Сабақтың ортасы (30 мин) | (МК, Ұ) Оқылым. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша суреттерді сызбаның көмегімен буындап «оқу»: Ө-рік ал-ма Суреттегі заттардың көпше түрде тұрғанын салыстырту арқылы буындап «оқу»: Ө-рік-тер, ал-ма-лар «Бұларды бір сөзбен не дейді?» сұрағына жауап алу. (МК, Ж) Суретке сәйкес дыбыстарды қосып, сөзді айту, сөздерді дыбыстарға ажырату. (МК, Ө) Жазылым Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу: жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау; дәптер бетіндегі суреттерді бояу; үзік сызықтарды бастырып жүргізу. | Екі, үш буынды сөз бен тұтас сөздің ішіндегі дыбыстарды ажыратады. Осы сөздердің көпше түрі де буындап «оқылады», әр буындағы дыбыстарды бір- бірінен ажыратады. Алма, өрікті бір сөзбен жеміс деп атайтындығы түсіндіріледі. Оқушылар әр суретке (бұрыш, сәбіз, картоп, қызылша, қызанақ) сәйкес дыбыстарды қосып, сөзді айтады. Бұл тапсырманы орындау жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылады. Әр жұпқа мұғалім кері байланыс береді. Жұпта орындап болған соң, сыныппен бірге талқылап, бекітіледі. Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды. Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді. | | №1 жазу дәптері |