Кел, балалар, о?ылы?! О?ы?анды к??ілге ы?ыласпен то?ылы? О?ыса?ыз балалар шамннан шыра? жа?ылар тілегені? алды?нан іздемей а? табылар сиса к?йлек ?сті?де то?уменнен табыл?ан сауыс?аннын тама?ы шо?уменнен табыл?ан о?ыса?дар балалр шамннан шыра? жа?ылар іздегені? алды?нан іздемей ак табылар Е?бек жолын балы?шы болып баста?ан ?мірінде а?ат ?адам баспа?ан ауыл?а кеп ?стаз болды артынан педучилище тамамда?ан жас маман. Бо?а жиса сан ?аламны? ілімін, Білді жары? боларын ол к?нні?. Орал менен атырауда білім ап, Одан ?рі жетілдірді білімін
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар , бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз
орнымыздын тұрып амандасайық.
Бүгінгі сабағымыздың мақсат-міндеті:
Мақсатымыз- білім алу
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу.
Жарайсыңдар, бүгін бізге сауат ашу сабағы.
Балалар мына әдемі сандықшаны қараңдаршы , сандықшаның ішінде көптеген жұлдызша мен төртбұрыштар бар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сабақ соңында осы жұлдызша мен төртұрышты беремін. Балалар жұлдызша бес деген баға, төртбұрыш төрт деген баға. Сондықтан бәріміз сабаққа дұрыс қатысып жұлдызша алуға тырысайық.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Т)
Т дыбысы бар сөздер айтамыз. (Оқушылардың жауабы)
Жарайсыңдар, балалар.
Т дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Сурет бойынша сөйлем құрау .Торт, телефон, тақия ,түлкі сөздеріне сөйлем құрау.
Өткен сабақта айтылған Түлкі мен қасқыр ертегісін кім айтып береді.
( Бір оқушыға айтқызу)
Сонымен түлкі қандай аң? ( Қу, айлакер )
Т дыбысын (5-6 балаға оқыту) ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Жақсы балалар қазір біз ойын ойнаймыз.
Ойын «Сиқырлы сандар»
-Балалар , қазір біз «Сиқырлы сандар » ойынын оймыз. Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ сандардың бізге не жасырып тұрғанын білеміз.
-Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты естиміз ,айтамыз.
-Әріп деген не? Әріпті көреміз, оқимыз , жазамыз.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты , дауыссыз.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Әр сұраққа жауап алған сайын сандар алынып, астынан пілдің суреті шығады.
-Балалар ненің суретін көріп тұрмыз? (Піл)
-Жарайсыңдар ,піл сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (П)
П дыбысын хормен қайталап айтқызу.
П дыбысы қандай дыбыс екен?
П дыбысына сөздер ойлау.
П дыбысының баспа әріп таңбасымен танысу.
Сауат ашу дәптерімен жұмыс.
Суретпен жұмыс
Балапан, піл, доп суреттерін көрсетіп, п дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін меңгерту.
Әр топқа тапсырма беру.
Тапсырма:1 -ші топқа балапанның суреті. Сөйлем құрау, буынға бөлу.
2-ші топқа пілдің суреті. Сөйлем құрау, буынға бөлу.
3-ші топқа доптың суреті. Сөйлем құрау, буынға бөлу.
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық. .
Ұшып - ұшып алайық, Орнымызға қонайық. .
Буынды қосып оқу.
П—а Па Па ПА ПА Па ПА
А-па апа апа апа апа апа
Т-ап тап тап тап тап тап
Оқушыларға оқыту (7-8 балаға оқыту.)
П дыбысын жазу. Ауада жазып көрсету.
Әр топқа тапсырма беру.
1- ші топ үш әріптен тұратын сөзді табу ---п---- апа
2- ші топ төрт әріптен тұратын сөзді табу. –п---- апта
3- ші топ тәріптен тұратын сөзі табу. -----п тап
Енді балалар тағы да ойын ойнайық.
Ойын: Жасырынбақ
Ойын шарты: Балалар көздерін жұмған кезде жасырынған суретті табу.
Тапқан суретке дыбыстық талдау жасау. Кітап, парта дәптер
Үш оқушыны тақтаға шығарып талдату.
ІІІ . Қорытындылау:
1.Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
2. П дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?
3. П дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылады мадақтау, бағалау.