Курманбаева Салтанат Нургалиевна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың көктемгі киімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Көктемгі киім туралы, ұлттық киім туралы түсінік беру, әңгімелесу, тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу, жаттығу жұмыстарын орындау.
Дамытушылық:
Қазақ тілінде сөйлеу, мәнерлеп оқу, аударма жұмысын, оқушылардың сөздік қорын молайту, дамыту.
Тәрбиелік:
Әдемі, таза жүруге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық киімдердің суреті, көктем мезгілдеріне байланысты киімдердің суреттері, тапсырмалар, тірек-сызба, үлестірмелер.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, Гимн айту. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырмаларын тексеру
Суреттер бойынша шағын шығарма жазып келу (1 деңгей)135 бет.
Жаңа сабақ
- Балалар бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың «Жазғтұры» өлеңімен бастағым келіп отыр. Бұл өлеңді Ирада оқып береді. Ал бүгінгі тақырыбымыз «Адамдардың көктемгі киімдері».
Сабағымыздың мақсаты: көктемгі киім туралы, ұлттық киім туралы түсінік беру, әңгімелесу, тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу, жаттығу жұмыстарын орындау.
Көктем мезгіліне байланысты (сұрақ-жауап).
Балалар! Қазір қандай мезгіл? Ауа-райы қандай? Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Соны топтап көрейік. Көктем деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер, сөз тіркестері келеді?
Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр. Мал төлдейді. Ағаш бұршақ атады. Күн жылиды. Қар ериді. Көк шығады.
(оқушылар тақтаға шығып көктемде болатын өзгерістер туралы айтады). Рахмет, оқушылар!
Суретпен жұмыс:
Енді, балалар мына суреттерге назар аударыңдар.
Балалар, сендер нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
Киімдердің
Дұрыс
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Адамдардың көктемгі киімі
Суретте қандай киімдер бар?
Әртүрлі киімдер бар.
Қазір көктемде киетін киімдерді көрсетіп, атайық.
Көктемгі бас киімдер: орамал, шәлі, кепеш.
Көктемгі сырт киімдер: күртеше, пальто, пиджак, жамылғы.
Көктемгі аяқ-киімдер: бәтеңке, етік, туфли.
Ал, енді балалар айтыңдаршы мына киімдер қазіргі заманның киімі, бұрын біздің аталарымыз, әжелеріміз қандай киім киген?
Дұрыс айтасыңдар. Олар ұлттық киім киген.
(Ұлттық киімдерді көрсету, әңгімелесу).
Бүгін біз сабақта қандай сөздермен таныстық, соларды жазып, жаттап алайық. Жаңа сөздер
Платок- орамал, шәлі
Кепка- кепеш
Куртка-күртеше
Джемпер- кеудеше
Пальто- пальто
Плащ-жамылғы
Ботинки- бәтеңке
Сапоги-етік
Туфли-туфли
Шапка-қалпақ, құлақшын
Менікі-мой, моя, мое
Сенікі-твой, твоя, твое
Көктемгі ұлттық киімдер
Бас киімдер
Бөрік
Қалпақ
Тақия
Кимешек
Сырт киімдер
Камзол
Шапан
Аяқ киімдер
Мәсі
Кебіс
Етік
Тапсырма: Осы сөздерді қолдана отырып, ауызша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
Оқулықпен жұмыс:
1 тапсырма 136 беттегі диалогты оқып аудару. (4 оқушы шығады)
Келесі тапсырмамыз мынадай: сөйлемдерді толықтырып, киімдердің атауларын жазу.
Марат басына (кепештің суреті)киді.
Мен үстіме жылы, қара (джемпердің суреті) кидім.
Әке дүкеннен жылы, қызыл (пальтоның суреті) сатып алды.
Айгүл қызыл, әдемі, жұқа (көйлектің суреті) киді.
Мына қара (етіктің суреті) сен..
Менің апамда жасыл, жылы (камзолдың суреті) бар.
Маған анам ұзын, жылы (пальтоның суреті) сатып алды.
Жақсы, балалар, сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Жаңа сөздерді дұрыс қолдана алдыңдар.
Енді балалар оқулықтарыңдағы 3 тапсырмаға назар аударыңдар. Тапсырманы оқиық. Дүкенде тақырыбында диолог құрастыру. 3 тапсырма 137 бет. 3 тапсырманы оқушылар ауызша орындайды (оқушылар дүкенде күртеше сатып алады).
«Адасқан әріптер» ойыны.
Балалар! Ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар. Фонетика саласы бойынша «Адасқан әріптер» ойыны.
(і,л,ә,ш) шәлі
(л,о,м,а,к,з) камзол
(к,і,е,т) етік
(м,е,т,к,ө,к) көктем
(м,к,і,и) киім
(з,ы,р,у,а,н) наурыз
Морфология саласы бойынша «Кім тез тауып оқи алады?» ойыны
Тұр жарасып көйлегім
Көктемде келді қыстан кейін көптен күткен.
Киесің сен нешінші размер?
Тар иығы мына пальтоның.
5. Сабақты бекіту:
«Блиц-турнир» оқыта үйрету ойыны арқылы іске асырамын. (Мен тақырып бойынша сөйлемді бастаймын, оқушылар аяқтайды). Балалар етістіктерге сұрақтар қойыңдар, қай шақта екенін айтыңдар (өткен ережені қайталау)
Көктем (келді).
Көктем айлары (наурыз, сәуір, мамыр)
Көктемде күн (жылынады)
Құстар ұшып (келеді)
Балалар далада көп (ойнайды)
Балалар құстарға үйшік (жасайды)
Адамдар көктемгі киімдер (киеді)
6.Бағалау
Осымен, біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарың үшін көп рахмет. Белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
7.Үй тапсырмасы: шәлі, кепеш деген сөздерді септеу, тәуелдеу.