| Сабақ №1 | Пәні: Логикалық математика | Сыныбы: Күні: |
| Тақырыбы: Кел, ойнайық! |
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | |
| Тілдік мақсат | Сабақта оқушыларға танымдық тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілетін,ой-өрісін дамыту,математикаға деген қызығушылығын арттыру |
| Оқушының сабаққа қамтылуы | Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді. |
| Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді. |
| Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді. |
| Күтілетін нәтиже | Танымдық тапсырмаларды тез орындауды үйренеді. Математика сабағына қызығушылығы артады. Шапшаңдыққа және топпен жұмыс жасай білуге бейімделеді |
| Алдыңғы тақырып /үй тапсырмасы/ | Қайталау |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
| Басталуы /Миға шабуыл/ Қызығушылықты ояту 5 мин | Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. | Оқушының жұмыс дәптері |
| Ортасы Мағынаны тану 25 мин | №1. Математикалық диктант Ең кіші бір таңбалы сан 0 Ең үлкен бір таңбалы сан 9 Ең кіші екі таңбалы сан 10 Ең үлкен екі таңбалы сан 99 Ең кіші толық ондық 10 Ең үлкен толық ондық 90 № 2. №3. Бір қатарға қайталанбайтындай етіп суретті салып, толықтыру керек. №4. есепті шығар. 1. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? Жауабы: 2+2=4 Сыныпта 15 бала отыр. Олардың 10-ы балмұздақ жақсы көреді, 9-ы кәмпит жақсы көреді. Бұл қалай болғаны? Жауабы: 4 оқушы балмұздақ та кәмпит те жақсы көреді. №5. Боя. 1-ашық жасыл, 2-малина түстес, 3-қара көк, 4-сәбіз сары, 5-көк, 6-қызыл, 7-жасыл, 8-қоңыр, 9-сары, 10-қызғылт түспен боя. |
| Соңы /Ой қозғау/ "Кім жылдам?" 10 мин | Айырмашылығын тауып, қаламмен белгілету |
| Кері байланыс 3мин | |
| Бағалау 2 мин | Смайликпен бағалау |
| Қосымша ақпарат | Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау |
| Саралау |
| Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | |
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |