Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по познанию мира и презентация урока »
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:Ғарыш туралы түсінік.Адамның ғарышты зерттеуі.
Сабақтың мақсаты:1.Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелертуралы түсінік қалыптастыру.2.Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым-астрономиямен таныстыру.3.Ғарыштық әлемге қызғушылықтарын ояту.
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ғарыш туралы түсінік.»
-Ендеше ғарыш туралы не білесіңдер?
-Ми шабуылы. 3слайд. –Ғарыш деген не? (Мирас сөйлейді)
-Ғарышта нелер бар?
-Сен ғарышта болғың келе ме? Неге?
-Тұңғыш әлем ғарышкері кім? (Кенесары сөйлейді)
1961жылдың 12 сәуір күні әлемде тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин Байқоңырдан ғарышқа ұшты. «Восток» ғарыш кемесімен Жерді айналып шықты.
-Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Шерполат сөйлейді)
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері,ол 1991 жылдың 2қазанында «Союз ТМ -13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.Оның ғарышқа ұшу ұзақтығы 7 күн 22 сағат 13 минутқа созылды.
-4 слайд.Жұлдызды ғарыштың суреті.
Бұлтсыз ашық түнде аспанға қарасаң, көп жұлдыздарды көреміз,олар жарқырап,сәуле шашып тұрады.Жұлдызды аспанға қарап ,ғарыштың ұшы-қиыры жоқ сырына үңілген сайын,ол жұмбақ бола түседі.
-Қане, кім жұлдыздар туралы біледі? (Назгул, Дильназ К)
Жұлдыздар-айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері.Олар жерден өте алыс орналасқан,сондықтан өте кішкентай болып көрінеді.Бірақ кейбір жұлдыздар күннен ондаған, тіпті 100-ген есе үлкен.Аспан әлеміне жай көзбен қарағанда 3000-ға жуық жұлдыздарды көруге болады,ал телескоппен бірнеше миллион жұлдыз көрінеді.Адамдар жұлдызды аспанды жұлдыздар тобы –шоқ жұлдыздарға топтастырады.Барлығы 88 шоқжұлдызы бар.
-Дұрыс айтасың,Жұлдыздардың көлемі де әр түрлі болады.Біреуі үлкен,енді біреуі –кішкентай.Алып,үлкен жұлдыздарды көзбен көруге болады,ал кішкентай жұлдыздарды қосдүрбі немесе оны телескоп дейді.
- Жұлдыздардың шоғырлануын – құс жолы дейді.Слайд №5.
- Қане, кім жұлдыздардың шоғырлануы туралы біледі? (Дильназ С)
Құс жолы- бұл өте көп ұсақ-ұсақ жұлдыздардың шоғырлануы.Ежелгі эскимостар оны қар жолы, Шығыс көшпелілер –сабан төселген жол, ал гректер – құдайдың жолы деп есептеген.
- Жұмбақ щещу.Слайд №6. Бұл ожаудан су ішіп,дәм татпайды.
Көзін тігіп,жұрт қызыға жалтақтайды. Бұл не?(Жеті қарақшы)
-Кім,қандай жұлдыздарды біледі? Слайд №7.
-Ал, осы ғарышты,ғарыштық денелерді қандай ғылым зерттейді?
- Астрономия. Слайд №8. (Динмухаммед)
Астрономия- ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым.Астроном – астрономия маманы.Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.
-Ал,енді ғарыштық денелерге, сонын ішінде Күн, Ай, Жерге тоқталғым келіп тұр.
Жер-шағын ғаламшар. Жер-күн жүйесінде 3 ші ғаламшар.Бір тәулікте күнді 1 рет айналып шығады.Оның табиғи серігі- Ай.Жер өз өсін 23 сағат 56 минут 4 секундта айналады.Жердің жасы шамамен 4,5 млрд.жыл деп есептейді.
Күн-күн жүйесіндегі орталық жұлдызы. Күн қатты қызған температурасы-6000*С
- Келесі ғарыш денелер-ол планеталар.Слайд №13,№14,15,16.
Күнді 9 ірі ғаламшар-Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон айналып жүр.Осылардың бәрі күн жүйесінің құрамына кіреді.Күн –күн жүйесінің орталығы.Барлық ғаламшардың пішіні шар тәрізді,ал көлемі әртүрлі,барлығы күннен бірнеше есе кіші.Олардың кейбірі көзге жарық жұлдыз секілді көрінеді.Ғаламшарлар жарық шығармайды,тек күн сәулесін шағылыстырады.Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып , «Құс жолы» деп аталатын галактикаға кіреді.
- Планеталық рекордтар. Слайд №17.
Планеталық рекордтар
Ең ыстық - Шолпан -462*С
Ең суық - Плутон -235*С
Ең жылдам - Меркурий
Ең тығыз - Жер (судан 5 есе тығыз)
Ең үлкен - Юпитер
Ең кішкентай – Плутон
Ең алыс - Плутон
Ең жақын - Меркурий
Ең көп сақинасы бар - Сатурн
- Планеталар –массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай 2 топқа бөлінеді.
Слайд №18.
1.Жер тобының планеталары.
2. Алып планеталар.
Слайд №19.Меркурий, Марс, Шолпан,Жер, Плутон- аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттармен металдардан құралған.
Жер Меркурий
Жер тобындағы
планеталар
Плутон Шолпан
Марс
Слайд №20.Юпитер, Сатурн,Нептун, Уран – олар көлемдірек, жеңіл заттардан (сутек,гелий,метан т.б.) құралған.
Юпитер Сатурн
Алып планеталар
Уран Нептун
-Қане, кім қандай планета туралы біледі?Слайл №21,22,23,24,25,26,27,28,29.
object(ArrayObject)#894 (1) {
["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
["title"] => string(214) "конспект урока познания мира по теме "Значение воздуха в природе и жизни человека. ОБЖ: Огонь – друг и враг человека". "
["seo_title"] => string(130) "konspiekt-uroka-poznaniia-mira-po-tiemie-znachieniie-vozdukha-v-prirodie-i-zhizni-chielovieka-obzh-oghon-drugh-i-vragh-chielovieka"
["file_id"] => string(6) "126475"
["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
["date"] => string(10) "1415184909"
}
}