Просмотр содержимого документа
«Ойлы болсаң,озып көр!»
Тақырыбы: Ойлы болсаң,озып көр. Сайыстың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту Дамытушылық:Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенліліктерін дамыту Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ Сабақтың барысы: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушылар: Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Сабақта бірге болуға, Шақырамыз сіздерді.
Мұғалім: Мінекей залда тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны бізде қоштаймыз Кешіккендерді тоспаймыз Ғылымдардың жаңасы Математика жайында Сайысты біз бастаймыз Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек»-деген. Олай болса бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыздар. Сендер бұл әлемнің қаншалыты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіздер. Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін оқушылар белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап беру керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет. Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойлары жинақы болуы керек және тәртіп сақталған жөн. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық. Олай болса бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ақылды да, тапқыр, оқушыларымызды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық. Шын жүйрік шабысынан танылады, Нақты білім, терең ой саналады. Баға берер, әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпен қол соғылады. Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты, Бүгінгі арулардың сайысында, Жеңіске жетер нағыз мықты. - дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болайық. Сайыс кезеңдері: 1. «Сәлемдесу сөз басы» ( әр топ таныстырып өтеді) 2. «Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру) 3. «Санға қатысты мақал- мәтелдер» (екі топ мақал -мәтелдің ішінде математикалық саны бар мақалдан жарысады.) 4. «Тапқырлық »сайысы (логикалық есептер)
5.Сергіту сәті (оқушылар ән ырғағымен билейді)
6. «Тәтті сайысы» (кәмпиттің сыртында жасырылған математикалық есепті шығару)
Сәлем берем халқыма, Сәлем берем жалпыңа, Сәлемдесу кіреді, Ата-дәстүр салтына Бас иіп топ алдында шығатын Сәлемдесу парызы әрбір жастың Өнерлерін паш етер сайыскерлер Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1 – кезең «Сәлемдесу сөз басы» бастаймыз
Біздің тобымыз: Білгірлер
Біздің ұранымыз: Білекті бірді жығар. Білімді мыңды жығар. Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алға қойға мақсатымыз бір екен. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым. «Білгірлер» тобынан қарсылас топқа сәлем.
Біздің тобымыз: Алғырлар
Біздің ұранымыз: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз, Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. «Алғырлар» тобынан қарсылас топқа сәлем!
«Асыл тастан, өнер жастан Шығады деп дарынды Халық айтса қалт айтпайды Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын. Шақырамыз, келіңіздер жарысуға. Күш, өнер, білімменен алысуға Бар өнерді салайық, ортамызға Қанеки, кім шығады сайысуға
2 –кезең «Білгенге маржан». Сұрақтарға жауап беру
І – топқа
Ән айтатын адам (әнші) 2. 5 ондықтан құралған сан (елу) 3. Аптаның үшінші күні (сәрсенбі) 4. Дүниедегі ең қадірлі адам (ана) 5. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар геометриялық фигура (үшбұ рыш) 6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра) ІІ - топқа: 1.Өлең жазатын адам(ақын) 2. Қазақтың ұлы ақыны (Абай) 3.Ас атасы не? (нан) 4. Аптаның үшінші күні (сейсенбі) 5.Оқушының сабақ кестесі,үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы(күнделік) 7. Барлық қабырғалары тең,тік төртбұрышты қалай атаймыз? (шаршы)
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән Математика-толған тамаша заңдылық пен сән Математика-толып жатқан терең сыр Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір
3. «Санға қатысты мақал- мәтелдер» (екі топ мақал -мәтелдің ішінде математикалық саны бар мақалдан жарысады.)
1 . Жоқ өзінде бас та,қас та,мойында, Ұзындығы жазулы тұр бойында(сызғыш,) 2.Он бір түйе, бес жылқы, Екі сиыр, бес ешкі Екі қоян,үш түлкі, Таба алмасаң бос күлкі (28) 3. Бес бұтақты ағашта, Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер алашқа Қалады сонда қанша алма. (24) 4.Бес жанды бір жансызға тіркескен, Айналып ақ тақырдан із кескен. (бес саусақ пен қалам)
1.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 7. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
4. «Тапқырлық »сайысы (логикалық есептер)
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?
Нұрғалымның Нұржаннан бойы ұзын. Бірақ Жансұлтаннан кіші. Сонда кімнің бойы қысқа?
Менің атым-Медет. Менің ағамның бір ғана інісі бар. Оның аты кім?
1.Аулада 3 қоян, 2 тауық, 1 күшік және 1 мысық жүр. Барлығының аяқтарының саны қанша?
2.Бақбергеннің есіміндегі әріптерге 5 санын қос.
3.Дала өте суық. Термометр 3 градусты көрсетіп тұр. Осындай 3 термометр қанша градусты көрсетеді?
5-кезең.Сергіту сәті (оқушылар ән ырғағымен билейді)
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым.
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
6– кезең «Тәтті сайысы» (бұл сайыста оқушылар қорапқа салынған қағазға ораулы тұрған кәмпитті алып қағазда жасырылған есептің жауабын тауып,кәмпитті ашып жеу керек кім көп есепті шығарып, әрі қанша кәмпит жесе соған көп ұпай беріледі әр кәмпит 1 ұпай)
Қанып сандар сырына, Шықсақ білім шыңына. Деп алаулап жүрегі Қосқан әуен жырына, Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Алдыңызда жайнаған жүздер әні Сіздермен кездесеміз біздер әлі. Әділ-қазы, көрермен сау тұрындар Күтеді бізді жарқын күндер әлі. Осымен «Ойлы болсаң,озып көр» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар.
«Бақыршық орта мектебі»КММ
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Д.Б.Шаяхметов
Пән аты:Математика
Тақырыбы:
Сыныбы:2«А»
Бастауыш сынып мұғалімі:Қайролданова М.Ғ
2017-2018 оқужылы
4+5= 41+5= 41+5=
9+6= 12+3=60-10=
9+9= 15+5=25+15=
40+20= 25+10=5+15=
15+15= 30+25=10+13=
40-30= 7+5=80+7=
70+20= 11+4=25+3=
26-10= 80-20=90-70=
9+6= 12+3=44+10=
9+9= 15+5=50+20=
40+20= 25+10=30+5=
15+15= 30+25=5+80=
40-30= 7+5=6+4=
70+20= 11+4=
26-10= 80-20=
90-20=
Топ басшылар сайысы.
1. Ең кіші үш таңбалы сан? (100) 2. Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен) 3. Бір тәулікте неше сағат бар? (24) 4. 10 см де неше дм бар? (1 дм) 5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5) 6. Аспанда неше күн бар? (1) 7. Адам қолында неше саусақ бар? (10) 8. 2 ондық 8 бірлік? (28) 9. 6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)
1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99) 2. Азайту амалын немен тексереді? (қосумен) 3. 1 сағатта неше минут бар? (60) 4. 1 м – де неше см бар? (100) 5. Шаршының неше бұрышы бар? (4) 6. Адамда қанша көз бар? (2) 7. Аспанда неше ай бар? (1) 8. 9 ондық 5 бірлік? (95) 9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)