Ма?саты:
а) О?ушыларды ойлана білуге,есептер шы?ару барысында тапсырманы тия-
на?ты,ты??ылы?ты орындау?а баулу.
?) Логикалы?,ойлау ?абілеттерін,шы?армашылы? ізденістерін дамыту.
б) О?ушыларды? бойында адамгершілік,?лкенге ??рмет,кішіге ізет к?рсету
?асиеттерін ?алыптастыру?а т?рбиелеу.
К?рнекіліктер: Интерактивті та?та,ж?мба? есептер,буклеттер.
Просмотр содержимого документа
«Математика ?лемі »
Тақырыбы: Математика әлемі
Мақсаты:
а) Оқушыларды ойлана білуге,есептер шығару барысында тапсырманы тия-
нақты,тыңғылықты орындауға баулу.
ә) Логикалық ,ойлау қабілеттерін,шығармашылық ізденістерін дамыту.
б) Оқушылардың бойында адамгершілік,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету
қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,жұмбақ есептер,буклеттер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Болам десең теңізші
Не ұшқышты қаласаң
Дәрігерлік те жақсы
Қызметке жарасаң
Ал сол үшін біздерге
Математика
Ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да сондықтан
Сол ғылымның тілін біл
Сабақтың мақсаты айтылады.
Бүгінгі сайыс жарысымызға 2 «а» класс оқушылары қатысып отыр.
Бағдарламада:
Кел танысайық.
Ойлан тап
Кім шапшаң?
Киелі сандар сөйлейді
Топ капитандарының сайысы
I-тур. «Алғырлар» тобы
Алғырлар тобынан келіп тұр
Ең ыстық сәлемін беріп тұр
Әр қилы қызықты,қиынды
Есептер,жұмбақтар шешуге
Бұл топта дайын тұр,дайын тұр
«Ойшылдар» тобы
Ойшылдар тобы да сап түзеп,
Келіпті жалынды сәлеммен
Теңдеулер әртүрлі есептер
Сол есеп әрқашан қалайды
Өз мәнін дұрыстар шешуді
«Ұшқыштар» тобы
«Ұшқыштар» дыбыспен қоса өрлеп,
Космосты сапарды мықтасақ
Осының бәрін біз жасар ма ек
Алдымен есептеп шықпасақ.
II-тур.(фольклорлық қара есепке арналған өлеңдер.)
1-тапсырма
Он саулықтың ақпанда
Егіз туды жетеуі
Қырға көшіп жатқанда
Жалқы туды екеуі
Біздің үйде ұсақ мал
Жетті қанша тұяққа.
2-тапсырма
Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада
Аяқтары он екі
Санап көрші қанекей
III-тур (Ертегі есеп) Қу түлкі
IV-тур Киелі сандар құпиясы
1-тапсырма
3 саны туралы не білесің?
2-тапсырма
5 саны туралы не білесің?
3-тапсырма
7 саны туралы не білесің?
V-тур Капитандар сайысы
Сабақты қорытындылау,жеңіске жеткен топтарға марапаттау
қағаздарын сыйлықтар тапсыру.