Ортақ тақырып: | «Менің мектебім» |
Сабақтың тақырыбы: | Хабарлы сөйлем |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннің негізгі ойын анықтауды біледі; Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады; | |
Бағалау критерийлері | Сөйлем дегеніміз не екенін біледі,ережесін айтады; -сөйлемнің құрылу тәртібін біледі; -хабарлы сөйлемді анықтайды; | |
Тілдік мақсат | Хабарлы сөйлем –приложение-narrative sentence | |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Тірек сөздердің айтылуын,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату. | ||
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. «Сөйлем» туралы не білеміз? 2. Сөйлем дегеніміз не? 3. Сөйлем неден құрылады? | ||
Алдыңғы оқу | Хабарлы сөйлем | |
Ишара | Жасыл-түсіндім; қызыл – сыныптасымның көмегімен түсіндім; Сары- көмек қажет, түсінбедім. | |
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері | ресурстар
|
Басы | «Шаттық шеңбер» «Жүректен жүрекке» шеңберге тұрып бір біріне жағымды сөздер айтады. Топқа бөліну: Балалар қолындағы қима қағаздар арқылы төрт топқа бөлінеді. «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Мәтін». | |
Ортасы | Топпен жұмыс. Бастапқы білімдерін тексеру мақсатында «Шатасқан сөздер ойынын» ойнатамын. - Сөйлем дегеніміз не ? - Сөйлем нені білдіреді? - Әр сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? Сұрақтар қою,ережесін еске түсіру. Дескриптор: 1.Сөздерді рет-ретімен орналастырады. 2.Сөйлем құрастырады,тыныс белгісін қояды. 3.Ережені біледі,мысал келтіреді. Бағалау түрі: «От шашу» әдісі 1-тапсырма: Сөйлемдер оқу. Ертең ауылға цирк келеді. Балалар бүгін күн суық. Жетелейтін сұрақтар қою. -Балалар қалай ойлайсыңдар осы сөйлемдер бізге қалай айтылып тұр? (хабарлап) -Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте) Ережені тақтаға ілу. Хабарлы сөйлем ережесін тақтадан оқу,мысалдар келтіру. Дескриптор: 1.Сөйлемдердің хабарланып тұрғанын айтады. 2.Хабарлы сөйлемнен кейін тыныс белгісі қойылатынын айтады,мысал келтіреді. Бағалау түрі: «Бас бармақ» әдісі Кітаппен жұмыс. 33-жаттығу. Жұппен жұмыс Мәтінді мәнерлеп оқу.Мәтіннен хабарламаны тауып көшіріп жазу. Дескриптор: 1.Мәтіннің ішінен хабарлап тұрған сөйлемдерді тауып көшіріп жазады. 2.Хабарланып тұрған сөйлем екенін айтады. Бағалау түрі: «Плюс, минус» әдісі.Әр жұп өз жұбын бағалайды. Сергіту сәті 34-жаттығу Хабарламаларды оқыту.Не туралы хабарлап тұрғанын айту Дескриптор: Хабарламаларды оқиды.Әр сөйлем нені хабарлап тұрғанын баяндайды. Бағалау түрі: «Бағдаршам» әдісі. 35-жаттығу «Жаз» Өздік жұмыс Дескриптор: 1. Мәтінді оқиды, неше сөйлемнен құралғанын анықтайды; 2. Мәтінде сөйлемнің қай түрі берілгенін айтады; 3. Әр сөйлемнен кейін тиісті тыныс белгісін қояды; 4. Әр топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды; Бағалау түрі: «Жұлдызшалар» 35-жаттығу ЖЖ «Диалог құра» Дескриптор: 1.Табиғат аясында тақырыбында әңгіме құрайды ; 2.Әңгімеде сөйлемнің қай түрі берілгенін айтады; 3.Жұпта диалог құрап, бір-бірімен сөйлеседі; Бағалау түрі: « От шашу» әдісі | іс-қимылмен көрсетеді |
Соңы | Үй тапсырмасы: 91-бет 37-жаттығу, ереже жаттау Кері байланыс: «Білім ағашы» Балалар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. | Білім ағашы парақ шасы стикер |
Қосымша мәліметтер |
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымша карточкалар беремін. | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша,житондар арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын. «От шашу» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, жұлдызшалар арқылы. | Пәнаралық байланыс – музыка, көркем еңбек, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |