Сабақ кезеңі-уақыты | Педагогтың іс -әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы(5-минут) | Оқушылармен сәлемдеседі,оқушылардың назарын өзіне аударады. Психологиялық ахуал: Біз бақытты баламыз, Биіккі қанат қағамыз, Болашаққа талпынып, Оттай лаулап жанамыз, Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену, Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу. Топқа бөлу: 1-топ: Зиянды тағамдар. 2-топ: Пайдалы тағамдар. 3-топ:Дәруменді тағамдар. | Мұғаліммен амандасады, тақпақты мұғалімнің артынан қайталайды. | Мадақтау! Жарайсыңдар! | Әуен |
Сабақтың ортасы (10-минут) | Оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар суреттерге қарайықшы қандай азық түліктер адам ағзасына пайдалы,қандай азық-түліктер зиян? -Сендер дұрыс тамақтансыңдарма? -Қандай жеміс, адам ағзасына қалай әсер етеді? Көбейту амалына түсінік береді. | Сұрақтарға жауап береді. -Алма,қырыққабат,пияз,алмұрт,жүзім,асқабақ,қызанақ,сүт және т.б -Фаст-фуд тағамдары,газдалған сусындар, дала тағамдары,т.б -Сәбіз-тырнақтар мен шашты нығайтады -Қызанақ-жүрек-тамыр жүйесі аурулары және анемия кезінде де пайдалы. -Қызылша- ас қорытуды және зат алмасуды жақсартады, организмнен токсиндерді кетіреді. | Жарайсыңдар! Тамаша! | Зиянды тағамдардың,пайдалы тағамдардың суреттері, оқулық |
Сабақтың ортасы(5-минут) Жұптық жұмыс. | 2-тапсырма Көбейтуді үлгі бойынша есепте. 40×2=40+40=80 9×3=9+9+9=27 100×3=100+100+100=300 22×3=22+22+22=66 Карточкаларға есептейді, барлығын дұрыс есептеген оқушы тақтаға жазады. | -Көбейтуді қосуға айналдырып есептейді. -Берілген карточкаларға есептерді шығарады,мұғалімге тексертеді. Тақтадағы есептерді дәптерлеріне жазады. | Барлығы дұрыс болса-4 стикер(1-2) Жартысы дұрыс болса-2 стикер 3-4-еуі дұрыс болса-0 стикер | Бағалау стикерлері,карточкалар. |
2-минут | Оқушылар шаршап қалған секілдіміз, қанекей бір сергіп алайық! Сергіту сәті Нейро жаттығулар Менің артымнан қайталайық -қайшы -ешкі Деп қайталап,олардың миын жаттықтыру. Жарайсыңдар оқушылар! Өзімізге бір шапалақ ұрайық! | Орындарында отырып,нейро жаттығударды орындайды.Өздеріне шапалақ ұрады. | Жарайсыңдар оқушылар!Шапалақ. | Әуен |
10-минут Топтық жұмыс. | 4-тапсырма. Қосуды мүмкін болатын жерде көбейтумен алмастыр. 4+4+4+4=4×4= 16 10+10+10=10×3=30 | -Топпен бірлесе есептейді -Қосуды көбейтумен алмастырып, есепті шығарады -Шығарған есепті қалған 2 топ қатесі болса, қатесін табады. | Топқа 3 стикері Қатесі болса, 1 стикер қатесін тапқан топқа өтеді. | Бағалау стикері, А3 қағазы. |
Рефлексия (5-минут) | Оқушылар қанекей “Бес бармақ”әдісі арқылы сабақта не үйренгендеріңді,неден қиналғандарыңды және т.б сұрақтарға жауап бересіңдер. | Не үйренгендім? Неден қиналдым? Қандай жетістікке қол жеткіздім? Көңіл күйім Сабақ ұнадыма? деген сұрақтарға жауап береді. | Сабақтың соңында стикерлердің санына байланысты баға қояды. 5-6 стикер-9-10б 3-4 стикер-7-8б 1-2 сикер- 5-6б | |
3-минут | Үй жұмысына №3 тапсырманы беру. | Тапсырмаға байланысты сұрақтары болса қою, орындап келу. | | |