Өз іс - тәжірибемде Кембридж университетінің жобасы 7 модуль бойынша жұмыс жасаудамын. Осы жеті модульде қарастырылған идеялар, сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер, өзара байланыста болуы керек. Бұл бағдарламаның маңызы, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс- әрекетті үйретеді. Балаға өз ойын ашық айта білу жолдарын, яғни сабақ үстінде мұғалім түсіндіріп, оқушы тыңдаушы қызметін атқармай, оқушы өзі ізденіп табуды үйренетінін, яғни дайын білім беру емес, оқыту барысын ұйымдастыру, оқушылардың білімді өздері алуына итермелеу болып табылады. Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің жұмысынан басым болуы қажет. 4- сыныпта математикадан өткен ашық сабағым, жеті модульдің тиімділігін әріптестерімен бөлісу болып табылады.
Сабақ тақырыбы: Көбейту және бөлу. 62 x 546, 33852 : 546 | Мектеп: «Аршаты орта мектебі» КММ |
Күні: 9.12.16. | Мұғалімнің аты - жөні: Торпақова А.А. |
СЫНЫП: 4 | Қатысқандар саны:6 | Қатыспағандар саны:- |
Сабақ негізделген оқу мақсаты: | Үш таңбалы санға көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, есепті шығара білу қабілетін жетілдіру.Топпен жұмыс істеу, бағалау тәсілдерін дамыту. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар:Үш таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту тиімді тәсіл екенін түсінеді. Басым бөлігі: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі бойынша есептеу дағдысын қалыптастырады. 3. Кейбір оқушылар: Талдайды, қорытынды жасайды. |
Тілдік мақсаты: | Толымсыз бөлінгіш, толымсыз көбейткіш, математикалық терминдер. |
Сабақ кезеңдері | Қолданыла тын моуль | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин | Оқытудың жаңа тәсілдері. | Жағымды ахуал. Шаттық шеңбері. Сабаққа даярлық, түгендеу. Топқа бөліну. Топ ережесін еске түсіру. Бағалау парағын түсіндіру, тарату. | Оқушылар шеңберде жиналып, өлеңге сәйкес қимыл жасайды. Оқушылар хормен: Күн жарығын алақанға саламын , Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі, нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан жағым. Алақанды соққылап, Табанменен тепкілеп, Иықты да қозғаймыз, Содан кейін бәріне, «Қайырлы таң!» дейміз біз. Шаршы, тіктөртбұрыштар арқылы топқа бөліну. «Тіктөртбұрыш», «Шаршы» қасиеттеріне сәйкес топ аттарын қорғайды. Топ басшысын сайлайды. |
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 3мин | Диалогтік оқыту. | -Үйге қандай тапсырма берілді? -Барлығымыз орындап келдік пе? /ауызша сұрап, тексеру/ | Дұрыс жауап болса, шапалақтау, қате болса қолды айқастыру. |
ІIІ. Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин | Диалогтік оқу. «Серпілген сауал» стр. | Көлемнің неше өлшем бірлігі бар? Периметрді қалай табамыз? Ауданды қалай табамыз? Жылдамдықты қалай табамыз? Қашытықты қалай табамыз? Уақытты қалай табамыз? Көбейтудің компоненттерін ата. Бөлудің компонентін ата. Тағы басқа... | -Үш өлшем: ұзындығы, ені, биіктігі бар. -Фигураның барлық қабыр/ның қосындысы. -Ұзындығын еніне көбейту. -Қашықтықты уақытқа бөлеміз. -Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз. -Қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз. -Көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні. -Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні. |
IV. Қызығушылықты ояту. 3 мин | Сын тұрғысынан ойлау. АКТ. | Математика сабағы қай аюмен байланысты болады екен? Тізбекті шешіп, жауап беру. Винни – Пух екен. Шотландық, Алан Александр Милн . Балалық шағын Лондонда өткізді, онда оның әкесі бастауыш сынып мұғалімі болған. 1926 жылы басында ағаш үгінділері бар қонжық туралы «Винни-Пух» ертегісін жазды.Винни – Пух қонжығы туралы кітаптар әлемнің 35 тіліне аударылып, балалардың жүрегінен орын алып, миллиондаған оқырман тапты. | Слайдпен жұмыс. |
V. Жаңа сабақ. 5 минут
1. Түсінгендерін бекіту. 8 минут. | Сын тұрғысынан ойлау. «Өкіл» Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау. Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау. | Топтық жұмыс. Шаршы тобы: 62 - нің 546 – ға көбейтіндісінің мәнін тап. Үш таңбалы санға көбейткен тиімді ме, әлде екі таңбалы санға көбейткен тиімді ме? Көбейтуді тиімді тәсілмен орында. Тіктөртбұрыш тобы: 33852 : 546 Үш таңбалы санға бөлуді үйрен. Мысалдың шығарылуын түсіндір. Оқулықпен жұмыс. №3 Бөлуді орында, тексер. 8096:352=23 7552:236=32 36423:639=57 29172:748=39 №4 Қалдықпен бөлу. 3184:352=9(16) 7684:236=32(132) 36497:639=57(74) 29573:748=39(401) «Үздік топтар» I- топ. № 5 II-топ:№6 Есептің шартын, сызбасын, шешуін орындау. | Топпен жұмыс.Топта бірлесе шығарады. Орындап біткен соң, «Елші» сайлап, келесі топқа түсіндіріп, өзі сол топтың тапсырмасын түсініп, бағаланып, өз тобына келеді. Әр топ қойылған сұрақ бойынша қорытынды шығарады.
Тақтада жекелей шығарады, бірінші біткен оқушы шығарғанын талдайды. Топпен жұмыс. Топпен бірлесе шығарып, топ арасынан спикер тағайындап, топ алдында түсіндіреді. Саусақпен бір- бірін бағалайды. |
VI.Сергіту сәті: 2минут | АКТ | Көзге арналған жаттығулар. | Винни Пухпен бірге жаттығу жасайды. |
VII. Сабақты бекіту. 10минут VIII. Сабақты қорыту: Жинақтау: 5минут | Дарынды және нашар оқушымен жұмыс. | Деңгейлік тапсырма орындау. «Кім үздік?» А В С деңгейдегі тапсырмалар. Топаралық ойын. «Ойна да , ойла!» Логикалық сұрақтар. «Кубизм» әдісі бойынша. №1 Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4 көбелек ұшып келіп қонды. Барлығы неше құс болды? ( екі) №2 Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21) №3 Мадина тығылған достарын іздеп жүр. Ол шымылдықтың артынан 10 аяқ көрді. Оның неше досытығылған? (5) №4 Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг) №1 Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4) №2 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин) №3 Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат) №4 Шөптің арасында қояндар тығылып отыр.Олардың 8 құлағы көрініп тұр. Қояндар нешеу? ( 4) «Мақсатыңа жет» ойыны. Жұптық жарыс. «Тез есепте» I- жұп: 420: 6- 20 х 2- 10х5: 450 = : 5 - 720 + 0 х 5 : 450 х 5 II-жұп: 80 х 6- 80: 5 х 9+10-20 = III-жұп: 90+ 70: 4 х 6-40:5:40 = : 40 | Жеке жұмыс. Қолдарын көтеру арқылы шығарады.
Ауызша кезектесіп жауап береді.
Жұптағы әр оқушы өз тапсырмасын орындап, келесі оқушыға береді.Қай жұп тез , қатесіз орындаса, сол жеңімпаз, мақсатқа жеткен болып есептеледі. |
X.Үйге: 1 минут | №7 № 9 | Күнделікке жазады |
IX. Бағалау: 2 минут | «Табыс баспалдағы» бойынша өзін бағалауы. Топбасшылар топтың жұмысын бағалауы. | Оқушы өзін сәйкес баспалдаққа орналастырады. |
Рефлексия: 2 мин | «Топтағы «жылылық» «Ең белсенді топ мүшесі» «Ең ақылды топ мүшесі» «Нағыз кеңесші» | Топтағы жылықты орнату үшін номинациялар тағайындау. |
Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды: Топпен жұмыс, жұптық жұмыс, «Елші» «Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалауы. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды: Топаралық ойын, топтағы жылылық,өздерін бағалаулары. «Серпілген сауал», «Елші»... Жұппен жұмыс, логикалық тапсырмалар. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім. Келесі сабақтарда «Үш таңбалы санды көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша, Қадырбек, Нұрай, Мадияр өздері өзара түсінісіп, таладап, қорытындыға келе алады деп сенемін. |