Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі "Леп белгісі"»
Тақырыбы:"Лепті сөйлем" Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау. Білімділікке, тапқырлыққа баулу. Дамытушылық мақсаты: Оқу материалдары мен ережесін, заңдылықтарын есте сақтауға дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,
Сабақтың көрнекілігі: сызба, слайд, сөзжұмбақ Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Қазір бізде қай сабақ? Қазақ тілі
Психологиялық дайындық:
- Осы біздер қандаймыз ?
- Талабы биік таудаймыз
- Ақылдымыз , парасаттымыз , көңілдіміз
- Үлкенге ізеттіміз
- Кішіге қамқормыз
- Көп оқимыз
- Өнерліміз
- Жанып тұрған шырақпыз !
- Елімізді өркендететін ,
- Бабаларға тағзым ететін
- Біз қазақ елінің болашағымыз!
- Балалар, сендер кеше демалдыңдар?
- Не себепті?
- Кеше қандай мейрам болды?
- 1- желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған мереке.
- Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
Бүгін біз көптеген тапсырмалар орындай отырып, Елбасымыз туралы мәліметтер аламыз.
- -Н.Ә.Назарбаев кім?
1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы: Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 24 жыл өтті.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырма беру: (Тыныс белгілерінің таңбаларын тарату арқылы бөлемін)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді? - Үйге жаттығу берілді. - Қане, оқып шығайықшы. Өткенді қайталау:
- Мына тұжырымның дұрысын тап және дәлелде:
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді.
- Мына тұжырымның бұрысын тап:
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сөйлем аяқталмаған ойды білдіреді. Сөйлем әріптерден құралады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ шешу 1) Ешкінің төлі (лақ) 2) Төрт түлік (ешкі) 3) Ең ірі жануар (піл) 4) Үй құсы (тауық) 5) Түлкінің, тышқанның үйі (ін) 6) Біздің оқитын бөлме (сынып) 7) Бас киім (бөрік) 8) нан атасы (бидай) 9) Әнші құс (бұлбұл) 10) Кіші сөзінің қарсы мағынасы (үлкен) 11) Білім ордасы (мектеп) Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. - Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен сөйлемнің үшінші түрі - лепті сөйлеммен танысамыз. Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл – күйін білдіреді. Сөйлемнен кейін (!) белгісі қойылады. Мысалы: Алақай, ертең мен киноға барамын! Ура, бізге ертең демалыс! Көркем жазу : Ққ Ққ Қазақстан қазақ Оқулықпен жұмыс:
185-жаттығуды орындасақ, Елбасымыз туралы мәліметтер аламыз
(Өлеңді рөлге бөліп оқып, көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді табады. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударады. Ережені оқып, өздері дәлел келтіреді)
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты.
Келесі жаттығу 186-жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жазады. 1-топ сұраулы сөйлемге, 2-топ лепті сөйлемге айналдырады.
- Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағы бар. Сол жинақтағы нақыл сөздері:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.
Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!
- Келесі жаттығу 188-жаттығу. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдейді.
Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.