kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәні бойынша "Менің сыныбым- менің ұжымым" тақырыбында ашық сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырып: Менің сыныбым-менің ұжымым

Құндылық: Ақиқат     Қасиеттер: шыншылдық, адалдық, бірлік.

Мақсаты: Ұжым туралы түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Тақырыпты аша отырып, бірлік туралы түсінік беру;
  • Оқушылардың адал болу  дағдыларын дамыту;
  • Шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, плакат, бейнежазба, оқулық, оқу құралдары, интернет.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (сәлемдесу,түгендеу, «5 Т» ережесімен таныстыру,  құрал-жабдықты талап ету)

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  • Қандай сезімде болдыңдар?

 

Үнтаспа, «Волшебная композиция – хрустальная грусть»

Үй тапсырмасын тексеру. Білім, ой, жақсы-жаман туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттап келу берілген

Дәйексөз.

«Ұжым болу-бақыт» Ә.Табылдиев

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

( хормен 3 рет айту, дәйексөзді дәптерге жазғызу)

Әдібай Табылдиев (2 ақпан 1926 ж.т., Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы) – ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы(2005), профессор (2005), Қазақ КСР-і және КСРО Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007).

Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат). Күмән                                      

 Машқар Гумеров

Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын.

– Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,–деп айқайға басты ол.                 

Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң:

– Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз,–деді.

Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен:

– Балалар! – деді.  Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғой.

Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып:

– Сындырған мен! – деді.

Сыныптағылар аң-таң. Дәуіт ең момын бала еді.

– Өтірік! – деді Рақила қызараңдап.

– Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым.

 Ендеше неге бірден айтпадың?  деді Әтіргүл. – Жұртты осынша дауластырып қойғаның не?

 Е,маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып…

Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын.

Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екен.

Балалардың барлығы Рақилаға қарады.

 Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің?  деді екі-үш бала.

Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды.

Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды.

Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол  жалақорлық.  Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды.

Әтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!.»

  • Әңгімеде не туралы айтылған?
  • Әңгімеде қандай қасиеттерді көруге болады?
  • Өз сыныптарыңда осындай жағдайлар болды ма?

Оқулық  23 бет

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды таңдаған гүлдері арқылы топтарға бөлу (Раушан, Түймедақ, Жауқазын)

Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында әр топқа «Менің сыныбым» атты тақырыпта постер жасау тапсырылады. Постерде өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазуға, немесе сыныптастарына арнап 4 жол өлең шығаруға болады.

Плакат, түрлі-түсті маркер, қарындаш, үнтаспа, бейнежазба.

Топпен ән айту.

Айгөлек-ау, айгөлек!

Сөзі

Әні

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

 Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай 

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде  3 рет

Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде   3 рет

Би билеймін дөңгелеп.

Үнтаспа.

Үй тапсырмасы.

А.Шамкеновтың «Біздің сынып» атты өлеңін жаттау.

Оқулық, 27 бет

Соңғы тыныштық сәтi (3мин)

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

«Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні бойынша "Менің сыныбым- менің ұжымым" тақырыбында ашық сабақ жоспары»

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ Мерзiм:

Мұғалiм: А.Ж.Аязбаева

Сынып: 4 Оқушылар саны:18

Тақырып: Менің сыныбым-менің ұжымым

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: шыншылдық, адалдық, бірлік.


Мақсаты: Ұжым туралы түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Тақырыпты аша отырып, бірлік туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың адал болу дағдыларын дамыту;

  • Шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, плакат, бейнежазба, оқулық, оқу құралдары, интернет.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (сәлемдесу,түгендеу, «5 Т» ережесімен таныстыру, құрал-жабдықты талап ету)

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  • Қандай сезімде болдыңдар?


Үнтаспа, «Волшебная композиция – хрустальная грусть»

Үй тапсырмасын тексеру. Білім, ой, жақсы-жаман туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттап келу берілген


Дәйексөз.

«Ұжым болу-бақыт» Ә.Табылдиев

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

( хормен 3 рет айту, дәйексөзді дәптерге жазғызу)







Әдібай Табылдиев (2 ақпан 1926 ж.т., Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы) – ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы(2005), профессор (2005), Қазақ КСР-і және КСРО Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007).

Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат). Күмән                                      

 Машқар Гумеров

Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын.

– Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,–деп айқайға басты ол.                 

Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң:

– Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз,–деді.

Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен:

– Балалар! – деді.  Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғой.

Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып:

– Сындырған мен! – деді.

Сыныптағылар аң-таң. Дәуіт ең момын бала еді.

– Өтірік! – деді Рақила қызараңдап.

– Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым.

– Ендеше неге бірден айтпадың?  деді Әтіргүл. – Жұртты осынша дауластырып қойғаның не?

– Е,маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып…

Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын.

Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екен.

Балалардың барлығы Рақилаға қарады.

– Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің?  деді екі-үш бала.

Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды.

Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды.

Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол  жалақорлық.  Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды.

Әтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!.»

  • Әңгімеде не туралы айтылған?

  • Әңгімеде қандай қасиеттерді көруге болады?

  • Өз сыныптарыңда осындай жағдайлар болды ма?

Оқулық 23 бет

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды таңдаған гүлдері арқылы топтарға бөлу (Раушан, Түймедақ, Жауқазын)

Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында әр топқа «Менің сыныбым» атты тақырыпта постер жасау тапсырылады. Постерде өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазуға, немесе сыныптастарына арнап 4 жол өлең шығаруға болады.


Плакат, түрлі-түсті маркер, қарындаш, үнтаспа, бейнежазба.

Топпен ән айту.

Айгөлек-ау, айгөлек!

Сөзі

Әні

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

 Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай 

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.


Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде  3 рет

Би билеймін дөңгелеп.


Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.


Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде   3 рет

Би билеймін дөңгелеп.




Үнтаспа.

Үй тапсырмасы.

А.Шамкеновтың «Біздің сынып» атты өлеңін жаттау.

Оқулық, 27 бет

Соңғы тыныштық сәтi (3мин)

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

«Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде».










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Өзін-өзі тану пәні бойынша "Менің сыныбым- менің ұжымым" тақырыбында ашық сабақ жоспары

Автор: Аязбаева Айдын Жумабековна

Дата: 25.04.2017

Номер свидетельства: 411542

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "№8 мектебіні? бастауыш сыныптары бойынша жылды? есебі"
    ["seo_title"] => string(53) "8miektiebininbastauyshsynyptaryboiynshazhyldykiesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "310814"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459098061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства