Әңгiмелеу (сұхбат) Аңыз әңгіме: Әңгімелесу. «Екі түп алма ағашы» /аңыз әңгіме/ Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі -Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екіншісі болса: -Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан маған ,күннің түсуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, – дейді. Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдар да оған аса мән беріп қарай бермейді. -Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз? -Екінші алма ағашын қалай өсіргенде жақсы жеміс беретін еді? -Адамдарға да, табиғатқа не керек деп ойлайсыңдар? |