Просмотр содержимого документа
«Кітап - білім бұлағы»
Кітап - білім бұлағы
Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы» Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Кітап көрмесі.
Сабақтың жүрісі І. Ұйымдастыру ІІ. Жұмбақтар шешу. а) Теңізде түбі терең, Сүңгіген жетер әрең (Білім) ә) Көп әңгіме - өлеңім, Күнде ақыл беремін. (Кітап) б) Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)
ІІІ. Кіріспе сөз - Балалар, бүгін біз кітап, білім туралы көптеген мағлұмат аламыз. Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнеркәсібімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап қағаз – ағаштан жасалады. Ағаш – табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері еңбек етеді.
1. Біздің елімізде бірде - бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған. 2. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап болып шығару ісі жолға қойылған. 3. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. 4. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап – Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.
IV. Ән. «Әйбат менің кітабым» (хор)
5. Саған білім жемісін Оқулығын береді. Талай адам сол үшін Маңдай терін төгеді. 6. Орманшының аялы Алақаны өсірген Сансыз ағаш саялы Қағаз үшін кесілген 7. Ағаш кесіп қанша адам Ормандарда жүреді Аға қанша шаршаған Ағаш тиеп үнемі 8. Машинист боп жасынан Дүбірлетіп даланы Сол ағашты тасыған Білер ме көп ағаны 9. Заводтарда күн - түні Қағаз жасап бағалы Қанша адамның кім үшін Маңдай тері тамады. 10. Оқулықты баршаға Талай ғалым қолға алып. Жылдар бойы қаншама Жазады ұзақ толғанып.
11. Әдемілеп берсем деп Бояу жағып не түрлі Суретшілер көркемдеп Қанша уақыт отырды. 12. Әріп теру үшін де Талай адам терледі Баспахана ішінде Талай тыным көрмеді. 13. Оқулықты мектебің Берер саған теп тегін Білмейсің - ау сен бірақ Қанша еңбек кеткенін 14. Оқулығың – құралың Жағар білім шырағын Баса алмайсың ешқашан Онсыз алға бір адым. 15. Оқулықты құрметте Күтіп ұста, кірлетпе Кішілерге табыс ет Дақ түсірмей бір бетке
V. Көрініс. «Ең асыл жеміс» (Ертегі)
VI. «Білім керек бәріне» Тоқтар аға ұқсап сен Әкең кітап әкелсе Ұшуды да ойлайсың Сұрайсың да, қалайсың. Көк ала аспан кеңісін Суретіне зер салып, Білу керек әуелі Қайта - қайта қарайсың Балдырғандар ол үшін Сол кітаптың мәнісін Білім керек әуелі. Білу керек мәуелі Балдырғандар ол үшін Білім керек әуелі. Айтып айтпай не керек Сүйсең туған еліңді Еңбек етем елге деп, Қуандырсаң атаңды, Әр нәрсенің мәнісін Білу керек мәуелі, Балдырғандар ол үшін Білім керек әуелі.
VII. Даналардың білім туралы ойларынан 1. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген. (Әл - Фараби) 2. Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны. (И. Гете) 3. Білім мен даналық - адам көркі. (Ә. Науаи) 4. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ) 5. Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз – білім. (Ф. Бэкон) 6. Көп білген емес, ең керектісін білген адам ақылды. Адамның білгені аз болған сайын көп білетіндей болып көрінеді.(Ж. Ж. Руссо) 7. Білім мақсат емес, білім – қару. (Л. Толстой) 8. Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов) 9. Білім – дүниенің кілті. (Абай) 10. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім. (М. Әуезов) VIII. Оқу, білім туралы мақал - мәтелдер. 1. Оқу – білім бұлағы, 2. Оқу - білім азығы Білім - өмір шырағы. Білім – ырыс қазығы.
3. Ақыл – тозбайтын тон. 5. Қына тасқа бітеді Білім - таусылмайтын кен. Білім басқа бітеді.
4. Білімдінің күні жарық 6. Кітап жанашыр адал досың Білімсіздің күні кәріп.
IX. Би. «Біз – бақытты баламыз» «Тарту» (А. Байтұрсынов)
Балалар, бұл жол басы даналыққа Келіңдер, түсіп байқап қаралық та, Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп Соларды көре тұра қалалық па. Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.
«Қарағым» (М. Жұмабаев)
X. Кітапханашыға сөз беру XI. «Білім артық па, байлық артық па?» VII ғасырда өмір сүрген 4 халифаның бірі Әзірет Әлінің білім туралы жауабы. XII. Көрнекілікке шолу. (Кітаптың шығу тарихы туралы) - Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. XIII. Ән «Мен әдепті баламын» (Хор)
Кері қайту
Ілмек сөздер: Кітап білім бұлағы тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-асыл қазына”.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру. Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, мақал-мәтелдер, тақтадағы суреттер , көріністер, кітап кейіпкерлері мен бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі. Сабақтың барысы: Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін.
Жұмбақ шешу. Көп әңгімем өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). Не білеміз?. Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Адам кітап басатын құралды ойлап тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады. (түрлі кітап көрсету)
Ал кітап ханшайымы өз туралы не айтады екен?
(Кітап кіреді.)
Тарихтан мәлімет
Кітап ханшаймы. Сәлемсіздер ме, достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздердің достарыңмын. Достарың туралы көп білесіңдер ме? Менің әжем қандай болғанын білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар. Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.
Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Мұғалім:-Оқушылар,ертеде болған кітаптың түрлерін тамашалайық.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд) “Папирус” кітабы.( слайд) Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. “ Пергамент” кітабы.( слайд) Кітап басу цехы.( слайд) Түптеу цехы.( слайд) Мұғалім: Кітап жасау оңай ма? Кітап жасауда қанша адам қатысады? Кітаптың өмірі ұзақ па? Ұзақ не қысқа болса ол неге байланысты? Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?
(«Сыныптағы ең таза , ұқыпты кітап» тексерісінің қорытындысы.)
(Әліппе жылап кіреді.)
Кітап ханшайымы: -Бар кітаптың төресі, сізге не болды?
Әліппе: О, кітап ханшайымы, мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере жаздады, Бір әдепті бала көмек беріп, құтқарды
Кітап ханшайымы: Қатты реніштісіз ғой. Әліппе: Қалай ренжімейін?! Бар білімнің көш басы Әліппе едім салмақты. Бүлдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, Құрметтеп мені қоштасқан. Балаларға не істегенімді білмеймін, парағымды паршалап, қорғаныш мұқабам қабырғасын күйретіп, мені апарып сүйретті... (жылайды) Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой. Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз. Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.
(Қатты әуен ойнайды)
Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?
Көрініс: «Кітаптар мұңы» Ана тілі: Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде - кем. Математика: Менің де оңып тұрған жерім жоқ, әріптесім. Мен «Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасына аттағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей - ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып - бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті. Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес, бар. Алайда олардың бір кемшілігі - Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Математика: Менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз - мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды. Ана тілі: Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан фабрикада баяғыдай қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, ол жерден қайта кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен.
(Екі кітап мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді) Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар. Кітап ханшайымы: Кітаппен дос болайық, Ата - баба үмітін біз ақтайық! Балаларым, оқы, ойна, Оқу - білім саған пайда. Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып, Сияменен бояп қойма.
Мұғалім: әр балаға жадынама үлестіру. Есіңе сақта! 1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
Мұғалім: Ал балалар, кітап туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме? Ортаға шақырамыз.
Әдеби монтаж.
1 - оқушы: Саған білім жемісін, Оқулығың береді. Талай адам сол үшін, Маңдай терін төгеді. 2 - оқушы: Орманшының аялы, Алақаны өсірген. Сонау ағаш саялы, Қағаз үшін кесілген. 3 - оқушы: Ағаш кесіп қаншама адам, Ормандарда жүреді. Аға қанша шаршаған, Ағаш тиеп үнемі. 4 - оқушы: Машинист боп жасынан, Дүбірлетіп даланы, Сол ағашты тасыған, Білер ме екен көп адам. 5 - оқушы: Заводтарда күн - түні, Қағаз жасап бағалы. Қанша адам кім үшін, Маңдай тері тамады. 6 - оқушы: Оқулықты баршаға, Талай ғалым қолға алып. Жылдар бойы қаншама, Жазады ұзақ толғанып. 7 - оқушы: Әдемілеп берсем деп, Бояу жағып не түрлі. Суретшілер көркемдеп, Қанша уақыт отырды. 8 - оқушы: Әріп теру үшін де, Талай адам терледі. Баспахана ішінде, Айлап тыным көрмеді. 9 - оқушы: Оқулықты мектебің Берер саған теп - тегін. Білмейсің - ау еш бірақ, Қаншама еңбек кеткенін. 10 - оқушы: Оқулығың құралың, Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір адым. Мұғалім: Ал құрметті қонақтар, ханшайым, оқулықтар біздің дайындаған ертегіміз бар соны тамашалайық.
Автор: Баяғыда бір адам баласымен жалғыз бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай ұлы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлмесі қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Қыз:
-Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын.
Әкесі:
-Оның дұрыс ұлым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың.
Автор: Ай өтеді, жылдар өтеді, ұл есейіп ер жетеді. Әкесі ұлына жабық бөлменің кілтін ұсынады.
Әкесі: -Міне, балам, ер жеттің. Енді мына бөлмедегі асыл қазына сенікі.
Ұлы: -Алақай, Алақай! (барып есікті ашып, сандықты алып келеді)
Автор: Ұлы қуанып, қуанышы қойныны сыймай жүгіріп барып есікті ашады. Бөлмеде тек үлкен сандық тұрғанын көреді. Ол сандықты ашса, оның ішінде тек ұршық, кітап, өрмек қана.
(Бала барлық заттарды алып шығады)
Ұл: -Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар дедің ғой. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа ештеңе таппадым.
Әкесі: - Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, балам!
Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімін артады. Әлемде бұлардан артық жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады. Соны ұмытпа , балам!
Ұлы: Жарайды, әке, ақылыңызды ұқтым. (екеуі бір минутқа үнсіз қалады)
Автор: Сол бала осы үш нәрсені бағалап, нағыз данышпан болады екен.
Мұғалім: -Біздің әртістерімізге қошемет.
-Балалар, сендер кітапты кіммен оқисыңдар?
-Егер кітапты байқаусыз жыртып алсаң, не інілерің жыртса не істеуге болады? Кітаптар үнемі әдемі, бүтін болу үшін қалай көмектесуге болады?
(балалардың жауаптары)
-Қане, кітап нені жақсы көреді, нені жақсы көрмейтінін анықтайық.
(Тақтаға кітаптарпдың суреттері ілінеді.)
Кітап жаңбыр мен қардан қорқады. Неге? (1 сурет) .
(балалардың жауабы)
Дұрыс, себебі судан ол бұһүлінеді. Мұқабасы ісіп, беттері мыжым-мыжым болады. Оны ұстағың келмейді. Сен кітапханаға баруың керек. Далада жаңбыр, не қар жауып тұр. Не істеуге болады?
Оқушылар. Кітапты су өткізбейтін пакетке не сөмкеге салу керек.
Мұғалім: Кітап кір қолдан қорқады. (2-3 сурет). Неге?
Оқушылар. Кір қолдан із қалады. Майдан қалған дақты кетіруге қиын.
Мұғалім. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға болмайды.
-Кітап нені ұнатады деп ойлайсыңдар? Дұрыс, оны күтіп, ұқыпты ұстағанды ұнатады.
7. - Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.) 8. Оқусыз білім жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)
9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)
10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).
Мұғалім. –Жарайсыңдар! Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер? (жауаптары.)
Ойын: «Суретті сөйлет». Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады. Мұғалім: -Кітапты көп оқисыңдар екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылпаштар оқыдыңдар ма?
-Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.) Қорытынды: Ой қозғау. Кітап неден, қалай жасалады? Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? Кітапты қалай ұстау керекпіз? Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? Қандай кітап оқығанды жақсы көресің? Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар! Кітап оқу үшін біздің мектептегі немесе МҮ кітапханағ барыңдар.
(Барлық оқулықтар ортаға шығады) Кітап ханшайымы: Кітабың сенің, құралың,
Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір қадам. Кітабыңды құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.