ертегіні тыңдайды
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: Көктем сәні – ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.
Қандай түсініктерді игерді: табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қазақ ертегілерін сүйіп оқуға, тыңдауға тәрбиелеу.
24 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Не сыйлау керек? 50 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: ана мен бала бірге тұрған суреттер.
Қостілділік компонент: не сыйлау керек – что подарить?
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, аналарына жақсы тілектерін айтады.
– Ана – не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!
– Ана деген болашағы өмірдің!
– Ана деген қуанышы көңілдің!
– Өмірде үш қадірлі зат бар, ол – күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті! Педагог:
– Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
– Мереке аналарыңа не сыйлағыларың келеді?
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дәптермен жұмыс:Ж. Әлмашевтың «Не сыйлау керек?» әңгімесін балаларға оқып таныстыру:
– Балғынға көкесі нені ескертті?
– Балғын қайда келді?
– Балғын не ойлады?
– Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?
– Балғын ненің суретін салды?
– Анасына қандай сыйлық беретін болды?
3. Сергіту сәті: Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен аналарға сыйлаймыз! (Қимылмен көрсетеді).
4. Дидактикалық ойын:«Анаңды таны».
Ойын шарты: Үнтаспаға балалардың аналарының даусы басылған, балалар өз анасының даусын тануы керек.
5. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады, көз алдарына өздерінің туған аналарын елестетеді. Анамыз аялы алақанымен басымыздан сипайды. Алақаны неткен жұмсақ еді. Көзімізді ашамыз.
Әңгімені тыңдайды
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
– Аналарың нанға жұмсаса, барасыңдар ма?
– Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?
– Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: анаға құрмет көрсете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қандай түсініктерді игерді: әңгімені түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қазақ әңгімелерін сүйіп оқуға, тыңдауға тәрбиелеу.
25 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Наурыз тойы (сурет бойынша әңгіме құрастыру). 52 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Наурыз тойының суреттері, наурыз көже пісіріп жатқан аналар суреті.
Қостілділік компонент: сурет – рисунки, Наурыз тойы – праздник Наурыза.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады:
Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз.
Педагог: – Қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
– Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттату:
Күн менен түн теңелді, Күн шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы – салтымыз,
«Көгерсін», – деп халқымыз, Көшеге тал егеміз.
Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.
3. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп тұр. Балалар алтыбақан ойнап, аналар наурызкөже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды. Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Наурыз тойы несімен ұнады?
4. Дидактикалық ойын:«Бұл қай салт-дәстүр?». Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол туралы толық айта білуі керек.
5. Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн Мейрамында халықтың.
6. Дәптермен жұмыс: Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қос.
7. Ұлттық ойын: «Қамшы алу». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе, сол баланың епті болғаны.
Өлеңді тыңдайды, жаттайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Наурыз мерекесі қандай мереке?
– Наурызкөжені кімдер пісіреді? – Наурыз тойы несімен ұнайды?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту.
Қандай түсініктерді игерді: Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
26 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Келе бер, көктем. 54 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?
Балалар: Көктем келді. – Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы) – Көктем келді. – Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсың? (Судың дыбысы) – Көктем келді. – Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар? (Құстардың сайраған дыбысы) – Көктем келді. Балалар бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші», – деседі.
Педагог: – Көктем мезгілі неше айдан тұрады?– Көктемде қандай өзгерістер болады?– Көктемде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?
Ұйымдастыру-іздестіру
2.Дәптермен жұмыс:Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау: Күншуақты кез келді, Көп көрініс көзде енді.
Жерге сіңіп қалың қар, Жер көйлегі өзгерді.
Педагог: – Көктемде қандай өзгерістер болады?
– Қар еріп, қайда сіңеді? – Жер қандай түске өзгереді?
– Жерде не өседі? Балалардың жауаптары тыңдалады.
3. Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді. Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады.
4. Дидактикалық ойын:«Гүлдер». Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екенін табу.
5. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам. (Қимылмен көрсетеді).
6. Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
7. Жұмбақты шешу: Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктемде)
Өлеңді тыңдайды, жаттайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Әңгіме құрастырады.
Жұмбақты шешеді.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?
– Ауа райын бақыла. – Ағаштар қалай өзгереді?
– Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру.
Қандай түсініктерді игерді: табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет бойынша әңгіме құрастырып, сөйлеуге дағдыландыру.
27 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі). 56 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: үй жануарлары және төлдерінің суреттері.
Қостілділік компонент: төлдер – детеныши, үй жануарлары – домашние животные.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.
– Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
– Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.
– Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Дидактикалық ойын:«Төлін тап». Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
Педагог: – Айға ұшқыларың келе ме?– Айға ұшу үшін қандай болуымыз керек?– Айға немен ұшады?Балалар өз ойларын айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, көз алдымызға аспан әлемін елестетеміз. Аспан әлемі не деген әдемі! Жұлдыздар жымыңдайды. Терең тыныс алып, көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: ғарышкерлер суреті, зымыран, Байқоңыр суреті.
Қостілділік компонент: батыр – герой, ғарыш – космос, Байқоңыр – Байконур.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне қарап, өлеңді айтады: Көкке ұшамын, Ұшқыш болар баламын.
Соңынан ерем Ер ғарышкер ағаның.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
«Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз». (Зымыран)
Педагог аспан әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіровпен таныстырады.
3. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуені ойналады. Балалар көздерін жұмып, терең тыныстайды. Денелерін еркін ұстайды. Көз алдарына аспан әлемін елестетеді: – Біз ұшақта отырмыз, жаймен аспанға көтерілеміз, аспанға көтерілдік. – Біз қалықтап ұшып жүрміз, ұшып жүрміз, жерге жаймен қонамыз, жерге қондық. – Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды?
4. Дәптермен жұмыс: Педагог Т. Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен таныстырады: Айналады бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың
Тұңғышына бір сәлем!
Қабанбайдың ұланы,
Бөгенбайдың қыраны,
Айтылатын мәңгілік
Қазағымның жыр-әні.
5. Сергіту сәті: Біз ұшамыз, ұшамыз, Бар әлемді құшамыз.
Әрбір ел мен қалаға. Қуаныш, бақыт сыйлаймыз.
(Қимылмен көрсетеді).
6. Дидактикалық ойын: «Ұшақ». Ойын шарты: Балалар ұшаққа отырады, ұшақ оталды, қанатымызды жаямыз, баяу қозғаламыз, аспан әлеміне ұшамыз. Міне, көкте ұшып жүрміз. Ойын осылайша жалғасады.
7. Дәптермен жұмыс: Ғарышкемесін салу.
Жұмбақты шешеді.
Тыныштық сәтін жасайды.
Өлеңді түсініп, тыңдайды
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?– Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?
– Өскенде ғарышкер болғың келе ме?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтың ерлігін балаларға түсіндіру.
Қандай түсініктерді игерді: балаларды батылдыққа, тәзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлең мазмұнын өз сөздерімен айтуға төселдіру.
30 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. 62 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: халықтар достығы бейнеленген суреттер. Үнтаспа.
Қостілділік компонент: ағайын – родственники, бәрі – все, достық – дружба, сыйлау – уважать.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне қарап, өлеңді айтады: Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз!
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс, кәріс, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.
4. Дидактикалық ойын: «Досыңды тап». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз досының қолын, шашын, киімін ұстап, сипау арқылы табады.
5. Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Достық үйін құрамыз. (Қимылмен көрсетеді).
Педагогтің кіріспе әңгімесін тыңдайды.
Өлеңді түсініп, тыңдайды,
жаттайды.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
– Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
Оқу іс-әрекетін достық туралы әнмен аяқтауға болады.
Қандай түсініктерді игерді: сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлеңді жылдам жаттауға төселдіру.
31 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жеңіс күні. 64 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың «жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: соғысқа қатысқан ардагерлер суреттері. Мәңгілік алау, оның қасында күзетте тұрған балалар. Жеңіс мерекесінің суреті.
Қостілділік компонент: Жеңіс күні – День Победы, соғыс – война, ардагер – ветераны.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді: – Аспанымыз ашық болсын!
– Еліміз тыныш болсын! – Бейбітшілік болсын!
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог:9 мамыр – жеңіс күні! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, т.б. Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Батырлар ескерткішіне гүл шоғын қоямыз!
7. Дәптермен жұмыс: «Ерлер есімі мәңгі өшпейді!» – жоғары дауыста, орта дауыста, төмен дауыста айтылады.
Педагогтің кіріспе әңгімесін тыңдайды.
Өлеңді түсініп, тыңдайды,
жаттайды.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: – «Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз?
– «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің? – Соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек? – Соғысқа қатысқан батырларды ата.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың «жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту.
Қандай түсініктерді игерді: патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету.
32 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жарқын жаз. 65 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: жаз айының суреттері, слайдтар.
Қостілділік компонент: жаз – лето, жаз келді – пришла лето.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Барлығы бірге айтады: Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ,
Тұратын көз тартып, Жаз келді күншуақ.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог жұмбақ жасырады: Күндер ысып, шөп пісіп, Ел пішенін орады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Жазда)
3. Дәптермен жұмыс: Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру: – Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар? – Жазда балалар қайда шомылады?
– Мал қайда жайылады? – Жазғы демалыста қайда барасың?
– Жаз мезгілі несімен ұнайды?
4. Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Н.Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттау.
– Жаз қалай келді? (жарқылдап)
– Қаздар қалай ұшып келді? (қаңқылдап)
– Көбелектер қайда қонды? (гүлге)
– Не жауады? (жаңбыр)
– Гүлдер несін ашады? (қауызын)
– Ненің төсінде? (жайлаудың)
– Не басталады? (қызық-думан).
5. Дидактикалық ойын: «Жылдың қай мезгілі екенін тап». Ойын шарты: Бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастыру керек.
6. Сергіту сәті: Жаз келіпті дегенше, Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше Алма тарту көбейсін.
Жаз келіпті дегенше, Қарбыз пісті дегейсің,
Бақшамызда ендеше Қарбыз жинау көбейсін.
(Қимылмен көрсету).
7. Тыныштық сәті: – Қане, балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.– Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік.Балалар жаз мезгілі туралы өз ойларын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Әңгіме тыңдайды.
Өлеңді түсініп, тыңдайды,
жаттайды.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту: Жаз мезгілі – жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту.
Қандай түсініктерді игерді: жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғатты аялауға, таза ұстауға, қамқор болуға тәрбиелеу.