Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұжым жасуға үйрету Міндеттері: -Оқушыларды бірлестікке баулу. Ұжымға деген суйіспеншілікті үйрету. Оқушыларға сынып үшін қандай іс әрекет жасауды үйрету. Сабақ барысы:Ұйымдастыру сәті. Тыныштық сәті. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз. Жаймен көзінізді ашуға болады. 1.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір-біріне көмектессе, ұжымда бірлік, сыйластық болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсат, ол - білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну. 2. Дәйексөз. Ұжымда болу - бақыт. Ә. Табылдиев 3.Әңгімелеу.Күмән М. Гумеров Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рахила . - Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,- деп айқайға басты ол. Б танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағ-ды білген соң: - Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз, - деді. Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мүғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, үзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен: - Балалар! - деді. - Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рахила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып: - Сындырған мен! - деді. Сыныптағылар аңтаң. Дәуіт ең момын бала еді. - Өтірік! - деді Рахила қызараңдап. - Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым. - Ендеше неге бірден айтпадың? - деді Әтіргүл. - Жұртты осынша дауластырып қойғаның не? - Е, маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып... Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын. Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байкамай әйнекті сындырып алыпты да, сасканынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жок екен. Балалардың барлығы Рахилаға қарады. - Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің? - деді екі-үш бала. Рахила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды. Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды. Көрмегенді көрдім деу - ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол - жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды. Өтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рахилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рахиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолд-ның сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!...» 4. Шығармашылық жұмыс, жекеше жұмыс. Сынып-ның қуанышын қалай бөлісер едіңдер. 5. Топпен ән айту. Дос болайык бәріміз. 6.Үй тапсырмасы. «Өзінің сүйікті сыныбым» атты шығарма жазу. 7.Соңғы тыныштық сәті. |