kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы «3 санын қосу және азайту»

Сабақтың мақсаты:

                  Білімділік  Оқушыларға  10 көлеміндегі сандарға 3-ті қосу және

                  саннан 3-ті азайту тәсілдерін үйрету.

                  Дамытушылық  Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық

                  қабілетін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамыту.                 

                  Тәрбиелік  Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа,

                  тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі   аралас сабақ

Сабақтың түрі  дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Орман тұрғындары аюдың, қоянның, түлкінің,

                   тиіннің, кірпінің  суреттері, сандар, өрнектер, қима қағаздар,

                   себеттің, құлпынайдың, балықтың, саңырауқұлақтың суреттері.             

Сабақтың жоспары:  І Ұйымдастыру кезеңі

                                       ІІ Үй тапсырмасын сұрау

                                       ІІІ Білімді жан-жақты бекіту

                                       ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау

                                       V Жаңа білімді меңгеру кезеңі

                                       VІ Жаңа сабақты бекіту

                                       VІІ Үй тапсырмасын хабарлау

Сабақтың барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасып, түгендеу

ә) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

б) Психологиялық дайындық жаттығуы

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз қонақтармен амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.

Қуанамын, мен де,

Қуанасың, сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан әр таңға!

Сабақты сұрақ-жауап әдісімен бастау.

-Балалар бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Кеше аптаның қай күні еді?

-Ертең аптаның қай күні?

-Балалар, бүгін таңертең сыныпқа кірсем пошташы бізге хат тастап кетіпті. Қане, сол хатты ашып оқиық.

-Сәлеметсіңдер ме, 1 «Б» сыныбының оқушылары! Сендерге хат жолдап отырған орман тұрғындары аю, қоян, түлкі, тиін, арыстан және кірпі. Біз қысқы азықтарымызды жинап алайық десек, небір қиындықтарға тап болып жүрміз. Орман ағаштары да өзінің тапсырмаларын орындамасақ жаңғақ бермейтіндерін айтып, әбден басымызды қатырды. Сол себептен сендерден көмек сұрап хат жолдап отырмыз.

-Балалар, орман тұрғындарына көмектесеміз бе?

-Олай болса, орманға саяхатқа шығайық. Саяхатқа шығу үшін өзімізбен бірге қандай құралдарды  алсақ болады?

- Күрек, қармақ алайық.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, аюға қар астында қалған құлпынайларды жинауға көмектесейік.

Аюдың тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Құлпынай жинау»

- 5 + 2      2 + 2       3 + 2       7 + 2        4 + 2        8 + 2

- 7 – 2       4 – 2       5 – 2       9 – 2        6 – 2        10 – 2 

     Құлпынайдың артындағы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, себетке салып отыру. Жиналған себеттегі құлпынайды аюдың қасына қою.

ІІІ Білімді жан-жақты бекіту

-Балалар, қоян нені жақсы көруші еді. Қараңдаршы, бақшадағы сәбізі қардың астында қалып қойыпты. Көмектесеміз бе?

Қоянның тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!»

      Үлестірмелі қима қағаздар таратып беру. Берілген тапсырмаларды орындайды. Сәбіздегі  тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, себетке салып отыру. Жиналған себеттегі сәбізді қоянның қасына қою.

ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау

-Балалар, түлкі көлден балық аулап жатқанда қармағы сынып қалып балық аулай алмай қалыпты. Жаңа біз жолға шығар алдында қармағымызды алған болатынбыз. Сол қармақпен көлден балық аулап берейік.

Түлкінің тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Балық аулау»

-Қосынды дегеніміз не?

-Айырма дегеніміз не?

-Қосудың компоненттерін ата.

-Айырманың компоненттерін ата.

    Балықтың артындағы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, себетке салып отыру. Жиналған себеттегі балықты түлкінің қасына қою.

V Жаңа білімді меңгеру кезеңі

-Тиін ағаштан ағашқа секіріп ойнап жүріп қыстың жақын қалғанын білмей қалыпты, азықтарында жинамапты. Тиін ағаштан жаңғақ алайын десе, емен де, қарағай да өзінің тапсырмаларын беріп жағдайды қиындатып жатыр екен. Осы жерде біз де өз білімімізді көрсетіп, тиінге жаңғақтар жинап берейік.

Тиіннің тапсырмасы: - 3 санының құрамы қандай сандардың қосындысынан тұрады?

- 3 саны қандай сан? (Киелі сан)
- Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Әр санның адам  өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті бар екенін біз сандармен танысқан кезде айтқан болатынбыз. Бүгін есімізге түсірейік, қазақ 3 санының байламдарын қалай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы - құлақ.
Үш жүз: Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.

Үш арсыз: Күлкі. Ұйқы. Тамақ.

Үш байлық: Денсаулық. Ақ жаулық. Он саулық.

Үш би: Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.

-Жарайсыңдар балалар, 3 санының тағы бір ерекшелігі жұлдызшылардың есебі бойынша 3 саны - ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны екен.

-Олай болса, біз бүгінгі сабақта сандарға 3 санын қосуды және азайтуды меңгеретін боламыз.

Оқулықпен жұмыс.

Дидактикалық ойын: «Кестені толтыр»

 

3

4

5

6

7

? + 3

 

 

 

 

 

? - 3

 

 

 

 

 

-Яғни, санға 3 санын қосқанда берілген саннан артқа қарай 2 сан аттаймыз, ал кеміткенде алға қарай 3 сан жылжиды екенбіз.

     Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін емен, қарағай жаңғақтарын себетке салып отыру. Жиналған себеттегі емен мен қарағай жаңғақтарын тиіннің қасына қою.

Дәптермен жұмыс.

Берілген 2 санын жазу. Өрнекті аяқтау. 2-тапсырманы орындау.

3-тапсырма. Сәуле 3 кітап оқыды, ал Аружан 4 кітап оқыды. Олар барлығы неше кітап оқыды?

Есептің шартын құру, сұрағын қою, шешуін табу, жауабын айту.

- «Барлығы»  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін,  үнемі  қосу  амалын  қолданамыз.

- «Қалды»  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін,  үнемі  азайту   амалын  қолданамыз.

VІ Жаңа сабақты бекіту

-Балалар, кірпі де қысқа дайындалып үлгермепті. Оның саңырауқұлақтары қар астында қалып қойыпты. 

Кірпінің  тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

1. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне кім тез шешеді? 7 – 3 = 4
2. Шығармақ боп неше есеп,
Жиналғанды 5 есек
3 - еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек? 5 – 3 = 2

3. 10 Кітаптың 3 - еуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? 10 – 3 = 7

     Кірпінің артындағы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, себетке салып отыру. Жиналған себеттегі саңырауқұлақтарды кірпінің қасына қою.

-Балалар, барлық орман тұрғындары рахметтерін айтып жатыр, сендерге. Бізде мектепке қайтайық.

Сабақты сұрақ-жауап әдісімен қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа шықтық?

-Саяхатта қандай орман тұрғындарына көмек бердік?

-Олар сендерге не деді?

-Біздің көмек бергеніміз дұрыс болды ма?

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

VІІ Үй тапсырмасын хабарлау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математика пәнінен сабақ жоспары

Автор: Абенова Алия Аманкуловна

Дата: 10.01.2018

Номер свидетельства: 448922

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) ""Математика п?нінен саба? жоспары""
    ["seo_title"] => string(31) "matiematikapniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294665"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455701414"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Математика пәнінен сабақ жоспары. 9 санын қосу және азайту"
    ["seo_title"] => string(63) "matiematika_p_ninien_sabak_zhospary_9_sanyn_k_osu_zh_nie_azaitu"
    ["file_id"] => string(6) "395993"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488172013"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Матемтика пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(34) "matiemtika_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "436739"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509811851"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Математика п?нінен саба? жоспары "Онды? б?лшектерді ?осу ж?не азайту""
    ["seo_title"] => string(76) "matiematika-p-ninien-sabak-zhospary-ondyk-bolshiektierdi-k-osu-zh-nie-azaitu"
    ["file_id"] => string(6) "294006"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455590058"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Математика пәнінен сабақ жоспары " Ойлан, тап!""
    ["seo_title"] => string(45) "matiematika_p_ninien_sabak_zhospary_oilan_tap"
    ["file_id"] => string(6) "436006"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509540561"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1850 руб.
2640 руб.
1770 руб.
2530 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства