kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойлы болсаң, озып көр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойлы болсаң, озып көр сайыс сабақ. Қызықты  тапсырмалар қамтылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойлы болсаң, озып көр»

Сайыстың тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»

Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Сайыстың жоспары:

І бөлім: Ұшқыр ой.

ІІ бөлім: Құпия сандық.

ІІІ бөлім: Қызықты ұйқастар.

ІV бөлім: Кім жылдам?

V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.

Кіріспе сөз.

Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

-Қайырлы күн құрметті көрермендер,қонақтар, сайыскерлер! Бүгінгі біздің «Ойлы болсаң, озып көр» атты сайысымызды бастайық. Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.

Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

  1. Бркенова Г.К.

  2. Хасенова Б.Д.

  3. Аралбаева А.Ы.

Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қоясыздар.

«Сұңқар» тобына:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына:

1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1-топ:

Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква- Letter )

Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка-ruier)

Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц- hare)

Жолбарыстан аумайды,

2-топ:

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-cat )

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса- fox )

Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга-book )

III-айналым. Қызықты ұйқастар.

Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

І-топ:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сүт, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).

IV-айналым. «Кім жылдам?»

Әр топ бір-бірден шығып берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал қатысушылар бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.Дұрыс тапқан топқа 1 ұпай қойылады.

І топқа берілген сөздер: аю,ұшақ, айна, қоңырау, доп, сызғыш, гүл.

ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, қоян, сурет, пойыз,маймыл,қолшатыр.

V-айналым. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».

Әр топ тіл туралы тақырыпта өздері білетін қазақша, орысша, ағылшынша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

«Ойлан тап». Шарты: қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап берулеңіз керек.

1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?

(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)

2.Инемен құдық қазуға бола ма?

(Білім инемен құдық қазғандай)

3.Ең тәтті не?

(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)

4.Оттан да не ыстық?

(Отан оттан да ыстық)

5.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?

(Шашу оңай,жинау қиын)

6.Білгенің қанша,білмегенің қанша?

(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)

7.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?

(Көз қорқақ,қол батыр)

8.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

(Отан үшін отқа түс күймейсің)

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ойлы болсаң, озып көр

Автор: Нуралина Аида Жолдасовна

Дата: 03.04.2018

Номер свидетельства: 464829

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»"
    ["seo_title"] => string(30) "tak_yryby_oily_bolsan_ozyp_kor"
    ["file_id"] => string(6) "399323"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489255385"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "«Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы 2-сыныптар аралығында"
    ["seo_title"] => string(50) "oily_bolsan_ozyp_kor_saiysy_2_synyptar_aralyg_ynda"
    ["file_id"] => string(6) "385646"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485791406"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Ойлы болсаң озып көр»"
    ["seo_title"] => string(22) "oily_bolsan_ozyp_kor_1"
    ["file_id"] => string(6) "440722"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1511640840"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Ойлы болса?, озып к?р" (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(34) "oilybolsanozypkorsynyptantysshara1"
    ["file_id"] => string(6) "328409"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463632975"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) ""Ойлы болса? озып к?р " мероприятия"
    ["seo_title"] => string(35) "oily-bolsan-ozyp-kor-mieropriiatiia"
    ["file_id"] => string(6) "294505"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455647968"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства