kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мағынасы қарама - қарсы сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Мұғалімдерге көмек ретінде жасалған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мағынасы қарама - қарсы сөздер»

Пәні: Қазақ тілі Күні: 03.12.2014 жыл Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Сабақ мақсаты: Мағынасы қарама - қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету.
Міндеттері: 1. Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу. Мамандық таңдай білуге баулу.
Түрі: Ойын сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ - жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Қазақ тілі - ана тілім, өз тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген – дана тілім
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Қуанышым,бақытым,дара тілім.
Психологиялық сәт:
Қайырлы таң досым, Қайрлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын
Ой қозғау: Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы - білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосайық. Ол үшін әр маман иелерінің тапсырмаларын орындап, еңбектенуіміз керек?. Мемлекетімізді гүлдендіруге дайынбыз ба?
Өткенді еске түсіру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса, мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
Мақсат қою кезеңі
Шахтер тапсырмасы: «Ойлан тап».
Дидактикалық ойын. Ой қозғау(мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырып ашылады)
232 * 20=4640 348 * 2=696 3720: 3=1240 250:50=5
Мағынасы қарама - қарсы сөздер.63 бет 1 - жаттығу. Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстыра отырып оқу.Мағыналарында қандай ерекшелік бар?
Жаңа сабақ. Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.

Мысалы: жақсы-жаман, ескі-жаңа, бар-жоқ.

Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Мысалы: дәптер, қалам, бала сөздерінің антонимдері жоқ. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл-әрекетті анықтайтын етістіктерден болады.

Антонимдес сөздер бір сөз табына қатысты. Мысалы: өтірік-шын( зат есім),

жоғары-төмен(үстеу), ақ-қара(сын есім).

Антоним және жұрнақ арқылы немесе негізгі сөз және көмекші сөз тіркесі арқылы жасалған болымды-болымсыздық мағынаны теңестіруге болмайды.

Тілде бір-бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады.Мысалы: дұрыс-бұрыс, үлкен-кіші, пайда-зиян т.б. Сонымен бірге бір сөз әр мағынасында әр түрлі сөздермен антонимдес болуы мүмкін. Мысалы: ашық-жабық. Бұл қатардағы ашық

сөзі жасырын, тұйық сөздерімен де (ашық дауыс-жасырын дауыс, ашық адам-тұйық адам) антоним бола алады.

Антонимдер –ойды әсірелеп, бейнелеп, сөзге зат, құбылыс, сапа, белгі, қимылды білдіретін сөзді қарама-қарсы жарастыра, қатар қою арқылы дәл, нақты ашудың құралы. Көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда, халықтың мақал-мәтелдерінде көп кездеседі.Мысалы : Үлкенге-ізет, кішіге-құрмет.

Жаңа сабақты пысықтау.
Дәрігер мамандығының тапсырмасы: «Поэзия минуты»
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
Шақты - ау ара оңдырмай
Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!
(Қадыр Мырза Әли)
Автор туралы мәлімет айтылады)
● Өлеңді мәнерлеп оқиды.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерді табады: Тәтті – ащы
Сергіту сәті:
Ал балалар, маман иелерінің тапсырмасын орындап, шаршаңқырап қалған болармыз. «Сергіту сәтін» жасап алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары - төмен қарайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
- Балалар сергіту сәтінде де біз қандай қарама - қарсы сөздер пайдаландық?( жоғары – төмен, алға – артқа, отыр - тұр)
Тігіншінің тапсырмасы: Мақалды жатқа жазу 1. Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.
* Мағынасы қарама - қарсы сөздердің астын сыз
Скрипкашы тапсырмасы:.«Сиқырлы сандық» әзірлепті.(сандықтың ішінен сөздерді алып, мағынасы қарама - қарсы сөзді табады)
● Берілген сөздерге мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
Мейірімді - мейірімсіз
Жуас - асау
Қымбат - арзан
Сұйық - қою
Қашық - жақын
Суретшінің тапсырмасы:.Берілген суреттерге сөйлем құрастырып жаз.
Полиция тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс: 2 топқа бөліп тапсырма орындату.
1 топ – мағынасы қарама - қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.
2 топ – ішінде қарама - қарсы мағынасы бар жұмбақ не мақал - мәтел тауып жаз.
Бекіту: Сатушы тапсырмасы:«Сиқырлы ұяшық» ойыны
Ереже Мақал - мәтел Түсіндірме әр түрлі
сөздік
10 10 10 10
20 20 20 20
Ереже
10 - сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
20 - қандай сөздер қарама - қарсы мағыналы сөз деп аталады?
Мақал - мәтел
10 - Білім сөзіне байланысты мақал айт.
20 - Жалғастыр. Әдепті бала – арлы бала,.......
Түсіндірме сөздік
10 – «Момын» сөзінің мағынасын түсіндір. Қарама - қарсы сөз айт.
20 – «шық» сөзінің мағынасын түсіндір.
Әр түрлі
10 – 1 желтоқсан қандай мейрам?
20 - жеті қазынаны ата.
- Бүгінгі сабақта не істедіңдер?
Мамандық тапсырмаларын орындап, Қазақстанның гүлденуіне үлес қостық.
Сендерге ұнады ма? Алдарындағы дөңгелекшегелерге әркім өз көңіл - күйін белгілесін.
Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.Ереже жаттау
Бағалау. Сыныпта белсенділік танытып, тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады. Қорытынды: Сабақ аяқталды, сау болыңыздар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Мағынасы қарама - қарсы сөздер

Автор: Досанова Арайгуль Тенелбаевна

Дата: 27.10.2016

Номер свидетельства: 352613

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Ма?ынасы ?арама - ?арсы с?здер" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "magynasykaramakarsysozdiersabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "337315"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1468250789"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ма?ынасы ?арама-?арсы с?здер. "
    ["seo_title"] => string(34) "mag-ynasy-k-arama-k-arsy-sozdier-1"
    ["file_id"] => string(6) "179915"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425099307"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ма?ынасы ?арама-?арсы с?здер"
    ["seo_title"] => string(26) "magynasykaramakarsysozdier"
    ["file_id"] => string(6) "340139"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1471732747"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "?аза? тілі п?нінен саба? жоспары "Ма?ынасы-?арама ?арсы с?здер""
    ["seo_title"] => string(68) "k-azak-tili-p-ninien-sabak-zhospary-mag-ynasy-k-arama-k-arsy-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "314420"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459691809"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ма?ынасы ?арама-?арсы с?здер "
    ["seo_title"] => string(32) "mag-ynasy-k-arama-k-arsy-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "152056"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420800772"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства