3-БӨЛІМ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 2-САБАҚ
Тақырыбы:
Менің анам
Ақтөбе қаласы
«№ 26 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Күні, айы :
Мұғалімнің аты-жөні: Ерсұлтанқызы П.
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу
бағдарламасына
сәйкес оқу
мақсаты
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім\не туралы екенін түсіну.
1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіндіру.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Ақылды, әдемі, күшті сөздерін отбасы мүшелерін сипаттауда қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Отбасы мүшелері туралы сұрақ қоя алады, отбасы мүшелерінің атын, қандай екенін атай алады.
Кейбір оқушылар :
Отбасы мүшелерін сипаттауда басқа да сөздер қатарын орынды қолдана алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті.. деп ойлайсыз?
Ишара:
Алдыңғы оқу
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
(6-40 минут)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады.(Менің анам әдемі. Менің әкем ақылды). Берілген үлгі бойынша оқушылар әдемі сөзін еске түсіріп, ақылды, күшті сөздерімен танысады. Сондай-ақ аталған сөздерді отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануға жаттығады.
МК, Ұ) 2-тапсырмадағы кесте арқылы оқушылар аға-әпкесі, іні-қарындасы туралы (бар\жоқ екенін) айтуды үйренеді. Мысалы : Менің ағам бар. Менің қарынадсым жоқ.
Бұл тапсырма арқылы оқушылар тағы бір рет отбасы мүшелері атауларын қайталайды, сондай-ақ оларды тәуелсіздік жалғауымен қолдана алуға жаттығады.
(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар әдемі, ақылды, күшті сөздерін өздерінің отбасы мүшелерімен байланыстыра қолдануды бекіте түседі. Олар алдыңғы сабақа салған отбасы суретін пайдалана алады. Сол сурет бойынша өз отбасында кімдер бар екенін (Бұл-менің ағам), олардың атын (Оның аты -. ) және олардың қандай екенін (Менің ағам күшті) айта алады.
(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі.
- Бұл кім?
- Бұл - менің анам.
- Оның аты кім?
- Оның аты - Алтынай.
- Ол қандай?
- Ол әдемі.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Оқулық
Аудиодиск:
3.2.1.
3.2.4.
Өткен сабақта салған отбасы суреті
№1 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма :
3.2.
Сабақтың соңы
(41-45минут)
(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені , не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.