Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық, Әлеуметтік, Денсаулық.
Бөлімдері: Құрастыру,Математика,Тіл дамыту,Қоршаған орта,Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Көктем қызықтары»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың көктем мезгілінде алған білімдерін пысықтап,қорытындылау.
Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізіп,дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелілік:Елін,табиғатын,жерін,халқын сүйетін патриоттық жеке тұлға тірбиелеу.Адамгершілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:түрлі-түсті тұздар,пва желім,қылқалам,доп,наурыз мерекесіне,аналар мерекесіне,достық күніне байланысты суреттер,бау,алдын ала макароннан дайындалған мойыншақтар,ермексаз,тактайша,д/о: «Қуыршақты киіндір».
Сабақ барысы:
Тәрбиеші:-Балалар,бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ өйткені, бізге оқу қызметіне қатысуға көптеген қонақтар келіп отыр екен.Ал енді біз келген қонақтар мен амандасып алайық.
Біздер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымызда кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Барлығына ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Шаттық шеңбер:
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздің бәрі – Ақ тілек!
Шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы сөздерін айтады.
Тәрбиеші:– Мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, сендер мұқият тыңдапотырыңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Шөптер шыға бастайды.
Күн күлімдеп,құстар қайтып,
Дала гүлге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы.
Бұлқайкездеболады? – депойлайсыңдар.
Балалар:-Көктем мезгілі.
Тәрбиеші:– Неге көктем деп ойлайсыңдар?
Балалар:– Көктемде күн жылынады, қарлар ериді,шөптер шығады,гүл шығады,ағаштар бүршік атады,құстар қайтып оралады.
Тәрбиеші:–Көктемденеше ай бар?
Балалар:–Көктемдеүш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші:-Көктемде қандай мерекелер тойланады?
Балалар:-8наурыз -Аналар мерекесі,22наурыз- жаңа жыл,1мамыр-Достық,бірлік күні,9мамыр-Жеңіс күні.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Олай болса,бүгінгі оқу қызметінде біз топ-топқа бөлініп көктемгі мерекелерге байланысты тапсырмалар орындаймыз.Тапсырманы әр топ тақтада тұрған гүлді таңдау арқылы біледі.Мерекеге сай сурет ілінеді,сұрақтар қойылады.Ал,олай болса орнымызға жайғасып топпен ақылдаса отырып гүлді таңдайық.
Балалар:-Тақтадағы гүлдің біреуін таңдайды,тақтаға ілінген мерекеге сай суретті тамашалайды қандай мереке екенін табады.Қойылған сұрақтарға жауап береді.Тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар:
Сары түсті гүлдегі тапсырма: Достық,бірлік мерекесіне байланысты тапсырма.«Қуыршақты киіндір»
Қызыл түсті гүлдеғі тапсырма: «Анаға сыйлық» Аналар мерекесіне байланысты тапсырма.
Ақ түсті гүлдегі тапсырма: «Қазақтың ұлттық тағамы» Наурыз мерекесіне байланысты тапсырма.
Көк түсті гүлдегі тапсыма: «Зымыран» Ғарышкерлер күніне байланысты тапсырма.
Сергіту сәті:
Бір дегенде тұрайық,
Екі алақанды соғайық.
Оңға бір иіліп,солға бір иіліп,
Бір отырып,бір тұрып,
Бір жүгіріп алайық.
Үш дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Тақтаға ағаштың суреті ілінеді.
Тәрбиеші:-Балалар,тақтаға қараңдаршы нені көріп тұрсыңдар?
Балалар:-Ағашты.
Тәрбиеші:-Балалар,маған бір ой келді,ұшып келген құстарға көмек ретінде ұя жасап,осы ағашқа іліп қояйық.Құстарда риза болып қалсын жақсы ма?
Балалар:-Құстарға ұя жасауға қуана келіседі.
Шығармашылық кезең: «Құстарға көмек»
Балалардың алдына, құстың ұясы салынған ақ қағаздар, үш түрлі: көк,кызыл,сары түске боялған тұздар,қылқалам және де қалдық тұздарды төгетін бос тәрелке қойылады.Олар суретке пва желімді қылқалам арқылы жағып, түрлі-түсті тұздарды жаққан пва желімнің үстіне себу арқылы ұяның шатырын көк түске,қабырғасын қызыл түске,ал есігін сары түске бояу арқылы құстарға ұя жасап береді.Ұяны жақсы тілек айтып ағашқа іледі.
Қорытынды:
«Көңілді доп» ойыны.Балаларға допты лақтыра отырып сұрақтар қояды.Балалардың жауаптарын тыңдайды.Балалар допты қақшып алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиеші:-Балалар,бүгін біз қандай мерекелерге байланысты тапсырмалар орындадық?
Балалар:-Достық күніне,наурыз мерекесіне,аналар мерекесіне.
Тәрбиеші:Наурыз мерекесіне қандай тапсырма орындадық?
Балалар:-Анамызға мойыншақ жасап бердік.
Тәрбиеші:-Бүгінгі ашық оқу қызметі сіздерге ұнады ма?
Балалар:-Иә,өте қызықты болды.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:: берілген тапсырмалардыорындауды,санауды.
Қандай түсініктерді игерді:көктемгі табиғат өзгерістерін, қоршаған ортаны сүюді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көктем мезгілі туралы түсініктерді, ай аттарын атауды және оның өзгерістері жайлы;