- Математика сабағы.Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Күй тартамыз күмбірлі,күмбірлі,
Ән айтамыз сыңғырлы,сыңғырлы.
Би билейміз ырғақты,ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты,сабақты.
ІІ.Өтілген тақырыпты пысықтау.
«Ертегі еліне саяхат»(Бауырсақ ертегісі)
Ерте,ерте ертеде шал мен кемпір болыпты.Бір күні шал кемпірінен бауырсақ пісіріп беруін өтінеді.Кемпір ең соңғы ұнды қырып алып бауырсақ пісіреді.Бауырсақты суысың деп терезенің алдына қойып қояды.
Ал бауырсақ болса, терезеден домалап түседі.Жолда домалап келе жатып, қоянға кезігеді.
Қоян: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін-дейді.
Бауырсақ: Жемеші мен саған өлең айтып беремін-дейді.
Қоян: Жоқ мен саған тапсырма беремін тапсырманы орындасаң босатамын-дейді.
1.Қоянның тапсырмасы:
Өрнектің мәнін табу.
2+3 5-3 1+1
6-3 3+3 4+2
1+4 5+1 6-4
Бауырсақ домалап келе жатып қасқырға кез болады.
Қасқыр: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін-дейді.
Бауырсақ:Жемеші мен саған өлең айтып беремін-дейді.
Бауырсақ ары қарай домалап келе жатып аюға кез болады.
Аюдың тапсырмасы
Есепті шығару.
Сурет бойынша сөз есептер құру.(қосу мен азайтуға)
Сергіту сәті.
Бауырсақ ары қарай домалап келе жатып түлкіге кез болады.
Түлкі:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін-дейді.
Бауырсақ:Жемеші мен саған өлең айтып беремін-дейді.
Түлкі бауырсаққа құлағының дұрыс естімейтінін,өленің мұрнына отырып айтуын өтінеді.Бірақ бауырсақ оған мұрнына отырса,оның жеп қоятының айтады.
Түлкі ендеше мен саған тапсырма беремін,тапсырманы орындасаң босатамын-дейді.
4.Түлкінің тапсырмасы:
1.Суреттегі фигураларды ата.
Топпен жұмыс.
2.Топ бойынша қиықтардан фигуралар құрастыру.
1-топ: Үшбұрыш құрастыру.
2-топ: Шаршы құрастыру.
3-топ: Тік төртбұрыш құрастыру.
Сөйтіп, оқушылар бауырсаққа берілген тапсырманы орындауға көмектесіп,бауырсақты құтқарып,аман-есен шал мен кемпірге табыстырады.
-Міне балалар,сендер барлық тапсырмаларды орындап шықтыңдар,бауырсақ атасы мен апасына аман-есен жетіп сендерге көп-көп рахметін айтып, поштамен"Алғыс хат"жіберіпті.
Алғыс хатты оқу,ішіндегі бауырсақтың суреті салынған төсбелгіні оқушыларға бағалау ретінде таратып беру.
Қорытынды.
-Сонымен балалар ,бүгін біз не істедік?
Әртүрлі тапсырмалар орындадық(өрнектің мәнін таптық,есептер құрастырдық,сандарды салыстырдық, фигуралар құрастырдық).