Оқушылардың достық қарым – қатынастары мен достық сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізіледі. Теңіз толқындарының, қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан естіледі.
Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Өзіміздің қолымызбен дайындалған қайық үлкен кемеге айналып кеткендей. Біз бәріміз бірге сол пароходқа отырып «Достық аралында» жүзіп барамыз. Табиғи таза ауамен терең- терең тыныстаймыз. Қоңыр салқын самал бетімізді желпіп өткендей. Су сыңғарлары, толқын тербелісі бізді ерекше жақсы сезімге бөлейді. Біз бір- біріміздің қолымыздан қысып, бірге екендігімізге мақтанып қоямыз. Теңіз ортасына жеттік. Біздің әрі қарай «Достық аралына» жеткізді. Аралда «Достық туы» желбіреп тұр. Бізде дельфинге рақмет айтып, таңбалы тасқа армандап жүрген бір тілегімізді жаза алатынымызға қуанып тұрмыз. Сол тілекті жазуға тапсырмаларды бірігіп орындау арқылы жеткендігімізді ойлап сыныптастарымызға ризашылығымызды білдіріп, тағы да бір рет қолдарымызды қысып қоямыз. Енді бәріміз бұрынғы қалпымызға келейік.
Дәйексөз
Тақтада «Татулық-табылмас бақыт» халық мақалы жазып қою. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.
Аңыз әңгіме
Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкен кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Содан соң:
Қане, балаларым, күшткріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, - дейді.
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.
Қария тобылғының бауын шешіп:
Енді бір бірден сындырып көріңдер, - дейді.
Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:
Міне, сындырдық, - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.
Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп болса, ынтымақ жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - дейді.
Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды –
ынтымақ » деген сөз осыдан қалған екен.
Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?
Бірлік болмай, тірлік болмас деген мақалды қалай ұғындырады?
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде бейнеленген таңбалы тасқа бірлік туралы тілектеріңді жазыңдар.
Өткен сабақты түйіндеу мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.
Ынтымақ, түбі- .......
Бірлік, ынтымақ – байлық ..........
...... табылмас бақыт.
Қажетті сөздер: береке, бақ, татулық.
Үйге тапсырма:59-60 бет оқу мазмұндау.
Жағдаяттар мен жұмыс
Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалар мен ұштастыру мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, балалар жағдаяттармен жұмыс жасайды. Әр жағдаяттарды талдайды.
Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақ макетін жасау тапсырылады. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды. Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.
Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болдаы?
Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келеді. Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярмен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын. Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болуға шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.
Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?
Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.
Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?