21.10.2014ж | Сауат ашу | 1 – сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Ж дыбысы мен әрпі |
Жалпы мақсат: | Ж дыбысымен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. |
Сілтеме | Мұғалімге арналған нұсқаулық Әліппе оқыту әдістемесі 1 – сынып 1 – сыныпқа арналған әліппе оқулығы «Бастауыш сынып» әдістемелік журналы |
Оқу нәтижесі: | Оқушылар Ж дыбысымен танысады, әріптің жазбаша түрін жазып үйренеді. Жеке және топта белсенді жұмыс жасауға ынталанады. |
Негізгі идеялар: | Ж дыбысының жазба және баспа түрімен таныстыру, сабақты қызықты және ұтымды өткізу. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Топтық тапсырмалар, интерактивті тақта |
Оқыту әдістері: Жұмыс түрлері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер: АКТ, СТО: сұрақ – жауап, диалог, миға шабуыл Бағалау: формативті бағалау, жиынтық бағалау Жеке, топтық |
Тапсырмалар | Миға шабуыл, ауызша тапсырмалар, сұрақтарға жауап іздеу. |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
| Әр түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу Топ ережесімен таныстыру | Түрлі түсті қағаздар арқылы оқушылар топқа бөлінді Топ ережесімен танысады. |
Үй тапсырмасын сұрау | Оқулықтағы Ы дыбысынан келетін сөздерді әр топтан екі балаға оқыту | Әр топтан екі баладан үйге берілген сөздерді оқулықтан оқиды. |
Миға шабуыл: | Ұяшықтағы жұмбақтарды шешкізу. Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? (Әріптерді көреміз, жазамыз) (дыбыстарды естиміз, айтамыз) 2.Кесе, шыны, пияла, Оларсыз шай құя ма ? Қасықсыз тамақ жемейміз, Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс) 3.Көзін жұмады, Көзін ашады, Сыбысын білдірмей Ақырын басады. (Мысық) 4.Қос таяқ, бастары дөңгелек. Тұтасты Кеседі бөлек – бөлек. (Қайшы) Демек, Ы дыбысы сөздің соңында, ортасында және соңында кездеседі, | Оқушылар негізгі сұрақтарды анықтап, ой қорыту жасап түйіндейді, идеяларын толықтырады. Ы – дыс сөзінде екі буын бар, Ы дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі деп жауап береді. Мы – сық сөзінде екі буын бар, Ы дыбысы сөздің тек ортасында кездеседі. Қай – шы сөзінде екі буын бар, Ы дыбысы сөздің соңында кездеседі. Балалар, бірге қайталайды. |
| Құйрығы он қарыс, Бұл айбатты – не ол балалар? | |
| Дұрыс айтасыңдар, бұл жолбарыс. Балалар, жолбарыс сөзі қай дыбыстан басталып тұр? | Оқушылар, ж дыбысы деп жауап берді. |
| Зерделеу стратегиясы: | Суреттегі алғашқы сурет жапырақ. Жапырақ сөзі үш буыннан құралған. Жа – пы – рақ. Ал екінші суреттегі жылан, бұл сөзде екі буын бар. Жы – лан. Жапырақта, жыланда Ж дыбысынан басталады. |
| Ж дыбысын ауада жаздырамын. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. | Оқушылар ауада Ж дыбысының жазбаша түрін жазып үйренеді. Дауыссыз дыбыстардың ережесін оқушылар мұғаліммен бірге қайталап айтады. |
| Жа – пы – рақ сөзіне дыбыстық талдау жасатамын. | Ж – дауыссыз дыбыс А – дауысты дыбыс П – дауыссыз дыбыс Ы – дауысты дыбыс Р – дауыссыз дыбыс А – дауысты дыбыс Қ – дауыссыз дыбыс |
| Оқулықпен жұмыс. Жаға – сырт киім мен көйлек – көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі. Жаса – бір нәрсені дайындап, істеп шығару. Жота – биік жер, төбе немес малдың арқасы, жоны. Жантақ – түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік. | Оқушылар оқулықта берілген сөздерді оқиды. |
| Топтық тапсырма орындайды Балалар жусан деген не? | Бұл тапсырманы орындау барысында «Жусан» сөзі шығады. Оқушылардың өз ойларын ортаға салады. |
| Оқулықтағы «Жусан» мәтінін оқытамын. | «Жусан» Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды. (Оқушылар мәтінді оқиды) |
| Сергіту сәті | Интерактивті тақта арқылы бейнесергітуді оқушылар қайталайды (ортаға шығып жасау) |
| Дәптермен жұмыс жүргіземін. | Оқушылар Ж дыбысын дәптерлеріне жазады. |
| Топтық тапсырма. (конвертте берілген суреттерді, қолдарындағы жазылған қағаздан оқып суреттерді желімдеп жабыстырулары тиіс) | Оқушылар топтарына берілген тапсырманы орындайды. |
Сабақты қорытындылау: | Суретпен жұмыс Жақсы бала ж/е жаман бала | Оқушылар суретке қарап балаларға ат қойып әңгіме құрады, әңгіме барысында бала жақсы деген атқа лайық болу керек, біз жақсы бала болуға ұмтыламыз деп ойларын айтты. |
| | Ж – дыбысы дауыссыз дыбыс. Жапалақ - сөзінде ж дыбысы сөздің басында кездессе, Айжан сөзінде ж дыбысы сөздің ортасында кездесіп тұр, ал массаж сөзінде ж дыбысы сөздің соңында кездеседі деп оқушылар өз ойларын айтты. |
Үй тапсырмасын беру: | І – Міндетті деңгей: Ж дыбысын оқу ІІ – Мүмкіндік деңгейі: әріп элементтері мен сөздерді жазу | Үй тапсырмасын білу. |
Бағалау: | Формативті бағалау (түрлі - түсті смайликтер бойынша) Жиынтық бағалау | Өлшемді бағалау |
Рефлексия | Сабақтан алған әсерлерімен ұсыныстары туралы ойларын білу | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ауызша айтты. |