Жас математик. Бейнелеу ?нері. (Кіріктірілген саба?).
Та?ырыбы: ?лтты? ойын есептер.Сырма?.
Ма?саты: 1.?лтты? ойын ар?ылы білімдерін ?айталау, бекіту.
2.?ызы?ушылы?тарын ояту, ой белсенділігін
арттыру, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.
3.Тап?ырлы??а, ізде?імпазды??а, отансуйгіштікке,
баулу, ?лтты? т?рбие беру
К?рнекілік: мультимедиалы? та?та,дидактикалы?
материал,сырма?, асы?тар.
Саба? т?рі: ал?ан білімді пысы?тау
?дісі: ойын, жарыс,саяхат.
Саба?ты? барысы:
І.?йымдастыру. 1. Психологиялы? дайынды?.
- К?не, к?не, достарым,
Тексері?дер тезірек.
Б?рі де бар ма орнында,
Д?птер, кітап, ?алам да?
Д?рыс отыр ма барлы?ы?
Ма?ан ?ара?дар бал?ындар,
Тек бес ал?ысы келгені,
?ол к?теріп белгі бері?дер.
Балалар: -Саба??а біз дайынбыз,
Тез бастау?а ?зірміз.
- Мен сіздерге ?арап, к?лемін, сіздер де бір-бірі?е ?арап к?лі?дер. Біз сабырлы, мейрімдіміз. Тере? дем алып, оны шы?ары?дар. Кешегі ре?іш, ашуды, мазасызды?ты шы?ары?дар. Олар туралы ?мыты?ыздар. Б?гін жа?а к?н туды, оны? н?рымен,таза ауамен бірге тек жа?сылы? пен ?уанышты ж?ты?дар. Мен сендерге жа?сы к??іл к?й тілеймін.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: "?лтты? ойын есептер.Сырма?"»
Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі
Ашық сабақ
(таңдау курсы)
Бейнелеу өнері
2 сынып
Тақырыбы:
Өткізген: ЕргалиеваМ.Т.
Затобол
Жас математик. Бейнелеу өнері. (Кіріктірілген сабақ).
Тақырыбы: Ұлттық ойын есептер.Сырмақ.
Мақсаты: 1.Ұлттық ойын арқылы білімдерін қайталау, бекіту.
2.Қызығушылықтарын ояту, ой белсенділігін
арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тапқырлыққа, іздеңімпаздыққа, отансуйгіштікке,
баулу, ұлттық тәрбие беру
Көрнекілік: мультимедиалық тақта,дидактикалық
материал,сырмақ, асықтар.
Сабақ түрі: алған білімді пысықтау
Әдісі: ойын, жарыс,саяхат.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру. 1. Психологиялық дайындық.
- Кәне, кәне, достарым,
Тексеріңдер тезірек.
Бәрі де бар ма орнында,
Дәптер, кітап, қалам да?
Дұрыс отыр ма барлығы?
Маған қараңдар балғындар,
Тек бес алғысы келгені,
Қол көтеріп белгі беріңдер.
Балалар: -Сабаққа біз дайынбыз,
Тез бастауға әзірміз.
- Мен сіздерге қарап, күлемін, сіздер де бір-біріңе қарап күліңдер. Біз сабырлы, мейрімдіміз. Терең дем алып, оны шығарыңдар. Кешегі реңіш, ашуды, мазасыздықты шығарыңдар. Олар туралы ұмытыңыздар. Бүгін жаңа күн туды, оның нұрымен,таза ауамен бірге тек жақсылық пен қуанышты жұтыңдар. Мен сендерге жақсы көңіл күй тілеймін.
2) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау үшін сендердің көмектерің керек. Жасырынып тұрған сөзді табу.
- Балалар, биыл ҚР-ның тәуелсіздік алғанына неше жыл болады?
- Қазақстан жері кең, байтақ және бай. Қалалары да көп. Бүгін біз
Қазақстанның қалаларына саяхат жасаймыз. Біздің туған жеріміз қалай аталады?
- Қостанай өлкесі неге бай? (Бидай, орман)
- Қостанайға біз машинамен барамыз. (Машинаның дыбысы шығады.)
1. Жолда кетіп бара жатып «Ақ сүйек» ойынын ойнаймыз.
- Сүйектерді тауып алып, онда жазылып тұрған сандарды өсу ретімен орналастырыңдар.
2. Енді Қостанайдан Астанаға пойызбен барамыз! (Дыбысы, жүрісі, көрінісі)
- Астана жолында«Бәйге»ойының ойнау арқылы мынадай тапсырманы орындаймыз.Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сөз шығады.
100-1
20+20
13-3
83-80
4+3
25-10
30-5
100+5
7
15
3
25
40
10
99
105
-Қандай сөз шықты?
99
40
10
3
7
15
25
105
с
ә
т
т
і
л
і
к
3.Көзге арналған жаттығу
4.Суретші келеді де қөрме ұйымдастыра бастайды.
- Сіз кімсіз? Неге кедергі жасап жүрсіз?
-Мен суретшімін. Қостанайдан балалар келе жатыр. Соларды қарсы алып, галлереяға апаруым керек.
Суретші балаларға галлереядағы суреттерді көрсетіп, әңгіме жүргізеді.
- Астана туралы не білесіңдер?
(Ол ҚР астанасы, көрікті, Бәйтерек т.б)
- Кім Астанада болды?
5.Астанадан Қарағандыға автобуспен барамыз, өйткені олардың ара қашықтығы өте алыс емес. (Дыбысы, гүрілі)
Қарағандыға жеткенше сурет саламыз.Сырмақтың суреті көрсетіліп, сырмақ туралы мәлімет беріледі. Сырмақтың суреті салынады.Суреттер бақыланады , жеке-дара көмек көрсетіледі
6. «Жорға» биін орындау
- Қарағандыға келіп қалдық. Қарағанды неге бай? (Көмірге)
- Енді Қарағандыдан Алматыға кемемен жүземіз. (Дыбысы шығады.) Себебі,оңтүстікте өзендер көп (Балқаш көлі, Арал теңізі бар) Жолда тапсырмаларды орындау барысында көлдегі балықтарға қамқор жасаймыз және Арал теңізі құрып кетуі жағдайын болдырмауға тырысамыз. Ол үшін «Асық» туралы логикалық тапсырма орындаймыз.
-Асық деген не? Ол ойынды кім біледі?
Асхат, Арман және Қанат асық ойнады. Арман асықты 2 сағат ойнады. Қанат пен Асхат неше сағат ойнады? (2 сағат)
Асхатта 10 асық болды. Қанатта 4 асық бар. Ал Арманда Асхат пен Қанатта барлығы қынша болса, сонша. Арманда неше асық бар?
- Алматыға да келіп қалдық.
- Алматы облысы неге бай? (Таулар, алма)
- Енді біз Алматыдан елге, Қостанайға ұшақпен ораламыз. (Дыбысы, гүрілі)
7. «Ормал тастау» ойыны Бір оқушы шығып кімге орамал тастаса, сол оқушы есепті қолайлы тәсілмен орындау керек.
16+3+4+17 29+18+1+2
48+15+2+5 54-5-4-10
ІІІ. Өткенді пысықтау.
«Оюларды сана» ойыны
Салған оюларды санап, ол санға аталған санды қосып
мәнін тап.
ІV. Бағалау. Мадақтау: «сиқырлы таяқ» үлестіру, (оның ішінде тосын сый ретінде жақсы, жылы сөздер жазылған)