Үй тапсырмасын бекіту (7 минут) | 3 топқа іс-қимылға байланысты сурет беріледі.( биле, жүгір, секір) Оқушылар «шынжыр әдісі» бойынша үзбей сол суретке байланысты іс-қимылды білдіретін сөзді жекеше-көпше түрде жіктейді және сөйлем құрайды. -Қазақ тілінде неше сөз табы бар? - Етістіктің деген не? -Етістіктің жіктелуі дегеніміз не? -Етістікті жіктегенде неше жағы,неше түрі бар екен? | Топтық жұмыс | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,СТО |
Жаңа сабаққа дайындық (5 минут) | «Бүгін, кеше, ертең » ойыны. Іс-қимылды білдіретін сөздер беріледі, оқушылар сол сөздерді бүгінгі ,кешегі, ертеңгі іс-әрекетті білдіретін сөйлем құрайды.Яғни балалар біздің құраған сөйлемдеріміз іс-әрекетіміздің орындалу мерзімін білдіріп тұр екен. Ал ендеше бүгінгі сабағымызда «Етістіктің шақтарын» өтеміз.Етістіктің шақтарын өтпес бұрын балалар шақ деген сөздің мағынасы қандай? Мысал келтірейік,сөз тіркесін жасайық.Балалық шақ,жастық шақ, кәрілік шақ. -Шақ деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Шақ дегеніміз-мезгіл,кезең. -Бақытты балалық шақ. - Шақ іс-әрекетті,қимылды білдіреді. -Өріктің сүйегін шақ. Қазақ тілінде етістік сөз табының шақтары бар екен.Енді тақтаға назар аударайық. Суреттерде не бейнеленген.Іс-әрекет сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын,сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын,іс-әрекет болған жоқ,кейін болады.Міне,сөйлеп тұрған сәттегі қимыл іс-әрекет бір мезгілде өтпейді екен.Сондықтан сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру қалай аталады екен? -Етістіктің шағы Етістік іс-әректтің жүзеге асу мезгілін (уақытын) білдіреді.Соған орай етістіктің үш шағы болады: осы шақ,өткен шақ, келер шақ. Осы шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді.Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап береді.Жұрнақтары - ып,-іп,-п, отыр ,тұр, жүр, жатыр көмекші сөздері арқылы жасалады. Өткен шақ етістіктер іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді.Өткен шақ етістіктер не істедім? не істедің? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді. Жұрнақтары -ып,- іп,- п,- ды, -ді, -ты, -ті,- ған, -ген, -қан, -кен,-атын,-етін,еді,екен. Келер шақ етістіктер іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.Келер шақ етістіктері не істеймін? не істейсің? не істейд?і деген сұрақтарға жауап береді Жұрнақтары -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, --пек, -шы,-ші,еді,емес. | Мысал келтіре отырып, сөйлем құрайды.Ереже жаттайды. Мысал келтіреді Сұрақтарға жауап береді. Суретке байланысты сөйлем құрастыра отырып, шығармашылық қабілеттері артады. | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Жас ерекшелігіне сай оқыту |
Жаңа сабақ (15 минут) | Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу Тақырыпты жазу Көркем жазу Рр 23-жатттығу.1-топ.Жұмбақты оқиды.2- топ.Шешуін тауып, етістіктерді табады.3- топ. Олардың қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады. Жаңа туған айды алып, Саптадық та қайрадық. Енді егінді орамыз, Пісіп тұрған сарғайып. (Орақ) 25-жаттығу. «Кластер» әдісі. Берілген етістіктерді өзгертіп, үш шақта жаз. Айт,оқы,біл. Үлгі: осы шақ өткен шақ келер шақ айтып отыр айтты айтады оқып отыр оқыды оқиды біліп жүр білді біледі 26-жаттығу.«Мозайка » әдісі.Шығармашылық тапсырма. Суреттегі зат атуларын қатыстырып, іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін және алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдер құра. 1-топ.Аққу Аққу көлден ұшып кетті. Аққу көлге ұшып келеді. 2-топ.Арыстан Мен Алматыға қыдырып барғанда зообақтан арыстанды көрдім Арыстанды зообаққа алып келеді. 3-топ.Қайық Мен қайықпен көлде жүздім. Асан қайықпен жағалауға келеді. Сергіту сәті 27- жаттығу.Тақтамен жұмыс.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой.Қай шақта тұрғанын дәлелде. 1-топ.Ажар сабақ оқып отыр.Асхат малға жем беріп жүр. 2-топ.Балалар көлге барды.Олар коньки тепті. 3- топ.Ғани мектепке барады.Ол түстен кейін оқиды. 28-жаттығу.Сәйкестендіру тесті.Төмендегі жұрнақтар мен көмекші сөздердің қай шақ түрлеріне қатысты екенін тап. -ып, -іп, -п отыр,тұр,жүр,жатыр | Келер шақ | -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -шы, -ші, еді,емес | Осы шақ | -ып,-іп,-п,-ды,-ді,-ты,-ті,-ған,-ген,-қан,-кен,-атын,-етін,еді,екен | Өткен шақ | 29-жаттығу. «Қаламыңды ұшта» ойыны. Шығармашылық тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, «Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбына әңгіме құра. Тірек сөздер: Ел, біз, ынтымақтастық, бейбітшілік, татулық, қолдау, тұру, сүю. | Дәптермен жұмыс жасайды.
Жұмбақты шешеді.Етістіктерді тауып,қай мезгілде болан іс-әрекет екнін айтады.
Кластермен жұмыс жасайды.
Мозайка құрастырады.Сөйлем құрайды.Шығармашылық қабілеттері артады.
Тақтада орындайды.
Етістіктің шақтары мен көмекші сөздерді сәйкестендіреді.
Тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрайды, шығармашылық қабілеттері артады. | Талантты және дарынды балаларды оқыту. Көшбасшылық Сыни ойлауға үйрету,көшбас-шылық Оқытуды басқару және көшбасшылық |
Жаңа сабақты жинақтау (7 минут) | «Атом мен молекулалар » әдісі. Етістіктің үш шағына байланысты берілген сөздерді біріктіреді. 1- топ.Осы шақ: ойнап жүр, жаттап отыр,өсіп тұр, көріп отыр 2-топ.Өткен шақ: қатысты,биледі,келді,шақырды 3-топ.Келер шақ: оқиды,бармақ,айтамын,орындайды. Семантикалық карта Сөздер | Осы шақ | Өткен шақ | Келер шақ | Жыртып жүр | + | | | Барар | | | + | Жазып отыр | + | | | Оқыған едік | | + | | Келесіңдер | | | + | Барғанмын | | + | | Келіп кетпек | | | + | Ойнап отыр | + | | | Сабақты қорытындылау. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не? -Етістіктің неше шағы бар? -Осы шақ іс-әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді? -Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады? | Етістіктің шақтарына байланысты берілген сөздерді біріктіреді. Семантикалық картаны орындайды . | |