Конспект урока по родному языку предназначен для учителей начальных классов национальной школы. Учителем выбраны инновационные методы, разноуровневые задания для учащихся. Учитель предлагает использование информационных коммуникативных технологий, новых методологий, например критическое мышление через чтение и письмо. В результате учащиеся по новой теме смогут рефлексировать урок, анализировать работу друг друга, подводить итоги урока. Цель урока закрепить, расширить и углубить знания учащихся по родному языку, расширить кругозор, активизация словарно фразеологического запаса учащихся, развитие устной и письменной речи.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по родному языку »
К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Саденова Бақытжан Разиқызының
сабақты өзіндік талдауы
Мен оқушыларға білім беруде іс-әрекетімді балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырамын. Сабақ жоспарлауда оқушылармен бірлесіп жасайтын қызмет пен қарым-қатынасының әдіс-тәсілдерін таңдаймын. Сабақта берілетін оқу материалын оқушыларға жеткізу үшін әр түрлі оқыту әдістерін қолданамын. Бастауыш сыныптарындағы ең жиі қолданатын оқыту әдістері - ауызша баяндау, суреттеу, жағдаяттар тудыру, логикалық ойлату, мазмұндау, түрлі ойындар арқылы үйрету т.б. тәсілдерді және көрнекі мен техникалық құралдарды пайдаланамын. Сонымен қатар оқытуды жазу түрлерін меңгерсем, жаңа әдіспен жұмыс істесем, ерекше формамен таныссам деген құштарлығым күн сайын арта түсуде. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының толық курсын бітіріп, сабақтарымда әр қырынан қарауды, сабақ құрылымын өзгертуге жол аштым.
Сабағымда білім арқылы жететін байлық пен ақыл және еңбек атты асыл қасиеттер туралы және оған иеленгендердің орны жоғары екендігін сезіндіру, топтасып іс-әрекет ету, қорытындыға келіп, жоба жасау және оны қорғау жұмыстарын жүргіздім.
Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін, белсенділігін арттыру мақсатында оң қабылдауы мен түсінуін, шешу жолдарының жоспарын құру, міндеттің іс-жүзінде шешілуі мен нәтижесін бағалау, жинаған білімін одан әрі жетілдіруді айқындап отырдым. Бұл сабағымда әр оқушы өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетіне қатысты, белсенді әрекет ете меңгеруге ұмтылды.
Сабағымның нәтижесі қойылған мақсат пен жоспарға сәйкес, педагогикалық іс-әрекет жүйесіне құрылған.
Ана тілі пәнінен өткізген сабағымның бір үлгісін ұсынамын
2/Дамытушылық: Балалардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын,
дамыта отырып, жан-жақты ойлануға үйрету, шығармашылық қабілеттері мен
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3/Тәрбиелік: Өмірдегі қарама-қайшылықтар мен жағымды-жағымсыз деген
түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы шындыққа қарым-қатынасын
қалыптастыруға жағдай туғызу, қоршаған ортаға қамқор болуға және
адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері:
Ертегінің оқиғасынан байлықтың көзі білім, еңбек , ақыл екендігін түсіндіру;
Ертегіні талдау, салыстыру, болжау жасау арқылы бала қиялын дамыту;
Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзінің ойын таңдауға, ойын дәлелдеуге баулу;
Оқушыға ертегінің идеясын, ойын ашқызу;
Сабақтың түрі: пікір сайыс;
Сабақтың типі: білімді жүйелеу;
Сабақтағы оқытудың негізгі әдісі: ішінара зерттеу әдісі;
Сабақтағы педагогикалық технология : «Step by step”;
Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру. Венн диаграммасы.
Пікірталас.
І. Жиын.
Оқушылар дөңгелене кілем үстіне отырады. Бір-бірлерінің қолын ұстайды.
Ойын.
Балалар, мен қазір сендермен бір қызық ойын ойнаймын. Қазір біз
өз есіміміздің қай әріптен басталатынын ойлайық. Сол әріптен басталатын бір лайықты қасиетті қосып айтамыз. Бірақ, ол қасиеттеріміз жақсы қасиеттер болуы қажет. Ойын ойналады.
Ал балалар, қазір бізге ана тілі сабағы. Бүгін біз оқу орталықтарында жұмыс жасаймыз. Қазір мен мұнда үш түрлі шаршыларды орталыққа қоямын. Қызыл шарпшыны алған балалар екінші орталыққа барады. Ал, көк шаршыны алған екінші орталыққа барады. Ал, сары шаршыны алған балалар үшінші орталыққа барады. Оқушылар үш орталық болып отырады.
Байлық пен ақыл, еңбек деген сөздерді естігендерің бар ма? ендеше, бүгін біз сендермен « Байлық пен ақыл» ертегісін оқимыз.
Тақтаға ілемін:« Мен білемін»
Балалар, сендер байлық, ақыл, еңбек деген сөздерді естігенде ойларыңа не келеді? Соларды қағаз бетіне жазамыз.
Үш топқа үш сөз беремін /тақтаға ілінеді/.
Мен білемін
Ал балалар, осы байлық ,ақыл, еңбек адамға қажет пе?
Осы үшеуі де болуы үшін адамға не қажет?
Білім
Тақтада тірек схемасы пайда болады.
Байлық Ақыл Еңбек
Білім
ІІ. – Балалар, ертегі не жайлы екен, білгілерің келе ме?
«Білгім келеді»
Ендеше, мен ертегіні оқып берейін.
І бөлімді оқимын.
№1 топқа:
Сендер қалай ойлайсыңдар, шалдың ұлдары нені көрсетуі мүмкін? Ойларын тыңдау.
ІІ бөлімді оқимын.
№2 топқа:
Балалар, қалай ойлайсыңдар, шалға шалға қай баласының жауабы ұнады? Ойларын тыңдау.
№ 3 топқа: Сендерден ақылың мен байлығың қайсысы десе, не көрсетер едіңдер?
ІІІ бөлімді оқимын.
№1 топ: тізбектей,кезекпен оқиды
№2 топ: мұғалім басшылығымен оқиды.
№3 топ: барлығы оқиды.
Ал, енді балалар, сендердің қолдарыңда әртүрлі шаршы бар. Сол шаршының артында1,2,3 деген цифрлар тұр. Ендеше,
№1-орталыққа,
№2 – орталыққа,
№3 –үшінші орталыққа отырады.
1-орталық. Бейнелеу орталығы.
Бұл орталықтағы балалар осы ертегіден бір көрініс салады.
2-орталық. Өнер орталығы. Бұл орталықтағы балалар осы ертегі
бойынша көрініс көрсетуге дайындалады.
3- орт алық. Жазу орталығы. Бұл орталықтағы балалар « Байлық
еңбекпен келеді» деген тақырыпқа әңгіме жазады.
1-орталық суреттерін іледі.
2-орталық өнерін көрсетеді.
3-орталық жазған әңгімелерін іледі.
Ал, балалар, енді қолымыздағы шаршының үстіне қарай қайтадан бастапқы тобымызға бірігейік.
№1. Қызыл шаршы. Бұл орталықтағы балалар Венн диаграммасын жасайды.
үш ұлыкенже ұлы
№2 көк шаршы. Бұл орталықтағы балалар еңбек туралы мақал жазады.
№3 сары шаршы. Бұл орталықтағы балалар осы ертегіні оқығаннан кейін өздеріне не алдады,» осы ертегі арқылы балаларға қандай ақыл айтар едіңдер?»
\1-1 кішкене қағазға жазып, кабинеттің кез-келген жеріне іледі\.
ІІІ. Сабақты қорыту. \ Нені білдім?\
-Балалар , міне, сендер сурет салдыңдар, мақал жаздыңдар, көрініс көрсеттіңдер,әңгіме жаздыңдар.
Міне, сендер байлық пен ақыл дегеннің не екенін түсіндіңдер.
Біздің А.Құнанбаев атамыз айтқан екен:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық, қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Яғни, ыстық қайрат - бұл еңбек, егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол. Ал, ақылың нұрлы болсын- дегені – сенің ақылыңның нұрынан басқалар шуақ алу керек. Ал, жылы жүрек дегеніміз- бұл қайырымдылық. Осы қасиеттерді біз бойымызға сіңіре білсек, жақсы адам боламыз.
ІҮ. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Лидерлер арқылы бағалау.
Ү. Рефлекция
ҮІ. Үйге тапсырма: Ертегінің соңынан өз ойларымен жалғастырып жазып келу, оқу.
Қорыта келе сабақ өз мақсатына толық дәрежеде жетті деп ойлаймын.Сабақ барысындағы оқушылардың белсендіктері өздік жұмыстар жасау дағдылары, талдаудағы іс-әрекеттерін көрсетті. Әр кезеңге бөлінген уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ кезінде өзім мен оқушыларым арасындағы психологиялық ахуал мен қарым –қатынас ынтымақтастық жағдайында болдық. Алдағы уақытта осы өткізілген сабағымның тиімді жақтарын пайдалана отырып, бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге көп ізденімпаздықпен жұмыс жасаймын.
Пән мұғалімі Б.Р.Саденова
К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
САДЕНОВА БАҚЫТЖАН РАЗИҚЫЗЫНЫҢ
педагогикалық тәжірибелік әрекетіне талдау
Бастауыш сынып мұғалімі Б.Р.Саденованың сабағына 2014-2015 оқу жылының басынан 8 сабағына қатыстым. Мұғалімнің әр сабағы өз алдына шеберліктің айқын көрінісі. Ол психолого-педагогикалық заңдылықтарына және білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
Бақытжан Разиқызы әр сабағында сабақ сапасының негізгі критерийі - оқушылардың білімділігі сабақтың мақсатына жету екендігін негізгі мақсат етіп қойған. Оның құрамында күрделі байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекет байланысы.
Мұғалім сабақта оқушыларды қызықтыратындай, пәнге деген ынтасын белсендіретіндей дәрежеде өткізеді. Сабақ барысында мұғалім оқушы білімін тексеру, жобалау әрекетіне жаттықтыру, бағыт беру, іс жүзінде көрсету, өз бетімен әрекет етуге, ғылыми- шығармашылыққа баулу, ақпараттандыру, т.б. әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Оқушылардың дайындық дәрежесін, білім деңгейін ескере отырып, оқу бағдарламасы талаптары мен сабақ мақсатына сай, сабақтың ең тиімді мазмұнын анықтай алады, сабақтың жеке кезендерінде оқушылардың ғылыми негіздерін меңгеру және білік дағдыларын қалыптастыруды алдын-ала болжап, әдіс тәсілдердің ең ұтымдысын таңдайды, жалпы қай сабағында болсын жаңа технологияларды орнымен пайдаланады. Жаңа сабақты оқушыға түсінікті тілмен жеткізеді, алған білімді әр түрлі тәсілмен бекітеді, сұрақты дұрыс қояды, сыныпты түгелдей қамтиды, оқушыға талап қоя отырып, жұмыс жасай біледі. Мұғалім сөзін көрнекі бейнелермен сабақтастырып, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды көрсетеді, сонымен қатар көркем сөзді де пайдаланады. Өз пәнін теориялық тұрғыдан терең меңгерген, оқушы білімін қызықтыра отырып, үнемі қосымша фактілермен толықтырып отырады.
Бақытжан Разиқызы сабақтарын материалдық –техникалық жабдықтауда, әлемдік ақпаратпен толықтыруда, компьютермен, электрондық оқулықтармен өткізуде, оқушыны ынталандыруға, өнімділікке қол жеткізеді. Оқушы жетістігін, оқу сапасының көтерілуін салыстыру мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін бағалау жүйесін құрайды. Бұл жүйе мұғалімнің оқыту үрдісіндегі нақты бағасы.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті жоғары, сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сонымен қатар дауыс ырғағы мен қимылы, бет-әлпеті құбылысы мәнерлі, сыртқы бейнесі ұстаздық тұлғаға лайық.
Оқу-ісінің меңгерушісі А.Балқыбекова
Мұғалім оқушы көзімен сауалнамасына қорытынды
1.Мұғалімнің аты-жөні Саденова Бақытжан Разиқызы
2.Қандай пәннен сабақ береді? Бастауыш пән мұғалімі
3.Қандай пәндерді ұнатасын? Барлық пәндерді ұнататындықтарын жазыпты
4.Бұл пәннен беретін мұғалім сізге ұнай ма? Ұнайды деп 100%-ды оқушы өз кызығушылықтарын білдіре жазған.
5.Сабақтың қиын жерлерін түсіндіре ма?
Әрине, үнемі түсінікті етіп түсіндіреді 100%
Қызығушылықты тез оятады 100%
Оқушының шаршауын алып тастай ала ма?
ойын түрінде
К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Өтілген сабақтарды қайталау, кодоскоп арқылы берілген сынақ сұрақтарынга түрлі-түсті (қызыл, жасыл,көк) сигналдық карточкалар арқылы жауап алу.
6 х 4 8 х 4 36 : 4 28 :4
қ.8 қ.12 қ.9 қ.7
қ.2 қ. 4 қ. 8 қ. 4
ж.24 ж. 32 ж. 7 ж. 9
ІІ. Негізгі бөлім. 1. №1 тапсырма (ауызша)
Кестені пайдаланып, есептер құрастыру және оларды шығару.
Бағасы
Саны
Құны
?
4
36 теңге
9 теңге
?
36 теңге
9 теңге
4
?
Жаңа сабақ.
қалдықпен бөлуді орындау. 31 асықты алып төрт-төрттен 7 балаға бөліп беріп, сол оқушыларды орнынан тұрғызамын. Оқушыларға қолымда қалған 3 асықты көрсетемін. Яғни, 31-дің ішінде 4 саны 7 рет бар екені түсіндіріледі.
7 х4 = 28, ал 31-28 =3
Демек,31 :4 =7 (қалд.3)
31-бөлінгіш
4-бөлгіш
7-бөліндінің мәні
3- қалдық.
Тақтамен және дәптер арқылы орындалатын өздік жұмыс.
16 орындық бар. Оларды әр қатарға 5 орындықтан қойғанда неше қатар шығады? Неше орындық артылып қалады?
Оқушылардан ауызша сұрап, талдау.
Көрнекілік арқылы 16 орындықтың қима суреті,магнитті тақтаға ілінеді. Бір оқушы әр қатарға бес-бестен орналастырылады. Сонда орындықтар неше қатар орналасқанын және неше орындық артылып қалғанын анықтап, 16 :5=3 \қалд.1\ өрнегін тақтаға жазады.
Бөлу амалының компоненттерін атайды.
Дәптермен жұмыс.
а) 4-ке бөлінетін 40-қа дейінгі сандарды өсу ретімен жазу.
4 8 12 12 16 20 24 28 32 36 40
ә) Санды 4-ке, 3-ке,2-ге бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін екенін анықтау, мысалдар келтіру.
7 : 4 = 1 (қалд.3) 5: 3 1=(қалд.2)
6:4 = 1 (қалд.2) 4:3 =1(қалд.1)
5:4 = 1(қалд.1) 3:2 =1(қалд.1)
б) Венн диаграммасы
Бөлінгіш -17 бөлінгіш-16
Бөлінгіші тақ сан бөлінгіш жұп сан
қалдықпен бөлінеді қалдықсыз бөлінеді
Бір амалды өрнек,
2 таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу,
бөлінді,
бөлгіші-4,
бөліндінің мәні бірдей.
Сергіту сәті.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой. (17)
Математикалық диктант.
2 х 5 + 5 2 +2 х 6 9 х 2-7
(3-0) :3 506 +204 125 +305 920 +80
Қатар отырған екі оқушыға дәптерлерін алмастырып, тақтадағы жауаптармен тексеру. \15,1,14,710,11,430,1000\
Үйге тапсырма: І топ- шығармашылық тапсырма
( кодоскоп арқылы)
2,3 және 5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап\131\.
ІІ,ІІІ топтар - №2,3. Амалдарды орындау.
Топтық жұмыс.
І топ. Логикалық тапсырмалар.
І. Екі бала шахматты 2 сағат ойнады. Әр бала қанша сағат ойнады. \2 сағ.\
2. Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Ал бір аяғымен тұрғандағы салмағя қандай? \ 4 кг\
3. Бірінші қосылғыш қосындының мәнінен 4 есе кем. Екінші қосылғыш бірінші қосылғыштан неше есе артық ? \3 \
ІІ топ. №6 Теңдеу құру және оны шешу.
х :4 = 5 Хх 4 = 16
ІІІ топ. №7 Әріпті өрнектердің мәндерін табу.
а= 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 деп алып, 3 х а және 4х а өрнектердің мәндерін табу.
Шығармашылық тапсырма:
Екі балада 10 алма бар. Егер екінші бала біріншісіне 3 алма берсе,онда екіншісінде біріншісіне қарағанда 4 есе кем алма қалады. бастапқыда әр балада неше алма болмаған? Жауабы: Бастапқыда әр балада 5 алма болған.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
« Миллион» ойыны.
Қалдықпен бөлу және қалдықсыз бөлуге арналған өрнектердің мәнін табу.
110 000т . – 17:4 90,000т.- 36:4
120 000т. - 13: 4 80,000т. – 24:4
130 000 т. – 10:4 70,000т. -20:4
140 000т. – 4:3 60,000т.- 8х4
000 т. – 6:4 50,000т. – 6х4
2.Ой толғаныс.
Осы ойын соңынан «2003-2005 ауыл жылы» деген тақырыпта оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, миллионды неге жұмсау керектігі жөнінде өз ойларын жеткізеді.