Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
- Сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Еңбек ету іскерліктерін дамыту;
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың«еңбек»құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар:,дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері Ө.Тұрманжановтың өлеңін айту,оқушылар қайталайды.
Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында оқушыларға әңгімнлесу жүргізіледі:
- Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендердің сүйікті істерің?
- Сүйікті іспен шұғылдану өздеріне не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс Мұғалім оқушыларға сүйікті іспен айналысудың қажеттілігін түсіндіру мақсатында А.Қайырханованың «Өнерлі бала» әңгімесін айту.
Дәексөз Сабақ тақырыбының мәні дәйексөз мағынасының түсіндірілуімен ашылады. «Сүйіп істеген іс шаршатпайды»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.Сүйікті ісіңді сүйіп істесең ешқашан шаршатпайды.Сондықтанда сүйікті іс өзіңе де,өзгеге де пайда келтіреді.
Тапсырма Суреттер бойынша әңгіме құрастыру,өздерінің сүйікті істері туралы айтып беру.
Ойын-жаттығу Оқушылардың қандай сүйікті іспкен айналысатыннын білу мен оларды сондай іске талпындыру үшін ойын-жаттығу ұйымдастырылады.
Тыныштық сәті Жұмыс түрінің ауысу аралағында балалардың денесі,ойы сергітіледі.
Жаттығу-ойлану Балалардың дәйексөзден түйген ойлары жаттығу-ойлану тапсырмасын орындау барысында бекітіледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі.Дәйексөздің айтылуына мән беріп,сол туралы өз пікірлерін айтады.
Дәптермен жұмыс Дәптердегі «Менің сүйікті ісіммен шұғылданғанда..»айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазу.
Қорытындылау -Балалар,бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімелестік.Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік.Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді.Сондықтанда айналаңды сүйсінтер,өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын.Ол еңбекпен келеді.
Жүректен жүрекке Оқушылар мұғавліммен бірге шеңберде тұрып,Ә.Табылдиевтің өлеңін айтады.