Просмотр содержимого документа
«?н саба?ы 1 сынып»
Тақырыбы: Ән сабағы Бекітемін: 15.04.16
Сабақ мақсаты: 1/Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру;Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру; 2/Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3/Оқушыларды сауатты жазуға,өнерді түсінуге,өз елін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ әдісі:ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу. Көрнекілігі:портреттер,мақал-мәтелдер,үнтаспа,топшамалар. Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Зейіндерін тұрақтандыру. -Балалар мен бүгін өте көңілдімін.Сендер ше? -Балалар бүгін бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,гүл сыйлайықшы. -Ақылды бол! -Инабатты бол! -Бақытты бол! -Білімді бол! -Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.
ІІ.Үй жұмысын тексеру. 1.Ж.Жабаев "Балаларға" Өлеңді мәнерлеп оқу.Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету. -Жамбыл ата кім болған? -Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан? 3.Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру. -Сөйлем неден құралады -Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? -Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? ІІІ.Жаңа сабақ. "Ән сабағы" Авторға тоқталу.Өлеңді мәнерлеп оқу. К.Байсейітова -қазақтың бұлбұл әншісі.24 жасында Совет Одағының халық артисі деген атақ алған.Өмірден жастай кеткен.Киноға түскен,театрда ойнаған. Үнтаспадан "Гәкку" әнін тыңдату. Қазақтың әнші ,бишілерімен таныстыру. Сергіту сәті. Мақал -мәтелдерді оқып,мағынасын түсіндіру. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. Дәптермен жұмыс. 155-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойып,көшіру. -Көйлекті неден тігеді? -Нені сүттен ұйытады? -Алманың дәмі қандай? -Ненің түсі қызыл? Ойын "Ойлан тап" Сөздерден сөйлем құрап жазу. Ауызша.156-жаттығу.Жаңылтпашты мәнерлеп оқып,тиісті тыныс белгісін қою. ІV.Қорытындылау. Сабақты бекіту. "Өнер" сөзіне топтастыру жасау. V.Үйге тапсырма. "Ән сабағы " жаттап келу.Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме жазу.
Математика Бекітемін: 15.04.16 Сабақтың тақырыбы: Ондық. Натурал сандар (презентациясымен) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту.Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білім беру Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі Сабақтың көрнекілігі: корточкалар,суреттер Пәнаралық байланыс: ана тілі Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация Сабақтың ұранын айту: Математика сабағын, Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі деп сананың, Мәнінен ой табамыз. - Кезекші бүгінгі күн туралы айтып бер. - Бүгін сәуірдің 15 - ы, аптаның 5 - ші күні - Бүгін математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. Батырлар туралы қандай мақалдар білеміз - Батыр туса - ел ырысы, Жаңбыр жауса - жер ырысы ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Мысал 4 7 2 ---- 7 = 7 ---- 7+a=9 ----- a+7=9 9 = 9 ---- 2 = 2 ---- 2 Теңдеулерді бірінші бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға, ал теңдіктерді үшінші бағанға жаз. Теңдеулерді шеш. 7+a=9 ------- 9 = 9 ------- 7 2 a+7=9 ------- 7 = 7 ------- 2 a - 7=2 ІІІ. Жаңа сабақ. Ондық. Натурал сандар (25 мин) \ \ \ \ \ \ \ \ \ - 9 таяқшаға тағы 1 таяқша қоссақ, 10 таяқша болады. Бумада 10 таяқша, ондықты білдіреді. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 – бір таңбалы натурал сандар. 10 - екі таңбалы натурал сандар. Оқулықпен жұмыс Мысал 3. Тиісті сандарды қой: □ □ см = □ дм
. Сергіту сәті Тақтаға орындау. Мысал 4. Тиісті сандарды орнына қой: 3 + □ =10 8 - □ =1 □ +4 = 7 □ + □ =9 □ - 4 =2 5+ □ =9 □ - 2 = 8 □ - □ =3 Өзіндік жұмыс. Есеп 5. Барлығы неше алма және алмұрт ағаштары өсіп тұр? Осы сұраққа жауап беру мүмкін болатындай есеп шартын құрастыр. Есепті шығар. Шарты: Алма – 3 ағаш Алмұрт – 2 ағаш Барлығы -? Ш: Барлығы 5 ағаш ІҮ. Сабақты бекіту, қорыту. Сұрақ – жауап (5 мин) 1. Бір таңбалы натурал сандар қатарын ата. 2. Екі таңбалы натурал санды ата. 3. 1 онд. қанша бірл. бар? 4. 10 бірл. қанша онд. құрайды? * Логикалық тапсырма Ү. Бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма. Мысал 4 (3, 4)
Сабақтың тақырыбы:Жүгірк,жүрумен кезектестіре отырып 2 мин жүгіру Бекітемін:______15.04.16
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың қимыл қозғалыс ойындары арқылы дене қабілеттерін қалыптастыру.
2.Сапқа арналған жаттығуларын үнемі орындауға баулу.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
3.Оқушылардың дене қабілеттерін түрлі жаттығулар арқылы дамыту.
Сабақтың мітдеттері:Сапқа арналған жаттығуларын жіне оның ішінде жүру және жүгіру жаттығуларын оқушыларға жүргізе отырып,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Қимыл қозғалыс ойындарын жүргізу
Қ\с
Сабақтың мазмұны
Ұзақтығы
Әдістемелік ескертулер
1
Дайындық бөлімі.Ұйымдастыру кезеңі.
8-15 минут
Сапқа тұру.
Түгендеу.
Алаңға шығу.
Бұйрықтарды орындау.
3-минут
5-минут
2-минут
2
Негізгі бөлім
25-30 минут
Саппен айналым жүгіру.
Санау арқылы топқа бөліну.
Төрт қатардан тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасау
1. Қол белде, бірінші басты оңға, екінші солға айналдыру.