kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект "??ла?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cаба?ты? ма?саты: 1.О?ушылар?а есту м?шесіні? ?ызметі,оны к?ту ережелері туралы т?сінік беру,ауру т?рлері,оларды болдырмау жолын ??ындыру.

2.Сауатты о?у техникасын,білімін,танымды? ?абілетін дамыту.

3.О?ушыларды тазалы??а,??ыптылы??а,?рбір сезім м?шелерін к?те білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект "??ла?"»

Сабақтың тақырыбы: Құлақ-есту мүшесі.


Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға есту мүшесінің қызметі,оны күту ережелері туралы түсінік беру,ауру түрлері,оларды болдырмау жолын ұғындыру.

2.Сауатты оқу техникасын,білімін,танымдық қабілетін дамыту.

3.Оқушыларды тазалыққа,ұқыптылыққа,әрбір сезім мүшелерін күте білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,тест,ребус,құлақ күту ережесі,Венн диаграммасы.

Техникалық құралдар: компьютер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,музыка.

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

-Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Сендерді көп қызықты тапсырмалар күтіп тұр.Сендерден ұйымшылдық пен көтеріңкі көңіл-күймен сабаққа қатысуды сұраймын.

Мақсатымыз-білім алу

Міндетіміз-еңбектену,

5-ке қолды жеткізу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?

-Көз-көру мүшесі.

-Олай болса,қазір үй жұмысын тест бойынша тексереміз.Плакатқа жазылған тест сұрақтарын тақтаға іліп,жауап таңдау тестін жүргіземін.

Сұрақтар:

1.Көз қандай мүше?

А) есту мүшесі;

Ә) көру мүшесі;

Б) иіс сезу мүшесі;

В) дәм сезу мүшесі.

2.Жазу жазғанда жарықтың қай жақтан түскені дұрыс?

А) оң жақтан;

Ә) жарық керек емес;

Б) сол жақтан;

В) екі жағынан.

3.Оқыған кезде кітап,дәптер көзден қанша қашықтықта болуы керек?

А) 10-15 см;

Ә) 20-25 см;

Б) 50-60 см;

В) 30-35 см.

4.Көзге қандай түс пайдалы?

А) жасыл;

Ә) қызыл;

Б) ақ;

В) қара.

5.Көзді кір қолмен сүртуге бола ма?

А) болады;

Ә) аздап сүрту керек;

Б) микробтар түседі:

Д) жиі-жиі сүрту керек.

6.Көз ауруын ата?

А) соқыр;

Ә) ұшық;

Б) гайморит;

В) сүйел.

7.Теледидар көргенде қандай қашықтықта отыру керек?

А) 1-2 м;

Ә) 2-3 м;

Б) 3-6 м;

В) 3-4 м.

8.Ұзақ оқу керек болған жағдайда неше минут сайын көзді демалту қажет.

А) 20 мин;

Ә) 5 мин;

Б) 10 мин;

В) 7 мин.

9.Көздің қорғанышы-

А) мұрын,тіл;

Ә) кірпік,қас,мұрын;

Б) қас,қабақ,тіл;

В) кірпік,қабақ, қас.

10.Көз туралы айтылған мақалды тап.

А) Оқу инемен құдық қазғандай.

Ә) Көңілдегі сырды көз білдіреді.

Б) Ас-адамның арқауы.

В) Ас тұрған жерде,ауру тұрмайды.

ІІІ.Мақсат қою.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Жаңа сабақ.

-Балалар,берілген ребусты шешсек,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

-Қане,кім тапқыр екен?


,, ,,, қ














-Қандай сөз шықты?

-Өте жақсы.Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Құлақ-есту мүшесі» деп аталады.

Электронды оқулықтан бейне баян көрсетіп,қандай дауыс,дыбыс естігендерін сұрап,құлақ туралы көрнекілікпен түсіндіремін (Бейне баянда көліктердің,жануарлардың дыбыстары естіледі).

Әлемде алуан түрлі дыбыстар көп.Мысалы,адамдардың сөйлегені,жануарлардың дыбыстары (оқушыларға дыбыстарын салдыру),музыканың дауысы,жапырақтың сыбдыры,телефонның шылдыры,құстардың әсем әні,басқа да сан алуан дыбыстарды құлақпен естиміз.Олардың барлығы біздің құлағымызға жетіп,тыңдау жүйкесі арқылы миға беріледі.Ми бұл дыбыстардың мағынасын ашып оқиды да,біз оларды естиміз.Таныс адамды,әр түрлі жануаларды көрмей-ақ,дауысынан танимыз.

Біз көретін құлақ-тек нағыз құлақтың өзіне кіретін есік.Бұл сыртқы бөлік құлақ қалқаны деп аталады,әдемілік үшін де қажет.Дыбыс құлақ қалқанына түскеннен кейін есту жолы арқылы өтіп,сыртқы және ортаңғы құлақ арасындағы жұқа перде-дабыл жарғағына барып соғылады.Бұдан дабыл жарғағы тербеле бастайды.Бұл қозғалыс ортаңғы құлаққа жіберіледі.Онда тербелістерді ішкі құлаққа жіберіп отыратын ерекше сұйықтыққа толы үш сүйекше орналасқан.Сонан кейін сигнал есту жүйкесі арқылы миға беріледі.Құлақтың көмегімен тіл үйренеміз,сөйлей білеміз.Құлағы естімейтін,мылқау болып туған бала сөз үйрене алмайды.Саңырауқұлақ-үлкен кемістік.Құлақтың дабыл жарғағы жұқа болады,сондықтан жақсы күтімді қажет етеді.Құлақтарымыз қашан да сау және жақсы есту үшін мына ережелерді естеріңе сақтап орындаңдар.

Оқушыларға оқыта отырып,түсіндіремін.

Құлақты күту ережелері:
1. Құлақты үшкір затпен тазалама, дабыл жарғағы тесілсе, зақымданса адам саңырау болып қалады.
2. Құлаққа қиқым түссе немесе шыбын-шыркей кіріп кетсе дәрігерге барып алдырған жөн.
3. Құлақты суық тиюден, үсіп қалудан сақта.
4. Өте қатты дыбыс құлаққа зиян, есту қабілеті нашарлайды. Мысалы құлаққа қойып музыка тыңдау, шу. т. б.

Оқулықпен жұмыс.

Құлақ-есту мүшесі мәтінін тізбектеп,жекелей оқытамын.

Дәптермен жұмыс.

-Бүгінгі күн ретін жазамыз.23 қазан.Құлақ-есту мүшесі.

Құлақты күтудің ережелерін жазу.

Сергіту сәті.

Қара жорға биін тыңдау.Бейне баянда не көргендерін айтқызу.

Сарамандық жұмыс.

Құлағыңды қолыңмен жауып,көргіңмен сөйлес.Болған соң қорытынды жаса.Ойларын айтқызу.

V.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

45-беттегі сурет бойынша әр заттан шығатын дыбысты ми қалай қабылдайды?

Ойларын айтқызу.



VІ.Бекіту.

Венн диаграммасы.

Естиді

Көреді
















Құлақ пен көздің ортақ қасиетін жазу.

-Құлақ қандай мүше?

-Құлақ құрылысын ата.

-Құлақты күтудің ережелерін айт.

VІІ.Үйге тапсырма.

44-45 беттерді оқу,мазмұнан айту.

VІІІ.Бағалау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект "??ла?"

Автор: Касенова Толкын Амангельдиновна

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310681

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Конспект урока с презентацией по немецкому языку "
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekt-uroka-s-priezientatsiiei-po-niemietskomu-iazyku"
    ["file_id"] => string(6) "141250"
    ["category_seo"] => string(8) "nemeckiy"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418068903"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Опорный конспект лекции на тему "Сестринский процесс""
    ["seo_title"] => string(58) "opornyi_konspiekt_liektsii_na_tiemu_siestrinskii_protsiess"
    ["file_id"] => string(6) "391903"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487107415"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Конспект логопедического занятия с детьми подготовительной группы с речевым диагнозом ФФНР."
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_loghopiedichieskogho_zaniatiia_s_diet_mi_podghotovitiel_noi_ghruppy_s_"
    ["file_id"] => string(6) "467615"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1524614386"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Конспект урока на тему: Графический редактор Paint "
    ["seo_title"] => string(54) "konspiekt-uroka-na-tiemu-grafichieskii-riedaktor-paint"
    ["file_id"] => string(6) "170988"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423627666"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Конспект урока литературы  в 5-ом классе "Тема и идея рассказа Л.Н.Толстого "Кавказский пленник" "
    ["seo_title"] => string(100) "konspiekt-uroka-litieratury-v-5-om-klassie-tiema-i-idieia-rasskaza-l-n-tolstogho-kavkazskii-pliennik"
    ["file_id"] => string(6) "192709"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427507534"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства