kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Матемтика пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы "Уақытты өлшеу. Секунд" Бұл сабақта саяхат сабақ түрінде өтілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Матемтика пәнінен сабақ жоспары»

4 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каражанова Гулзира Ильясовна

Сабақтың тақырыбы:  Уақытты өлшеу. Секунд.

Сабақтың мақсаты: 

Уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы жалпы мағлұмат беру. Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтау, күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолдануын ұғындыру, үш таңбалы сандарды талдау, салыстыру, разрядтар бойынша көрсету. Бір және екі амалмен шығарылатын есепті талдау және шешу. Ауызша есептеу біліктілігін дамыту, танымдық қабілетін, ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілетін, шапшаң есептеу қабілетін, дүниетанымын дамыту. Оқушыларды топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға, тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: ұлттық дүниетаным

Сабақ түрі:  аралас, саяхат.

Сабақ әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, жеке.

Сабақ көрнекілігі: ребус, қима қағаздары, ауызша есептеу, интерактивті тақта.

Сабақ барысы: 1. Сабаққа дайындығын тексеру

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№3 есесп, 186-бет 5-слайд

І-топ ІІ-топ ІІІ-топ

600 см=60 дм 600 дм=60 м 49 дм=4 м 9 дм

6000 см=600 дм 37 см=3 дм 7 см 586 см=5 м 8 дм 6 см

3.Жаңа сабақ.

1.Ребус арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шешу ұсынылады.

«Уақытты өлшеу. Секунд» 7-слайд

2.Тақтамен жұмыс.

Күннің жады, сынып жұмысы, жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

3.Оқулықпен жұмыс.

№1 есеп. 10,11,12-слайд

Сағаттардың түрлерімен таныстырылады.

Жар сағат, қол сағат, қалта сағат, құм сағат және күнтізбе туралы айтып өтіледі.

Тәулік-24 сағаттан тұратын уақыт өлшемі. Халқымыз тәулік мезгілдерін былайша бөлген:

1.Күн шығар алдындағы мезгіл.

2.Күн көкжиектен көтерілген мезгіл.

3.Күннің орта мезгілі.

4.Күн еңкейген мезгіл.

5.Күн ұясына бата бастаған мезгіл.

6.Түн мезгілі.

Пойыздардың уақытмен таныстырылады. /танертеңгі және күн батардағы уақыты, мысалы таңғы 8 00 мен кешкі 20 00/

Сынып 3 топқа бөлінеді: 1-топ: «алғырлар», 2-топ: «Тапқырлар», 3-топ «Білгіштер» болып.


Топтық жұмыс:

1.Сандардың разрядтарын анықтау:


І-топ: ІІ-топ

691=6 жүзд. 9 онд. 1 бірл. 659=6 жүзд. 5 онд. 9 бірл.

609=6 жүзд. 0 онд. 9 бірл. 777=7 жүзд. 7 онд. 7 бірл.

650=6 жүзд. 5 онд. 0 бірл. 605=6 жүзд. 0 онд. 5 бірл.

ІІІ- топ

888=8 жүзд. 8 онд. 8 бірл.

690=6 жүзд. 9 онд. 0 бірл.

999=9 жүзд. 9 онд. 9 бірл.



2.Шамаларды теңестіру:

І-топ ІІ-топ

1 сағ 15 мин =  75 мин                                1 тәул 12 сағ  =36  сағ

86 см = 8  дм   6 см                                  45 см =  4 дм   5 см

2 тәул = 48 сағ                                             2 сағ 10 мин = 130 мин.

 

                                                     ІІІ – топ

1 сағ 20 мин = 80 мин

                                           76 см =  7 дм  6 см

                                           1 тәул 20 сағ =64 сағ


2 есеп. Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірлігін қойып, сөйлемдерді оқы:

Біз – 21 ғасырда өмір сүреміз.

Пойыз – 48 сағат жолда болды.

Ұшақ – 3 сағат ұшты.

Сабақтың ұзақтығы-45 минут

Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 38 секунд уақыт жұмсады.

3 есеп. Мына сұрақтарға жауап бер:

Еліміздің Ата заңы күні қай айда атап өтіледі? /30 тамыз/

Жеңіс күні ше? /9 мамыр/

Наурыз мейрамы ше? /22 наурыз/

Халықаралық әйелдер күні ше? / 8 наурыз/

Жаңа жыл қай айдан басталады? /1 қаңтар/

Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата.

4 есеп.


І-топ ІІ-топ

Үкі-68 жыл Бүркіт-46 жыл

Аққу-?, одан 44 жыл қысқа жапалақ-?, одан 31 жыл қысқа

Қарға-?, жапалақтан 44 жыл ұзақ

Ш:68-44=24 Ш:46-31=15, 15+44=59

Ж:аққу 24 жыл Ж:қарға 59 жыл


ІІІ-топ.

Үйрек 38 жыл өмір сүреді. Ал дуадақ одан 14 жыл артық өмір сүреді.

Дуадақ неше жыл өмір сүреді.

           ІІІ – топ:

Үйрек – 38 жыл

Дуадақ - ?    14 жыл  артық

Ш: 38+14=52

Ж: дуадақ 52 жыл


Шығармашылық тапсырма:

10 орындықты үш-үштен бөлменің әр қабырғасына орналастыр.

IV. Қорытынды:

«ИЯ , ЖОҚ» ойыны

1. 17 +4 = 20                                                            жоқ

2.4 -ті 3 рет қосқанда 12                                     ия

3.Тік бұрыш доғал бұрыштан үлкен                 жоқ

4.1 сағатта 60 минут бар                                 ия

5.Сейсенбіден кейін бейсенбі                            жоқ

6.46 – ның 43 тен 3-еуі артық                          ия

7.Дәптердің ұзындығы 21 метр                      жоқ

8.1 айда 4 апта бар                                            ия

9.23 ке 5 ті қосқанда 28                                    ия

10.Сүйір бұрыш тік бұрыштан үлкен             жоқ

11.6-ны 3 рет қосқанда 18 шығады                  ия

12.1 аптада 6 күн бар                                         жоқ

ІҮ. Үйге тапсырма беру

№5 есеп, 189-бет ұсынылады.

Ү. Оқушы білімін бағалау.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Матемтика пәнінен сабақ жоспары

Автор: Каражанова Гулзира Ильясовна

Дата: 04.11.2017

Номер свидетельства: 436739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства