Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау - көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау. 2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру. 2.5.1.2 сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану. |
Психологиялық ахуал туғызыу | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ұйымдастыру кезеңі «Ыстық алақан» тренингін өткізу. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! | Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Психологиялық ахуал |
Үй тапсырмасын тексеру | Үй тапсырмасын тексеру. Кемшіліктерді анықтау, түзету, бағалау. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | Қб:Бас барма әдісі арқылы бірі бірін бағалайды. | |
Сабақтың басы | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Е.Ашықбаевтың «Мен өсемін» өлеңін оқып беремін, ой шақыру сұрақтарын қоямын: Мен өсемін, өсемін, Жасыма жас қосылып. Інімнің де төсегін, Жинап берем. Осыны ұқ! — Балалар, бұл өлеңде кім туралы айтылған? Сендердің ағаларың бар ма? Ағаларың қандай? Сипаттап беріңдерші. Жарайсыңдар балалар. Бүгінгіи біздің сабағымыздың тақырыбы Мен ағамды жақсы көремін. Балалара жаңа сөдерді тыңдап, жаттап алыңдар. Кіммен? С кем? Татумыз дружна. Оқылым. Балалар кітаптың бірінші бетіндегі суретке назар аударыңдар. Және мәтінді оқимыз. Жазылым. 1.Тапсырма. Көп нүктенің орнына «а», «ә» әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар. Жарайсыңдар балалар Сергіту сәті. Бейнебаяндағы биді билеу. 2.Тапсырма. Сұрақтардың жауабын жазыңдар. Келесі тапсырма көп нүктенің орнына «-мен» қосымшасын жалғап жазасыңдар. | Сұрақтарға жауап береді. Өздерінің ағаларын сипаттайды. Жаңа сөздермен танысады. Мәтінді кезекпенр оқиды. Тиісті әріпті қойып жазады. Билейді. Сұрақтарға жауап жазады. Қосымшаны жалғап жазады. | Қб:От шашу арқылы бір бірін бағалайды. Тапсырманы қалай орындағанына байланысты өз баллдарын қойып шығады. | Оқулық Жұмыс дәптері Бейнебаян Жұмыс дәптері |