kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің досым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дұшпан күлдіріп айтады

Дос жылатып айтады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің досым»

Сабақтың тақырыбы: «Менің досым»

Сабақтың мақсаты: Достық туралы балалар ұғымын кеңейту, балалардың достық қарым-қатынасына ықпал ету. Олардың бойларында сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін ояту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушылардың дос туралы ұғымын кеңейту,достықтың түрлерімен таныстырып адал дос болуға үйрету.

Дамытушылық: Дос турлы әңгімелесу барысында оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуге, жағдаяттық тапсырмалар барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдептілікке, қарапайым болуға, достарын сыйлап құрметтеуге, шынайы дос болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың типі: Тәрбие сағаты

Сабақтың көрнеклігі: Плакат, суреттер,ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері (Балалар бір – біріне тілектерін айтады)

Жүректен жүрекке

  • Ойыншық жүрекшені алақандарына салып, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап беріп бір-бірлеріне ұсыну.

Балалар: - Менің досым ақылды болса деймін...

Менің досым өтірік айтпаса екен деймін...

Менің досым әр уақытта қуанып жүрсе деймін...

Менің досым еңбекқор болса деймін...

Менің досым мейірімді болса деймін...

Менің досым кешірімді болса деймін...

Менің досым сабағын өте жақсы оқыса деймін...

Менің досым сұлу болса деймін...

Түстерді таңдау арқылы Топқа бөлу.

II.Негізгі бөлім

Балалар!

Күнделікті өмірде қуанышыңды бөлісетін, сырласатын, сыйласатын, ренішіңді айтатын, істеген істерің ортақ, қиын кезде көмекке келетін, ауырсаң қасыңда болатын, мінездерің ұқсас.

Ол кім?

- Әрине достар.

«Досым, саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен» - деп, Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз достық, достық қарым - қатынас туралы болады. Жалпы «дос» сөзінің мәні, оның адамға жақсы, жағымды жерін тигізетін қасиеті жайлы айтамыз.

Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат жан. «Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек, дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.

Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары:

1)"Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру.

2)Досың бар ма? Ол қандай?

3)Досыңды неге теңер едің?

4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5)Достық жасқа байланысты ма?

6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

Мақал мәтелдің жалғасын табуларың қажет.

  1. Дұшпан күлдіріп айтады,

….....................................(Дос жылатып айтады)

  1. Кемшіліксіз дос іздеген адам

….................................(Доссыз қалады)

  1. Досы жақсының,

…........................(Өзі де жақсы)

  1. Дұшпаннан бір сақтан

….......................(Жаман достан мың сақтан)

5. Ақылсыз достан,

…........................(Ақылды дұшпан артық.)

6. Доссыз адам,

…......................(Тамыры жоқ ағашпен тең)

7. Жақсы дос мың күндік

…......................(Жаман дос бір күндік)

8. Біреу жаныңа жолдас

….......................(Біреу малыңа жолдас)

Сөйлемдерді жалғастыр

Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

Сыйластық бар жерде...

Адал достық дегеніміз...

Жағдаяттар шешу

Жақсы дос

Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.

Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақын досым – Қанат» - деді. Қанат ұялып қалды.

Екі дос ертегі

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Біреуінің аяғын қайырып алғандықтан, ақсап келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде досы талға өрмелеп жасырынып қалад. Ал ақсақ досы болса қалып қояды. екіншісі.
Не істерін білмей тұрғанда, ойына
«Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.Сонда досы: «
Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Ойын: «Бұлттар»
Ағаш...., адам ....мықты (тамырымен, досымен)
Күлме...., келер.... (досқа, басыңа)
Доссыз...., тұзсыз.... (өмір, ас)
Адал ...., алтыннан қ.... (дос, қымбат)
Дұшпан ....айтады, дос.... айтады (күлдіріп, жылатып)
Досы көпті .... алмайды (жау)

Көрініс: «Саңырауқұлақтың саясы»
Қатысушылар: Жүргізуші - , құмырсқа , көбелек , торғай , қоян , түлкі
Жүргізуші: Көктем келді,

Жер көгерді,

Табиғат әсем күйге енді!
Дала гүлге бөленді.

Шалғынына Құмырсқа келді.
(аспан түнере бастайды. Жаңбыр жауғалы тұрған сурет көрсетіледі)
Құмырсқа: Бұлттар бәрі жылжыпты,

Жаңбыр сірә төгеді.

Мына саңырауқұлақ пана болса,

Бізге тиер көмегі.
(Құмырсқа жорғалап барып,саңырауқұлақтың астына жасырынады. Жаңбыр жауа бастайды.Шалғынға көбелек келеді)
Көбелек:

Күшім кетіп әлсіреп,

Қанатым су боп жабысып,

Ұша алмады,құмырсқа,

Алшы мені қасыңа,

Пана берші басыма.

