Алдымен балалардың заттың салмағы, көлемі туралы тұрмыстық түсініктерін анықтап алу керек. Ауыр және жеңіл заттардың айырмашылығын жұптастыру арқылы анықтау қарапайым есептердің бірі болып табылады. Сондықтан балаларды бір – бірінен массасы айтарлықтай ерекшеленетін екі затты салыстыруға үйрету керек. Салыстыру нәтижесін «ауыр - жеңіл» сөздермен анықтайды. Тапсырманы орындау заттарды қолмен «өлшеу» арқылы жүзеге асырылады. Балалардан азық – түлік дүкенінен не сатып алғанын, қалай сатып алғанын, қандай таразы түрлерін көргенін, таразымен қандай заттарды өлшейтінін сұрау. Таразы мен кір тастарын қарастырып, салыстырады, оның қайсысы үлкен, қайсысы ауыр екенін анықтайды. Не ауыр? Не жеңіл? (Мысалы. Үлкен қарбыз – кішкентай қауын, үлкен қарбыз – кішкентай алма сияқты суреттер жұбын көрсету, т.б.) Заттардың салмағын ненің көмегімен анықтауға болады? Сендер таразының қандай болатынын білесіңдер ме? тапсырма. Не ауыр? Не жеңіл? Суретке қараңдар. Суреттен қандай ауыр, жеңіл заттарды көріп тұрсыңдар? Гантел жеңіл, штанга ауыр.Бұтақ жеңіл, бөрене ауыр. Тапсырма. Тышқанға жеңіл, ал пілге ауыр заттарды бер, жапсыр. Сергіру сәті. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Отырамыз, тұрамыз, Біз тынығып аламыз. 3.Тапсырма. Есептер құрастыр және шығар. А) Зообақта 4 сұр тышқан болды. Тағы 2 ақ тышқан әкелді.Зообақта неше тышқан бар? Берілгені: Сұр – 4 тышқан Ақ – 2 тышқан Барлығы: ? Шешуі: 4 + 2 =6 Жауабы: зообақта 6 тышқан бар. Ә) Аулада 2 қоңыр ит ойнап жүрді. Оған тағы 1 ала ит қосылды. Аулада барлығы неше ит ойнап жүр? Берілгені: Қоңыр – 2 ит Ала – 1 ит Барлығы:? Шешуі: 2 + 1 = 3 Жауабы: аулады 3 ит ойнап жүр. Тапсырма Тапсырманы орындау кезінде балалардың назарын торкөздің санына сәйкес бөлшектерді бояу керектігіне аударады. Мысалы: бір төркөздің бөлшегі – 1 цифрымен қатар бейнелеген қарындаш, екі торкөздің бөлшегі – 2 цифрымен қатар бейнеленген қарындаш, т.б. |