Слайдтарды көрсет іп тұрып, қыс мезгілі және осы мезгілі болатын құбылыстар туралы әңгімелейді.
-Айнала аппақ қар болды. Адамдар жылы киінеді. Балалар далаға шығып аққала жасайды және шанамен сырғанап ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар сендер не киесіндер?
-тоң, құлақшың, қолғап, жылы етік
Д/о: «Не артық»
Шарты: Балалар жазғы киімдерден, қысқы киімдерді сурет арқылы ажыратып айтады.
-Балалар қыс мезгілінде боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз. (қолдарын жоғары көтеріп гулдейді)
Қатты аяз болып тонғанда не істейміз? (қолдарын сипалап, аяқтарын топылдатады)
Ал күн шыққанда не істейсіңдер? (алақай деп қол жапалақтаймыз).
Жарайсыңдар осындай тамаша көңіл күймен орманға барғыларың келеме ?
Ендеше бізге Аяз атаның сиқырлы таяғының көмегі қажет.
-Балалар бізде жақында қандай мейрам болды?
-Бізге кім келді?
-Аяз ата
Дұрыс айтасыңдар, бізге Аяз ата келді.Аяз ата біздің балабақшаға өзінің сиқырлы таяғын ұмытып кетіпті, осы таяқтың көмегімен қазір біз орманға барамыз.
Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз тып-тыныш отырамыз ішімізден «Орманға барайық»-деп үш рет қайталайықшы.
1,2,3-көзімізді ашамыз. Мына кереметті қараңдар, шынында да Аяз атаның таяғы бізге көп көмектесті.
Міне балалар біз орманға келдік, орманнан не көріп тұрсыңдар?
-Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала және үйілген қарлар.
-Шыршаның түсі қандай?
-Жасыл дұрыс айтасыңдар шыршаның түсі қысы-жазы өзгермейді.
Ал бойлары бірдей ме?
-Биік және аласа.
Балалар орманда тағы нелер болады?
-Жабайы аңдар
Ағаштың артынан түлкі шығады.
-Кәне, балалар бұл не?
-Түлкі дұрыс айтасыңдар
Түлкі: балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Түлкі біздің балалар орманды тамашалауға келді.
Түлкі: Мен жасырған жұмбағымды шешсеңдер мен сендерді орманға жіберейін.
Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолым тоңады.
(қар)
Қыста айна көктемде су. (мұз)
Түлкі: Жарайсыңдар әрі қарай орманды тамашалауға рұқсат етемін.
Тәрбиеші: Балалар мына жерде апан бар екен, кәне қарайықшы бұл не апан екен, Ой балалар бұл аюдың апаны балалар аю жаз, күз айларында тамаққа тойып алып қыста ұйқыға кетеді екен.
Аю нені жақсы көреді балалар?
-Бал жарайсыңдар олай болса әрі қарай жүрейік.
Бұл не балалар?
-Тиін дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілінде тиін өзіне тамақ дайындайды , жаңғақ және саңырауқұлақтарды жинап қыс бойына соны азық қылып жеп шығады екен.
Мына ағаштың түбінде отырған бұл не?
-Қоян дұрыс айтасыңдар, қоян қыс мезгілінде өзінің сұр тонын шешіп ақ тонын киіп алып өзінің жауларынан қорғанады екен.