kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көктем

Нажмите, чтобы узнать подробности

КӨКТЕМ   жыл мезгілі. көктемде   құстар  қайтып  оралып,  гүлдер  шыға  бастайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көктем»

Талғар ауданы Нұра ауылы

№12 орта мектептің

бастауыш сынап мұғалімі Бекшоинова Айгүл Солтанбайқызы














Ашық сабақ Тіл дамыту



Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсінік беру. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемгі іс-әрекеттері жайлы білімдерін жетілдіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету

Сабақ көрнекіліктері:Көктем мезгілінің суреттері, құстардың ұясы, ағашқа іліп қоятын жем салғыш. Қолдан жасалған ағаш, ойыншық құстар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Балалармен амандасу

2. Балаларды түгендеу

3. Құрал-жабдықтарды дайындау

4. Бүгінгі тақырыппен таныстыру

- Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Көктем келді».

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне гүл сыйлап, жылы лебіздерін білдіреді.

Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?

Балалар: Көктем келді

  • Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы)

  • Көктем келді

  • Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырлайсың? (судың дыбысы)

  • Көктем келді

  • Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар? (Құстардың сайраған дыбысы)

  • Көктем келді

Балалар, бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші»-деседі.

  • Балалар!

  • Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесіңдер ме?

Н.Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін оқу.

Күншуақты кез келді

Көп көрініс көзде енді

Жерге сіңіп қалың қар

Жер көйлегі өзгерді.

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Қар еріп, қайда сіңеді?

  • Жер қандай түске өзгереді?

  • Жерде не өседі?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тыныштық сәті:

Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді.

Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады.



Дидактикалық ойын: «Гүлдер»

Ойын шарты:Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екенін табу.

Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру.

Жұмбақ

1. Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (көктемде)

2. Дала кілемі (Шөп өсімдіктер)

3. Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді

Жер беті бусанып,

Терледі, керілді. (Жаңбыр)

Көрініс: «Құстың ұясы»

Бір күні Қайсар мен Айтөре далада бақтың ішінде асық ойнап жүреді. Балалар құстардың шықылықтаған дауысын естиді. Қараса ағаштың төбесінде бір құстың ұясын көреді.

Қайсар:

  • Айтөре, ана құсты қара!

Ағаштың үстіне ұя салыпты!

Балапандардың дауысы шығады!

  • Жүр, балапандарын алайық!

  • Үйге апарып асыраймыз – дейді.

  • Жүр, алсақ алайық деп Айтөре мен Қайсар бір-бірін көтеріп, балапандарды алып жатқанда Ерназ келеді.

  • Ей, балалар не істеп жатырсыңдар?

  • Құстардың ұясына, балапандарына тиісуге болмайды ғой!

  • Аналары балапандарын іздеп жылайды ғой!

  • Балапандар да өсіп қалыпты.

  • Құстар бізді алыс жақтан сағынып, қуанып келді ғой.

  • Құстарды осылай күтіп аламыз ба?

  • Қойыңдар, орнына! - дейді Ерназ.

  • Одан да жүріңдер, құстарға ұя жасап, жем берейік, құстарға қамқорлық көрсетейік - дейді Ерназ.

  • Дұрыс айтасың, Ерназ.

  • Біз қателік жасаппыз, енді осындай жаман қадамға бармаймыз – деп, уәде береді.

  • Балалар көктемнің келуін адамдар да, құстар да, жан-жануарлар да, өсімдіктер де асыға күтеді.

  • Көктемде жаңару басталады.

  • Жаңару дегеніміз не?

Жаңадан ағаштың жапырақтары бүршік жарып, кішкентай жапырақтар шыға бастайды. Жерге жаңадан жасыл шөптер шыға бастайды. Жеміс ағаштары гүлдейді. (алма, өрік т.б)

Диқаншылар жер жыртып, егін егеді. Көкөністерді егеміз т.б.



Хормен:Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.



Би:Ұлдар мен қыздар билейді.



Қорыту:

  • Балалар, бәріңе бір сұрақ қоямын.

  • Көктем сәні не?

  • Көктем несімен сәнді?

Балаларды жауабы:

Гүлімен сәнді

Жасыл желегімен сәнді

Хош иісімен сәнді

Мөлдір суымен сәнді

Жылылығымен сәнді

Жаңбыр, нөсерімен сәнді

Ашық аспанымен сәнді

Салқын самалымен сәнді

Егістік егу еңбегімен сәнді

Шалқыған көңіл

Шаттық

Күлкі

Жігер

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мақтап мадақтап баға қоямын.





Көктем

Көктем күні күркіреп

Жаңбыр жауды сіркіреп

Бәйшешектер дүркіреп

Шыға келді қыр түлеп.



Күлім қағып күн шығып

Күн нұрымен бір шығып

Ел еңбекке құлшынып

Қыза түскен тіршілік



Көбелектер көлбеңдеп

Ебелектер елбеңдеп

Қаз-үйректер қаңқылдап

Ұшып жатыр көлден кеп.



Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз орманнан

Шығып алып көк белге





Көктем, көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз





Көктем, көктем, көктемде

Күн шуағын төккенде

Күліп-күліп аламыз

Ойнап асыр саламыз



Түнерсе бұлт қабағы

Көктен тамшы тамады

Аула рақат табады

Гүлдер шоқтай жанады.



Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді







Әнші құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел, балалар әнменен

Қарсы алайық көктемді.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Көктем

Автор: Бекшоинова Айгүл Солтанбаевна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375458

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "?асым Аманжолов. "К?ктем""
    ["seo_title"] => string(27) "k-asym-amanzholov-koktiem-1"
    ["file_id"] => string(6) "269989"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450967542"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ашы? саба? :К?ктем"
    ["seo_title"] => string(17) "ashyksabakkoktiem"
    ["file_id"] => string(6) "277761"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452962955"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Https://kopilkaurokov.ru Көктем келді, құс келді оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(65) "https_kopilkaurokov_ru_koktiem_kieldi_k_u_s_kieldi_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "415664"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494869843"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ашы? саба? "К?ктем" "
    ["seo_title"] => string(19) "ashyk-sabak-koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "147835"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419508145"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "К?ктем г?лдері "
    ["seo_title"] => string(17) "koktiem-ghuldieri"
    ["file_id"] => string(6) "240297"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444989204"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства