Ма?саты: «?» дыбысы мен ?рпімен таныстыру,с?здерге дыбысты? талдау жасап білуге ?йрету. «?»дыбысын ?атыстыра отырып с?з,с?йлем ??рау,буын?а назар аудару ж?не «?» дыбысыны? ?ай жерде кездесіп т?р?анын(басында,ортасында, со?ында) таба білуге да?дыландыру.Байланыстыра с?йлеуге,??ымталды??а баулу.
Бір с?зде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады екен.Онда ?ол?ап с?зінде ?анша дауысты дыбыс бар?
Екі дауысты дыбыс бар.
-Демек, ?анша буын бар?
Екі буын бар
Т?рбиеші балалар?а «?» дыбысын ауада жазып к?рсетеді.
«?» дыбысын ауада жазып ?айталайды.
?ызыл,к?к текшелерді ?ою ар?ылы талдау жасатады.
Д/О: «С?з ойла,тез ойла»
-Енді « ?» дыбысынан басталатын с?здер ойлап айты?дар.Енді осы с?здерді буын?а б?лі?дер.
?озы,?ол,??с,?ас,?арыл?аш,
?асы?,?арындаш,т,с,с
Д/О: «Буын?а-буын ?ос»
Т?рбиеші бір буын айтады,балалар буын?а буын ?осып жал?астырады.
Мысалы:
бот- ?а
?ар- ?а
?ол-?ап
сау-са?
орын-ды?
та?-па?
ор-ман
Фонетикалы? есту ?абілетін дамыту.
Балалар ?азір «Зейінді бол» ойнын ойнаймыз.
Мен сендерге дауысты ж?не дауыссыз дыбыстарды айтамын.Ал сендер дауысты дыбыс естігенде т?расы?дар,ал дауыссыз дыбыс естігенде отырасы?дар.
Балалар дауысты дыбыс естігенде т?рады,дауыссыз дыбыс естігенде отырады.
Д/О: «Дыбысты? орнын аны?та»
Т?рбиеші балалар?а затты? суреттері бар карточкаларды таратып береді,атауларын с?райды. «?»дыбысы осы с?здерді? барлы?ында естіледі.Бір с?зде басында,келесі с?зде ортасында,ая?ында кездеседі.Суреттерді атап ?ай жерде «?» дыбысыны? келіп т?р?анын аны?тап,сол т?рк?зге текше ?ояды.
Балалар «?» дыбысыны? орнын аны?тап,сол торк?зге текше ?ояды.
Д/О: «?з ?йі?ді тап»
Мазм?ны: Т?рбиеші екі баланы та?та?а ша?ырады.Біреуіне ?ызыл ?й,екіншісіне к?к ?й беріледі.?ал?ан балалар?а ?ызыл,к?к текшелер таратып беріледі.Т?рбиеші белгісі бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстар орындарын табуы керек.
Балалар текшелеріне ?арап,?з ?йлерін табады.
?орытындылау.
Саба?ты с?ра?-жауап ар?ылы ?орытындылау.
Балалар с?ра?тар?а жауап береді.
–Балалар б?гін біз ?андай дыбыспен танысты??
–? дыбысымен танысты?.
- «?» дыбысы ?андай дыбыс?
–? дыбысы дауыссыз дыбыс.
?андай с?здерге дыбысты? талдау жасады??
«?ол?ап» с?зіне дыбысты? талдау жасады?.
К?тілетін н?тиже: Біледі: «?» дыбысы дауыссыз дыбыс ж?не оны к?к текшемен белгілейтінін.
Просмотр содержимого документа
«сауат ашу ж?не жазу негіздері саба?ына конспект»
Білім беру саласы:Қатынас
Оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: Қ әрпі мен дыбысы.
Мақсаты: «қ» дыбысы мен әрпімен таныстыру,сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету. «Қ»дыбысын қатыстыра отырып сөз,сөйлем құрау,буынға назар аудару және «қ» дыбысының қай жерде кездесіп тұрғанын(басында,ортасында, соңында) таба білуге дағдыландыру.Байланыстыра сөйлеуге,ұғымталдыққа баулу.
Көрнекіліктер:түрлі түсті текшелер,әріптер,суреттер,магнит тақтасы.
Шаттық шеңбері:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар шеңбер болып тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.
Өткен дыбыстарды қайталау.
Қәне балалар енді өткен дыбыстарды еске түсіріп қайталайық.
А,т,п,н,ғ,р,л,у,ш,о.
Өткен дыбыстарды қайталайды.а,т,п,н,ғ,р,л,у,ш,о
Бүгін өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып берейін.
Балалар жұмбақты мұқият тыңдайды.
Жұмбақ:
Қос қолға киемін,
Жып-жылы жүремін.
-Қолғап
–Дұрыс балалар.Қолғап деген сөзде бас әріп қандай әріптен басталып тұр?
-Қ әрпінен басталып тұр.
-Балалар,бүгін біз «қ» дыбысы мен және әрпімен танысамыз. Дыбысты біз естиміз,ал әріпті көреміз.
–Кәне,бәріміз «Қ» деп айтайық.
-«Қ» дыбысын қайталайды.
Қ дыбысының артикуляциясы мынадай:ерін ашылып,тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді.Міне осыдан «қ» дыбысы жасалады.
–«Қ» дауыссыз дыбыс.Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
-Көк түспен белгілейміз.
-Енді қолғап сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
–«Қолғап» сөзі неше дыбыстан тұрады?
-Алты дыбыс бар.
-Қ дыбысы қандай дыбыс?
Қ –дауыссыз дыбыс.
- О дыбысы ше?
О-дауысты дыбыс.
-Л дыбысы қандай дыбыс?
Л-дауыссыз дыбыс.
-Ғ дыбысы қандай дыбыс?
Ғ-дауыссыз дыбыс
-А дыбысы қандай дыбыс?
А –дауысты дыбыс.
- П дыбысы ше?
П-дауыссыз дыбыс.
-Неше буын?
Екі буын бар.
-Неше дауысты дыбыс бар?
Бір сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады екен.Онда қолғап сөзінде қанша дауысты дыбыс бар?
Екі дауысты дыбыс бар.
-Демек, қанша буын бар?
Екі буын бар
Тәрбиеші балаларға «Қ» дыбысын ауада жазып көрсетеді.
«Қ» дыбысын ауада жазып қайталайды.
Қызыл,көк текшелерді қою арқылы талдау жасатады.
Д/О: «Сөз ойла,тез ойла»
-Енді « Қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар.Енді осы сөздерді буынға бөліңдер.
Қозы,қол,құс,қас,қарылғаш,
Қасық,қарындаш,т,с,с
Д/О: «Буынға-буын қос»
Тәрбиеші бір буын айтады,балалар буынға буын қосып жалғастырады.
Мысалы:
бот- қа
қар- ға
қол-ғап
сау-сақ
орын-дық
тақ-пақ
ор-ман
Фонетикалық есту қабілетін дамыту.
Балалар қазір «Зейінді бол» ойнын ойнаймыз.
Мен сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын.Ал сендер дауысты дыбыс естігенде тұрасыңдар,ал дауыссыз дыбыс естігенде отырасыңдар.
Балалар дауысты дыбыс естігенде тұрады,дауыссыз дыбыс естігенде отырады.
Д/О: «Дыбыстың орнын анықта»
Тәрбиеші балаларға заттық суреттері бар карточкаларды таратып береді,атауларын сұрайды. «Қ»дыбысы осы сөздердің барлығында естіледі.Бір сөзде басында,келесі сөзде ортасында,аяғында кездеседі.Суреттерді атап қай жерде «Қ» дыбысының келіп тұрғанын анықтап,сол төркөзге текше қояды.
Балалар «Қ» дыбысының орнын анықтап,сол торкөзге текше қояды.
Д/О: «Өз үйіңді тап»
Мазмұны: Тәрбиеші екі баланы тақтаға шақырады.Біреуіне қызыл үй,екіншісіне көк үй беріледі.Қалған балаларға қызыл,көк текшелер таратып беріледі.Тәрбиеші белгісі бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстар орындарын табуы керек.
Балалар текшелеріне қарап,өз үйлерін табады.
Қорытындылау.
Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
–Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
–Қ дыбысымен таныстық.
- «Қ» дыбысы қандай дыбыс?
–Қ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық?
«Қолғап» сөзіне дыбыстық талдау жасадық.
Күтілетін нәтиже: Біледі: «Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін.