kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вирустар мен фагтар. Оны? ??рылысы мен тіршілікті? ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 

Сынып: 10 «А»

Саба?ты? та?ырыбы: Вирустар мен фагтар. Оны? ??рылысы мен тіршілікті? ерекшеліктері.

Ма?саты: О?ушыларды? вирус туралы т?менгі кластан білетіндерін еске т?сіре отырып вирус ??рылысы, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус ар?ылы таралатын ауру т?рлері туралы ма?л?мат беру.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вирустар мен фагтар. Оны? ??рылысы мен тіршілікті? ерекшеліктері»

Күні:

Сынып: 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Вирустар мен фагтар. Оның құрылысы мен тіршіліктің ерекшеліктері.

Мақсаты: Оқушылардың вирус туралы төменгі кластан білетіндерін еске түсіре отырып вирус құрылысы, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың прокариоттар, эукариоттар және жасушасыз тіршілік құрылымы туралы білімдерін дамыта жетілдіре түсу.
Тәрбиелілігі: 1. Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға тәрбиелеу
2. Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Өткізу әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы, ребус шешу.
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Постермен жұмыс (топпен жұмыс)
5. Биологиялық диктант (жеке жұмыс)
6. Ребус шешу
7. Бекіту сұрақтары
8. Тест жұмысы

9. Бағалау

10.Үй тапсырма
I. Ұйымдастыру.

Cабақ бастауға арналған тренинг

Қазір қандай жыл мезгілі? Қысты күні ауа райы қандай болады?Тоңғаныңызды көрсетініз, енді жылынғанынызды көрсетініңдер, енді өздеріңді еркін ұстап жайлы сезінесіз. Сізге абайсыздан бетіңізге қар тиді, көңіл күйіңіз қандай?реніш көңіл күй көрсетіңіз. Ал енді аққала жасап көрсетіңдер, аққаланың дөңгелектерін бірінің үстіне бірін қойыңдар.жарайсыңдар. Аққалаларын өте әдемі шықты. Үйге сендер өте жақсы көңіл күймен келдіңдер. Сондай көтеріңкі көңіл-күймен бүгін біз сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1 — тапсырма.  Кесте толтыру

Презентация арқылы суреттер көрсету

2-тапсырма. Тест.

1.Өсімдік жасушасының қабықшасы неден тұрады?

А)жасұнықтан    Ә)гликогеннен       Б)Крахмалдан         В)нуклеин қышқылдарынан

2. Цитоплазманың құрамына нелер кіреді?    

 А) органоидтар Ә) организм тіршілігіне қажетті органоидтар, гиалоплазма және матрица

Б)ферменттер           В)май қышқылдары

3. жарық микроскобының көмегімен жасушаның қандай бөлімдері табылған?

А) ядро       Ә)сыртқы мембрана          Б)ядро қабықшасы        В)цитоплазма

4. Жасуша органоидтеріне не жатады?

А) цитоплазма       Ә) митохондрия          Б)мембрана       В)ядро

5.жасушаның қандай органоидтерінде нәруыз синтезі жүреді?

А) митохондрияда      Ә)рибосомада        Б) ЭПТ-да         В)ядрода

6. Қандай органикалық зат жасушада негізгі энергия көзі болып табылады?

А) нәруыз         Ә)май          Б)көмірсулар          В)АТФ

7. Энергияның босап шығу процесі жасушаның қандай органоидінде жүреді?

А) митохондрияда        Ә) рибосомада        Б) ядрода       В)лизосомада

8. Адам жасушасының ядросында қанша хромосома болады?

А)48          Ә) 36             Б) 46          В)32

9. Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп аталатын органоид?

А)Гольджи жиынтығы       Ә) Лизосома       Б)рибосома       В)ЭПТ

10. Өсімдіктер мен жануар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс?

А) цитоплазма       Ә) жасуша орталығы         Б)вакуоль        В)митохондрия


III. Жаңа сабақ

Миға шабуыл

Вирустар дегеніміз не?

