Мақсаты: Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.Тапқырлыққа берілген тапсырмаларды жылдам, дұрыс орындап,білім мәресіне жеткен оқушыларды анықтау.
Көрнекілігі: Құстар суреті, кесте, қыс мезгілінің бейнесі,шырша ойыншықтары, ребус, анаграмма,Аяз ата сыйлықтары т.б.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Балалар, өздерің көріп отырғандай теңіз айдынында қалықтаған құстар, ұясынан шығып келе жатқан күннің шапағы
«Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер»
- Адам өмірге келеді. Адам баласына күн жылуы мен ана махаббатынан кейінгі бойға екі ұлы қасиетті меңгеру керек. Олар – мейірімділік пен білім. Алдағы өмірінің бақытты болғанын аңсаған адам, бүгіннен бастап білімге құшақ жая қарсы алу керек.
- Сондықтан, балалар, бүгінгі сабағымызда тапқырлыққа бірнеше қызықты тапсырмалар беріледі.Тапсырманы орындап білімізді ортаға салайық.
- Жаңа сабақ:
- Сабағымыздың тақырыбы «Ойлан, тап!» ,- деп аталады.
- І. « Көңілді қадам» алғашқы тапсырмамызды көтеріңкі көңіл – күймен бастайық.Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Тақ сандар және жұп сандар дегеніміз не?
(2 – слайд ) түсіндіру
ІІ. Анаграмма шешу, яғни осы сөзден екінші
жаңа сөзді табайық, қандай сөз шықты?
- Өрнек
- Қандай өрнектерді білеміз?
- Санды және әріпті өрнектер
- Олай болса мына кестені толтырайық. Әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру үшін а – ның мәнін орнына қойып өрнектің мәнін табайық.
36 : а - 3
ІІІ. Логикалық есепті шығару
- Сен нешедесің? – деп сұрағанда, Еркін: - Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың, - деп жауап берді. Еркін нешеде?
Ш: 100 – 10 = 90
90 : 10 = 9 Ж: 9 жаста
ІҮ. Қарындашты қағаз бетінен көтермей сызық бойымен суретті сал.
- Енді, балалар, бұл тапсырма үш қатарға
берілген кім жылдам сызып шығар екен?
(Тақтада сызу)
Ү. Ребус шешу
«Арифметика» сөзінен бірнеше сөз
Құрастыру. Қане, кім қанша сөз
құрастырады екен?
- Алдымызда қандай мереке
келе жатыр?
- Жаңа жыл мерекесі!
- Олай болса, балалар, жаңа жылға
арналған бір әнді айтып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз атай
Келе жатыр алыстан!
Ү. Теңдеуді шеш және шешуіне сәйкес әріптерді жолақшаға жаз:
Қандай сөз шықты?
Л
х + 18 = 40 - 13
Қ
35 - х = 5 * 6
4
5
5
4
9
4
А
қ
қ
а
л
а
А
400 : х = 100
Алғашқы қар жауған сәтте ойнайтын ойынымыз қалай аталатын еді?
- Аққала
- Міне, Аққала алдымызда тұр. Ендігі тапсырмамыз
ҮІ. Палетканың көмегімен суреттің ауданын табу.
Демек, 20 : 2 = 10
10 + 10 = 20 см2
S = 20 см2
ҮІІ. Сызбаға сандарды жаз
27, 4, 18, 8, 15, 140, 21, 20, 9, 10, 12,60
2 –ге бөлінетін сандар 3 – ке бөлінетін сандар
ҮІІІ. «Қалт етпей қағып ал,
Жауабын тез тауып ал!»
Мұнда, балалар, математикалық жұмбақ есептер беріледі шешуін табайық
Мен, Амандос, Нұр, Ербол,
Ойнауға шықтық волейбол.
Екі ойыншы – Сақ, Нәзір,
Дайын емес тап қазір.
Кейін қосып алармыз
Сонда қанша баламыз? (4)
Әр қолына Нұриден
Төрт өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді?(8)
Жаңа жыл қарсаңында қандай дайындықтар жүргіземіз?
- Шырша безендіреміз
- Мына алдарыңдағы шыршамызды бәріміз бірігіп безендірейікші
Аяз ата бізге кешігіп келмекші екен. Сондықтан ол шыршаның әдемі ойыншықтарын беріп жіберіпті. Осы ойыншықтарды іліп аяз ата келгенше әзір етіп қояйық. Бірақ бұл жерде сендердің білімдерің сыналмақшы.
(Әр ойыншық артында қызықты есептер жазылған)
- Сыныпта 18 оқушы отыр. Олардың үшеуін тақтаға шығарды.
Сыныпта қанша оқушы болды?
- Дорбада 8 асық бар еді. Асықтарды төрт баланың әрқайсысына
- асықтан тиетіндей және 2 асық дорбада қалатындай етіп қалай үлестіруге
- Жануардың 2 оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар.
Бұл хайуанның қанша аяғы бар?
- Сағат тоғыз қарашы,
Ешкімнің жоқ таласы.
Он толғанда есепте,
Қанша минут арасы?
Аяз атаның тапсырмаларын орындау барысында шыршамызды да безендірдік.
- Кенет бір дыбыс шығады бұл кім болды екен?
- Аяз ата мен Ақша қар тілек айтады (үнтаспадан шығады)
Қорытынды:
Балалар, сабақ ұнады ма?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Бағалау: Аяз атаның тілегімен мына оқушыларды өте жақсы деген бағамен бағалаймын, қонақтарымыздың жаңа жылдық сыйлықтарын қабыл алыңыздар
Сабақ аяқталды. Алдағы мерекені жақсы өткізулеріңізге шын жүректен тілек білдіремін. Сау болыңыздар!