(жаңбырда қанаты су болып ұша алмаған соң,торғай да саңырауқұлақтың саясына жасырынуға келді.)
Торғай:

Жаңбыр қандай күшті еді,

Ұша алмадым,мені көр!

Бас сауғалап келіп ем,
Жандарыңнан орын бер.

(Сол кезде қоян жүгіріп келді)
Қоян:
Түлкі қуып есім кетті,

Айналайын аңдар-ау!

Маған пана болыңдар

Жасырыңдар,қорыңдар.
Үшеуі қосылып:

Тұра ғой,

қосыл да,

Жасырамыз осында.
Түлкі: Ор қоянды орғыған көрдіңдер ме,балақайлар-ау?
Бәрі: Жоқ,жоқ,көрген жоқпыз.
Түлкі: Әлі-ақ қолға түсерсің. (ол кетіп қалады)
Жүргізуші:

Міне,жаңбыр да басылады,

Аспан шайдай ашылады.

Аңдар саңырауқұлақтан шықты,

Бір-біріне қарасты,

Таңдана былай таласты.
Құмырсқа: Мен жалғыз өзім сыйған саңырауқұлақ сиқырлы ма?
Көбелек: Біз бәріміз сонша кішкентаймыз ба?
Тоғай: Көңіл сыйса,бәрі сияды.
Қоян: Екі адам ығысса,бір кісіге орын табылады.
- Дос туралы басқа жаттаған қандай өлең, тақпақтарың және мақал-мәтелдерің бар? (Оқушылар өздерінің жаттаған өлеңдері мен мақал-мәтелдерін айтады).

Лунара: Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

Мансур: Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.

Мадина: Досым менің бәйшешектей гул шашқан
Досым менің актарылып сыр ашқан
Досым менің ажыраспай көп жылдар
Қос өзендей катарласып бірге аққан
Ерасыл: Тұрғанымда қысылып
Медет берген достарым;
Өз қайғысын ысырып
Көмек берген достарым;

Айдана: Замандастың жеңісін
Көре білген достарым;
Қолындағы жемісін
Бөле жеген достарым;

Мәулет: Сынға түскен кездерде
Сырын бермес достарым;
Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым;

Ләззат: Жырға сені қосумен
Өтсем деймін досым-ау;
Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау.

Бекзат: Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.

Мақал- мәтелді жалғастыр.

1. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

2. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

3. Достық қымбат өмірде

4. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіртіп айтар

5. Күлме досыңа, келер басыңа

6. 100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын

7. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең

8. Дос достың кемшілігін кешіре біледі.
- Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздан не ұқтық? Дос деген кім? Қандай адаммен дос болу керек?
Олай болса балалар «ДОС» күн шуағын құрастырайық.Тақтаға «ДОС» күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік.

Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.

«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қорытындылау
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Күніміз күлкілі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Нұрлы аспан астында аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін, -деп Рахым Балабиев ағаларың жырлағандай достық деген адам өіріндегі қымбат сезімдердің бірі. Ендеше әрқашан достықты бағалай білейік. Достарымыз көп болсын. Мен бүгінгі көңіл-күйімізді күнге теңегім келіп отыр. Мына жап-жарық күніміз әрқашан жарқырап шыға берсін. Енді сендер дос туралы қанша жылы сөздер айтсаңдар, сонша арай күніміз шуағын шашпақ.
Ән: «Достарым».

 


















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің досым

Автор: Кенжебекова Ақбота Аділбекқызы

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407524

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Разработка урока по казахскому языку "Мені? сыныптас досым" для учащихся 5 классов "
    ["seo_title"] => string(90) "razrabotka-uroka-po-kazakhskomu-iazyku-mienin-synyptas-dosym-dlia-uchashchikhsia-5-klassov"
    ["file_id"] => string(6) "221207"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1435121480"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Урок"Дос болайы? б?ріміз""
    ["seo_title"] => string(20) "urokdosbolaiykbrimiz"
    ["file_id"] => string(6) "312440"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459342893"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ит- адамны? досы. /М?сіндеу. Ересектер тобы/ "
    ["seo_title"] => string(44) "it-adamnyn-dosy-musindieu-ieriesiektier-toby"
    ["file_id"] => string(6) "156158"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421387686"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Дос болайы?-б?ріміз"
    ["seo_title"] => string(21) "dos-bolaiyk-b-rimiz-7"
    ["file_id"] => string(6) "302137"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457075200"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Мені? достарым"
    ["seo_title"] => string(15) "mienin-dostarym"
    ["file_id"] => string(6) "276530"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452756845"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства