Мектеп:Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,
Ақжар ауылы,Сарытау жалпы білім беру орта мектебі
Мұғалім: Калиева Жанна Айткеновна
Сынып: 4
Тақырыбы: Көмектес септік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге –мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Сабақ типі: аралас.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, топпен жұмыс
Сабақ көрнекілігі:слайд, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік.
Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой. .
ІІ. Үй тапсырмасы. 73-жаттығу, кесте, ережені жатқа айту
ІІІ. Жаңа сабақ туралы түсінік.
1. Доп арқылы оқушыны ортаға шақыру
Бекзат Қуандықпен доп ойнады. Малика Алишермен доп ойнады.
-Қай септікте бұл балалардың аты?
ол кіммен? (немен?) сұрағына жауап беріп тұр Бұл – көмектес септіктегі сөз, өйткені ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр |
2.Оқулықпен жұмыс
80- жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы түсінік беруге болады.
а) көмектес септіктегі сөздерді табу
ә) ережені жатқа оқу
б) мысалдар келтіру
3.Дәптерге жазу: күн реті, каллиграфиялық уақыт
Кккк қққққ
Кітап, көмек, керек, қырық, қыс
Көмектес септік? Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?
мұғалім+мен, кітап+пен, мұғалім+дер+мен, кітап+тар+пен,
4.Жаңа тақырыпты пысықтау
І топ-81- жаттығу. Сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы түсінік беруге болады. Сөйлем мүшесіне талда
ол кіммен? (немен?) сұрағына жауап беріп тұр Бұл – көмектес септіктегі сөз, өйткені ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр |
ІІ топ- 82- жаттығу. Адасқан сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем құрау
ол кіммен? (немен?) сұрағына жауап беріп тұр Бұл – көмектес септіктегі сөз, өйткені ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр |
ІҮ.Сергіту сәті
І топ- 83 –жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау.
Сөйлем мүшесі | Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. |
Баяндауыш | тыңдады. |
Бастауыш | Оқушылар |
Тұрлаусыз мүше | К.с сабақты зор ықыласпен |
ІІ топ- 84-жаттығу.Мәтінді оқып, көмектес септікте тұрған сөздерді табу және оның көмектес септікте екенін дәлелдеу
Сөйлем мүшесіне талда
ол кіммен? (немен?) сұрағына жауап беріп тұр Бұл – көмектес септіктегі сөз, өйткені ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр |
Ү.Өздік жұмыс: Септе .Септік кестені пайдаланып мысал келтіру
І топ- Кім? Сұрағына мысал келтір
ІІ топ- Не? Сұрағына мысал келтір
р\с | Септік атауы | Сұрақтары | Жалғаулары | Мысал |
1 | Атау септік | Кім? Не? | - | |
2 | Ілік септік | Кімнің? Ненің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің | |
3 | Барыс септік | Кімге? Неге? Қайда? | -ға,-ге,-қа,-ке | |
4 | Табыс септік | Кімді? Нені? | -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті | |
5 | Жатыс септік | Кімде? Неде? | -да,-де, -та,-те | |
6 | Шығыс септік | Кімнен? Неден? | -нан,-нен, -дан,-ден, -тан, -тен | |
7 | Көмектес септік | Кіммен? Немен? | -мен,-бен,-пен | |
VІ .Сабақты қорыту.
Ойын: «Орнынды тап» - септе: І топ- сабақ, ІІ топ- білім
пен
тан
та
ты
қа
тың
мен
нен
де
ді
ге
нің
Сұраққа жауап беру
VІ.Үйге тапсырма: 85- жаттығу
Бағалау