Вирустарды зерттейтін ғылым саласы?

Вирустар тудыратын қандай ауруларды білесіңдер?


Сабақ жоспары:
1. Вирус құрылысы
2. Зерттеу тарихы
3. Вирустардың типтері, бактериофаг

Вирус “Virus” латын сөзінен аударғанда “у” деген мағынаны білдіреді. – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Вирустарды зерттейтін ғылым вирусология. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады.  Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. Бұл сөзді алғаш рет темекі теңбілі зиянкесін зерттеген орыс ғалымы Д.И.Ивановский 1892 жылы қолданады.

Темекі теңбілі вирусының пішіні- ұзынша цилиндр тәрізді болып келеді. Капсомерлерден тұратын нәруызды қабықшасының астында спираль тәрізді оралған РНҚ болады.

Д. И. Ивановский – вирусология ғылымының негізін қалаушы.
вирустардың пішіні әр түрлі болып келеді. Вирустардың ұзындығы 20 нм-ден 500 нм-ге дейін барады.( 1нм= 10-9 м )Вирустар бактерилардан кіші болып келеді.

Бактерофаг – бактерияларды зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар. Оны 1935 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды.
Вирустық аурулар:

Адамда:тұмау,ЖҚТБ,

Өсімдікте :темекі теңбілі 

Жануарларда: құтырма гепатит,шешек,

ауысыл,топалаң. полиомелит.



Топппен жұмыс

1 топ- вирусқа анықтама беру және зерттелу тарихы туралы

2 топ- бактериофаг

3 топ- вирус тудыратын аурулар


Әр топ постер қорайды


Сергіту сәті



Биологиялық диктант жеке жұмыс(карточкамен)

  1. Вирус - тірі организмдердің жасушасыз тіршілік иесі

  2. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе  дезоксирибонуклеин

нәруызбен  қапталған қабықшадан –капсидтерден  тұрады.

  1. Вирустар тек тірі жасушаларда өсіп-өніп көбеюге бейімделген.

  2. Қазіргі кезде вирустардың жылықанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал

өсімдіктерді уландыратын  300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

  1. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды.

  2. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды

  3. Вирусология ғылымының негізін салған ғалым , Ивановский


Ребус шешу

Бактериофаг

Вирусология

Капсидтер


Бекіту сұрақтары

  1. Не себептен вирустардың белгілі түрін бактериофаг деп атаған?

Ж: себебі бактериофаг бактерияны зақымдап ерітіп жібереді.

2. Вирусология ғылымының негізін салған ғалым? Ивановский

3.Вирус құрылысы? Капсид және ДНК немес РНК

4. Вирустармен үнемі күресудің жолдарын білу қажеттілігінің себебі не?

Ж: вирус ауру қоздырғыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады.

5. Не үшін вирустарды зерттеу керек?

Ж: себебі тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру аурулары вирус арқылы таралады. Солардың алдын алу үшін зерттеу керек.

6. Вирус тудыратын аурулар?

Адамда:тұмау,ЖҚТБ,

Өсімдікте :темекі теңбілі 

Жануарларда: құтырма гепатит,шешек,

ауысыл,топалаң. полиомелит.


Тест

1. Вирус ұғымын енгізген ғалым

а) Бейеринк б) Ивановский с) Гамалея 2. Темекі теңбілі вирусын анықтаған ғалым

а) Ивановский б) Бейеринк с) Гамалея

3. Вирус латын тілінен аударғанда қандай мағына береді

а) у б) ядро с) қабықша

вендиаграмма бактерия мен вирус жайлы


Бағалау:

Үй тапсырма:










Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің мектеп жанындағы интернатымен Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі











Ашық сабақ тақырыбы:

Вирустар мен фагтар.

Оның құрылысы мен тіршіліктің ерекшеліктері.






















2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Вирустар мен фагтар. Оны? ??рылысы мен тіршілікті? ерекшеліктері

Автор: Бектау Санду?аш М?барак?ызы

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326217


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства