(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 2-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды,еске түсіреді.Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8-сюжет берілген.Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды.Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтың толық нұсқасын тыңдайды,әр сюжет бойынша хормен,жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады.Мұғалім оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды. (МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы суреттерде берілген сұрақтарды қояды,оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады: 1) Бұл не?(Мұғалімнің қолында немесе тақтада оқу құралдары болу керек) 2) Сенің мектебің қандай? 3) Сенің сыныбың қандай? 4) Сыныпта не бар? 5) Сен неше жастасың? 6) Сен нешінші сыныпта оқисың? 7) Сен мектепте не істейсің? 8) Сенде неше қарындаш бар? таңдап айтады. (Ж) Оқушылар тақтада берілген сөздерге көптік жалғауын қосып дәптерге жазады: кітап... дәптер... күнделік... қарындаш... өшіргіш... сызғыш... қайшы... желім... Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады. (МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім мектеп,оқу құралдары,сыныптағы зат атауларын,сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады.Осы бөлімнің соңында оқушылардың: - қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (үлкен,әдемі); - не?сұрағына жауап беретін сөздерді(мектеп,сынып,парта,есік,терезе,үстел,орындық) атай алу; - тақырыпқа сәйкес заттың түсін айта алу(тақта қоңыр,орындық қызыл,үстел қара); - өзінің жасын айта алу.(Мен алы жастамын.Мен жеті жастамын) ; - оқу құралдарын айтаалу(қалам,қарындаш,дәптер,кітап,сызғыш,өшіргіш,қайшы); - нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын); - бір нәрсені сұрап ала алу (Маған қайшы (өшіргіш,сызғыш) берші /беріңізші; - алғыс айта алу (Рақмет!); - өзінің мектепте не істейтінін айта алу (Мен мектепте жазамын (оқимын,сөйлеймін,тыңдаймын)дағдылары қалыптасуы қажет. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмалар орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. |